Бейсенбі, 30 Наурыз 2017 10:18

«Айбын» алған айбынды полицейден үлгі

Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қасық қаны қалғанша жаумен күресіп, ұрпақты ұран етіп,  бір қарыс жері үшін жанын беруге дайын болған. Ел ішінде дәл сондай бабалар аманаты мен қасиетін бойға сіңірген, Отан үшін отқа түсуден тайынбайтын азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Өрікті ауылының тумасы Нұрсұлтан Қартбаев.

 

Былтыр жазда Қазақстанды дүр сілкіндірген Алматы қа-ласындағы оқиғаны ешкім де ұмыта қоймас. Полиция қыз-меткерлеріне оқ жаудырған сол қандықол қылмыскерге тосқауыл болып жалғыз өзі тұтқында-ған Нұрсұлтан Қартбаев еді. 8 адамды жер жастандырып үлгерген қылмыскерді Нұрсұлтан тұтқындамағанда басқа да адамдардың өміріне қауіп төніп тұрғаны анық-тын. Жерлесімізді осындай ерлігі үшін былтыр тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  өз қолымен 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады. Тәуелсіз күннің батыры деген атқа әбден лайықты Нұрсұлтан Айдынғалиұлы аудандық жас-тар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, өзі оқыған Өрікті ауылындағы Бейімбет Майлин атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесті.

Кездесуді жүргізген ау-дандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Айжан Әбіт оқушыларға Нұрсұлтан Айдынғалиұлының өмірбаянын таныстырып, жастарды ашық сұхбатқа шақырды. Келесі сөзді алған мектеп директоры Айгүл Омарқызы Нұрсұлтанның оқушы кездерінен естелік айтып, бастауыш мұғалімі Жұлдыз Барлыбайқызы мен сынып жетекшісі Өзихан Әлімбайқызы және басқа да мұғалімдеріміздің Нұрсұлтанның осындай азамат болып қалыптасуына қосқан үлесі зор екенін жеткізді.

Басты қонақтарына сұрақ қоюға келгенде оқушылар аянып қалмады. Неліктен полиция мамандығын таңдағандығын сұ-раған  Күндерке  Маратоваға: 

– Мені бұл мамандыққа әкел-ген Отанға деген сүйіспеншілік, шын қалауыммен отан үшін қызмет еткім келді – деді.  Мектептегі жастардың жетекшісі Нұрсұлтан Жахановтың «Елбасы-ның қолынан орден алып жатқаныңызда қандай сезімде болдыңыз?» – деген  сұрағына Нұрсұлтан Айдынғалиұлы қат-ты қобалжығандығын айтып, Елбасының қолын ұстап, ақ батасын алғанда патриоттық сезімнің не екенін жете түсінгендігін жеткізді. Басқа да сұрақтарға жауап берген Нұрсұлтан Айдынғалиұлы:

– Қазір терроризм дегеніміз бүкіл әлемге төніп тұрған қауіп. Өкінішке қарай біздің елдің кейбір азаматтары да теріс жолға түсіп, жазықсыз адамдарға оқ атқанын көрдіңіздер. Сол себепті жастарға айтарым намаз оқыңыздар, жұмаға барыңыздар бірақ жат діни ағымдардың жетегіне еруден сақ болып, мешіттердегі имамдардың сөзіне ғана сену керек – деп жастарға жат ағымның жетегінде кетпеуді ескертті.

Нұрсұлтан Айдынғалиұлын жастарға үлгі қылу мақсатында өткен шара оқушыларға ой салды, бойларына жігер сыйлады. Кездесу соңында мектеп директоры Айгүл Мукаева Нұрсұлтан Қартбаевқа оқушылардың қолы-мен әзірленген сыйлықтар   табыстады. 

  Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 3748 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет