Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:00

«ТУҒАН ЖЕР»: Сөзбен емес, іспен

«Туған жерін сүйе алмаған,

Сүйе алар ма туған елін». Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ауылым – әнім» атты әннің осы жолдарын ұтымды келтірген еді. Расында, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекеніне тәу етпеген жаннан жақсылық күту, әй қиын-ақ. Сондықтан Көшбасшымыздың осы идеясын әдеттегідей республикамызда аудан азаматтары алғаш боп қолдады. Сөзбен емес, іспен. Ащыбұлақтық «Амал БИО» Астана Фрутс компаниясының директоры Асқар Сабиров сол ауылдың орталық саябағын гүлдендіру жұмыстарын бастап кетті. Сонау тоқырау заманында тоз-тозы шыққан 1,2 гектар аумақ енді тұрғындардың басын біріктірер саялы баққа айналмақ. Кәсіпкердің алғашқы қадамын құптап Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ бастаған ел ағалары, ауыл тұрғындары сол алаңға жиналды Отан қорғаушылар күні қарсаңында.

 

Әдеттегідей Жақсылық Мұқашұлы өзінің құттықтау сөзімен шара шымылдығын түрді. Сонау сақтардың атамекені болған ауданымыз осымен екінші рет тарихи сәттің ошағына айналғанын ерекше атады әкім орынбасары. Оның бірі – облыс бойынша 2 миллионыншы тұрғын осы ауданда дүниеге келсе, екіншісі – облыс, тіпті республика деп атауға болады, Елбасының «Туған жер» идеясын нақты іске асыра бастаған бірінші аудан боп тұрғандығы. Осы төңірегінде ой қозғаған Жақсылық Омар:

– «Туған жерге жұмсалған қаражат, ертеңгі күнгі ұрпағыңа жұмсалған қаржы деп білу керек. Сондықтан осындай үлкен жұмысты қолға алып отырған кәсіпкер Асқар Сабировқа облыс басшысы Амандық Баталовтың және осындағы барша тұрғындар атынан алғыс білдіремін, – деді.

Сөз алған «Амал БИО» Астана фрутс компаниясының басшысы Динара Рүстембаева ауыл тұрғындарына тағы бір жағымды жаңалығын жария етті. Оның айтуынша, саябақты абаттандыру жұмыстары 2 айдың ішінде тәмамдалады. Ол турасында Динара Бостанқызы:

– Қайырымдылық қашаннан қанымызға сіңген ерекше қасиет. Ал одан ажырадық деген сөз, тамырымыздан ажыраумен тең. Сондықтан саябақты абаттандыруға қазірден бастап кірісіп жатырмыз. Бұны тек тазалап қана қоймаймыз. Ішіне балалар ойнайтын түрлі аттракциондарды да қою жоспарда. Қазіргі уақытта 20-30 млн теңгедей жұмсаймыз деген болжамымыз да  жоқ емес, – дейді.

Әрі келесі жылы ағылшын тілі, физика-математика және компьютерді тереңдетіп оқытатын орталық салуды да жоспарлап отыр екен кәсіпкер. Сондай-ақ, шағын футбол алаңын да тұрғызсақ деген ниетте.

Кейіннен атқамінер азаматтар сая-бақты тазалау жұмыстарын алғаш боп бастап, кәсіпкер жұмысына сәт-тілік тіледі. Ал ауыл жастары сауапты іске білек сыбана бірге кірісіп кетті. Бұдан Елбасымыздың: «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизм-нің нағыз өзегіне айналады» деген ойын нақты байқауға болады. Ал туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласатыны хақ.

«Адамның есімі тарихта мәңгі қалмайды, оның істеген сауапты ісі ғана мәңгілік» деген екен көнекөздеріміз. Лайым, ата қоныс мекеніне іңкәрлік-пен қараған Асқар Сабыровтай азаматта-рымыздың саны өсе берсін, көгертетін Туған жердің көсегесін!

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Оқылды 3579 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет