Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:28

Тыныштық пен тәртіп күзетінде

   Тәуелсіз Қазақстан қоғамының тәртібі – ішкі істер органдарының бақылауында. Күн, түн демей, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үнемі қырағы жүретін полиция қызметкерлерінің еңбегі елеулі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «...дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек...» – деп, тәртіп сақшыларына нақты тапсырма беріп, ел үшін адал еңбек етуге шақырған болатын. Ел сенімі, Елбасы сенімі ақталуда. Оған дәлел, елімізде жылдан-жылға ірілі-ұсақты қылмыстар санының азаюы.

   Аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері де қазіргі таңда аудан тұрғындарының қауіпсіздігі жолында талмай еңбек етуде. Полиция қызметкерлері-нің төл мерекесі қарсаңында біз де тәртіп сақшыларының қызметімен жақынырақ танысып, жұмыстарының маңызды да жауапты екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ішкі істер басқармасының өкілдерімен келісе отырып, аудан орталығының тыныштығын күзетуге біз де шықтық.

    Кешкі ауысым әдеттегідей жиналыспен (развод) бас-талды. Жиынды өткізіп, жол-патрульдік полиция мен учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырма берген жол-патрульдік полиция взводының командирі, полиция майоры Ғалымжан Исенбаев сол күні Есік аймағын күзететін 8 экипажға патрульдік аймақтарын бөліп берді.

– Бүгін Есік аймағы бойынша, яғни, Бәйтерек ауылынан Бәйдібек би ауылына дейінгі аралықты 8 экипаж бақылайды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда мал ұрлығы барлық жерде өршіп тұр. Осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатында 3 экипаж мал ұрлығын қадағалап, оны болдырмау жұмыстарымен айналысады – дейді полиция майоры Ғалымжан Исенбаев.

   Бірнеше минутттық жиынды өткізіп, тапсырма алған тәртіп сақшылары сиреналарын қосып, белгіленген аумақтарына жол тартты. Біз де Есік қаласын бақылауға шыққан «Бүркіт-511» экипажымен жолға шықтық. Экипаж құрамында полиция аға сержанты Нартай Нүсіпжанов және учаскелік полиция инспекторы, старшина Ардақ Омаров. 50 мыңға жуық тұрғыны бар аудан орталығын түні бойы екі экипаж кірпік қақпай күзетті.

   Түнгі 00:15 шамасында кезекші бөлім рация арқылы Есік қаласында жасөспірім қыздың із-түссіз жоғалып кеткендігін хабарлады. 2001 жылы туылған қыз соңғы рет Райымбек батыр атындағы орта мектептің маңында серуендеп жүрген. Сондай-ақ, киімінің түстері мен ерекше белгілерін атап берген кезекші бөлім, сол маңды шолып шығуға нұсқау берді. Жаманқараев көшесінің жоғарғы жағы, Мәлкеев, Абай көшелері мен Победа көшесіндегі өзеннің айналасын тексеруді бастап та кеттік. Алайда, арада жарты сағат өтпей, рациядан жоғалған қыздың табылғандығы жөнінде ақпарат түсті. Сонымен, түнгі күзетіміз ары қарай жалғасты.

   Уәлиханов көшесімен Алтын адам аллеясына қарай бет алғанымызда, Жамбыл атындағы жастар саябағының маңында бір шамы жанбайтын «Форд» маркалы микроавтобусты тоқтаттық. Жарығының істен шыққандығын байқама-ған жүргізушіге тәртіп сақшылары ескерту жасап, олқылықтың орнын тез арада толтыруды тапсырды.

   Осылайша, адам аяғы саябырлаған түн мезгілінде жылдамдықты арттырып, бағдаршамның қызыл түсіне қарамайтын есірген жүргізушілер мен қоғамдық тәртіпті бұзып, түн тыныштығын қашыратын бұзақылардан қала тұрғындарын қорғайтын тәртіп сақшыларының кезекшілігі сәтті өтті. Олай дейтініміз, күннен-күнге көркейіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан аудан орталығында түнгі уақытта ешқандай құқық бұзушылық пен қылмыстық оқиға тіркелмеді. Тек, жол ережесін бұзған кейбір көлік жүргізушілеріне ескерту беріліп, айыппұл салынды.

– Шыны керек, кезекшілігіміз осылай тыныш өтсе, қуанамыз. Себебі, біздің мақсатымыз бен міндетіміз де сол – қоғамның тыныштығы. Десе де, оқыс оқиғалар мүлде орын алмайды десек, артық айтқандық болар. Әсіресе, мереке күндері жұмысымыз қауырт. Ащы суға тойып, жаяу жүргіншілер мен өзге көлік иелерінің өміріне қауіп төндіретін жүргізушілер, ішіп алып отбасы мүшелерінің мазасын алатындар қаптап кетеді. Осындай сәттерде, қырағы болу – біздің міндетіміз – дейді тәртіп сақшылары.

   Расында да, біздің демалысымыз – полиция қызметкерлері үшін жұмыс. Қас қарайғаннан, таң атқанша түйгеніміз осы. Бағымызға қарай, біз жолға шыққан сол түні аудан аумағында оқыс оқиға тіркелмеді. Алдағы уақытта да солай болар деген ниетпен, біздің қауіпсіздігіміз жолында жанын қиюға даяр полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, үйге қайттық.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 2657 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет