Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:34

Тәлімгер жолы

     Запастағы подполковник  ҚР ішкі істер органының ардагері отыз жылға жуық милицияның ауыр қызметінің барлық сатысынан сүрінбей өтіп, өміріне  мол тәжірибе жинақтаған, Оразбай Ыбрайұлы Жалғаубеков Кеңес Одағы кезінде подполковник шеніне жеткен адам. Ол кезде сондай дәрежеге көтерілудің өзі  кім көрінгенге бұйыра бермейтін бақыт болатын. Бұл шенге Оразбай ақсақал  шыншыл, принципшіл, әділетті, адалдығының  арқасында жетті.

     Отызыншы жылдардың ортасында  әкесі Ыбрай Жалғаубеков  Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің  қосымша қосалқы шаруашылығының директоры болып жұмыс атқарды. Көптеген жетім-жесірге қамқорлық жасап, оларды ашаршылықтан құтқарып, адал еңбегімен асырапты. Бұл жасаған  жақсылығын  Есік қаласында тұратын көнекөз ақсақалдардан талай естігенбіз. Ыбрай ақсақал сол жылдарда  «Ерен еңбегі үшін» медальдың иегері атанды. Өз еркімен майданға бару үшін қаншама өтініш білдірді, сол қолының туғаннан мүгедектігі  кедергі болып, майданға жарамсыздық танытты. Анасы Дәнегүл де жеті баланы  аман-есен өсірген, елге сыйлы  ардақты ана болатын. Сөзге тиек етіп отырған Оразбай үйдегі жеті баланың  төртіншісі екен.

    Оразбай 1945 жылы  Есік қаласындағы Молотов атындағы (қазіргі А.Мәлкеев атындағы Қазақ-Түрік лицейі) интернаттың оныншы сыныбын үздік бітіріпті.  Жасынан білім алуға өте құштар еді.  Сол жылы Алматыдағы малдәрігері институтына қабылданып біраз уақыт оқиды.  Жасы армия қатарына толғандықтан,Түркімен Рес-публикасына жіберіледі.Сол жерде  борышын өтейді. Армия қатарынан оралған соң Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер бөліміне қарапайым милиция қызметкері болып орналасады.Үш жыл армиядан ысылып келген оны ішкі істер басқармасы  Украинаның Харьков қаласына оқуға жібереді.  Ол оқуды да үздік бітіріп, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне мемлекеттік автомобиль инспекциясының,  аға инспекторы болып қызмет атқарады. Бұдан кейінгі жылдар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінде қылмысты  іздеу инспекторы болып жүріп, көптеген ашылмаған қылмыстың ізіне түсіп, дер кезінде  шара қолданады.  Оразбайдың білім біліктілігінің арқасында аудандық ішкі істер бөлімі, облыс бойынша қылмысты ашудан бірден жоғары орынға көтеріледі. Өз  ісінің білгірі  жас Оразбайды, Шелек аудандық ішкі істер бөліміне, милиция  бастығының орынбасары етіп тағайындайды. Бұл ауданда облыс бойынша артта келе жатқан еді, төрт  жыл ішінде ұжымды біріктіре жұмыс істете бастаудың нәтижесінде, аудандағы қылмыс пен күрес  қалыпқа түсті.

     Сол жылдары Қапшағай қаласының іргесі қаланып жан-жақтан әр пиғылдағы адамдар  ағылып келіп, қылмыс күннен-күнге өршіді. Көптеген қылмыстың ұясына айналған қалаға жаңашыл, ұстамды милиция бастығы керек болды. Облыстық  ішкі істер басқармасының басшылары бір ауыздан Оразбайды қайнаған оттың ішіне жіберді. Ол кезде Қапшағай қала атанып, зауыт-фабрикалар салынып іске қосыла бастаған кез. Осындай қиындықтарға  мойымай, күндіз-түн демей жүріп Оразбай Ыбрайұлы Жалғаубеков үш жылың ішінде, көрсеткіші ең төмен деген Қапшағайды облыс бойынша  бірінші орынға көтерді. Қапшағай қаласында жеті жыл қызмет етіп, жеті жыл бойы облыс бойынша алдыңғы қатарды бермеді. Қапшағай қаласындағы ішкі істер бөлімінің осындай үлкен жетістігінің арқасында, бұл жерге жас мамандар келді. Сол кездегі жаңа келген қадрларға, милиция қызметінің небір құпия қыр-сырларын үйретіп, өз ісіне берілген, органға лайықты қызметкерлер дайындады.  Оразбай аға  үйретуші тәлім-гер атанды.   

    Солардың ішінен жаңа келген жас лейтенанттар Мұрат Өскенбаев, Берікжан Байжүнісов, Жайлаубек Кенбаев, Қал-мұханбет Қасымовтар болатын. Бұл төртеуінің алдыңғы үшеуі қазір генерал-майорлар болса, Қ.Н.Қасымов Қазақстан Ішкі істер министрі генерал-полковник дәрежесіне көтерілді. «Мен осындай генералдарға тәлімгер болдым» деп Оразбай аға ешқашан мақтанған емес. 1985 жылы Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасына басшылық қызметке оралды. Бұл ауданды да екі жылдың ішінде облыс бойынша бірінші орынға жеткізді. Осы ұжымның бүгінде сыйлы ардагері. Жасы сексенге келсе де ішкі істер басқармасының ақылшысы бола жүріп, ауданда  өтетін іс-шаралардың бәріне қоғамдық негізде өз үлесін қосып келеді.  Қазақстан ішкі істер қызметінің құрметті ардагері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы ретінде жастарды өзінің өнегелі  ісімен, парасатты сөзімен  отаншылдыққа баулып тәрбиелеуде. «Сексенге келдім зейнеткермін»  деп қарап отырмай, егеменді елімізге өз үлесін қосып келе жатқан ардақты аға.       

                                          

Шаяхмет Құсайынұлы,

ақын, жазушы,  журналист, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер  басқармасының ардагері.

Оқылды 2496 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тәлімгер жолы Тәлімгер жолы »

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет