Жексенбі, 03 Қыркүйек 2017 20:49

Энергияның сарқылмас көзі

Жақсыны көрмекке,

Керекті термекке,

Өнерді, ғылымды

Үлгі етіп бермекке.

Кеңес заманында Мәс-кеуде ВДНХ деген болды. Всесоюзная выставка достижений народного хозяйства. Алматыда да Халықшаруашылығы же-тістіктерінің көрмесі болды. Әуезов, Тимирязев көшелерінің қиылысында. Менің ойымша ол көрмелерде қол жеткен жетістіктер дәріптелді, озат тәжірибе насихатталды. Ал ЭКСПО көрмесінің тарихын, мақсатын жазбай-ақ қояйын – жеткілікті көлемде ақпарат құралдары бұл тақырыптың мазмұнын ашудай-ақ ашты.

Сонымен «ЭКСПО-2017» көрмесіне жол түсіп, тамыздың тамылжыған әдемі бір күні жүрдек «Тальгодан» түсе салып, ағайыннан бір шайды іше салып, сол туыстарды ертіп алып, ЭКСПО-ның қақпасына да аттың басын тіредік. Менің Қайролла құдам айтушы еді «Тәшкеннің вокзалында өзбек ака көк шайды рахаттана ішіп отырса керек. Сол кезде оның отырмақ болған пойызы ақырын жылжып жөнеле бергенін көрген көршісі «Ака пойызың кетіп барады» десе: «шыптам (билет) қалтамда – пойыз қайда барар дейсің» – деген екен. Сол айтқандай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қалтаға қос билетті басып келген бізге көрме аумағына кіру қиындық туғызған жоқ. Ал Астанада тұратын жолдас-жоралар, ағайындар кассаға кезекке тұрып сол шыпта билетті алғанша біраз уақытты жоғалтып алдық. Қазақстанның жартысы, ғаламдық туристердің ширегі ЭКСПО-ның маңайында ма дерсің? «Мен қызыма келдім, мына нөпір халық Алматыда не іздеп жүр? – депті бір қартаңдау әйел үлкен қаланы бірінші рет көргенде. ЭКСПО-ға адам келмей қалады, – деп жан-жақтан жарнама төгіліп еді-ау редакциямызға, ақпарат құралдарына. Енді көріп тұрғанымыз басқаша көрініс.

Арнайы келген көрменің бір күндік билетімен экспозицияларды аралауды ЭКСПО-ның – «қожайыны» – Қазақстан Республикасының «Нұр-Әлем» павильонынан бастадық. Бірден айтып кетейін, көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбын терең де жан-жақты ашқан осы біздің павильон екенін елдің бәрінен естідік. Ағылшыншам аздау болғасын орыс тілін білетін еуропалықтардан, түбіміз бірге түркі тілдес азиялық ағайындардың пікіріне сай: күннің-судың, желдің, ең аяғы биологиялық энергияның қолдану жолдарын көрнекі құралдармен көрсетіп қана қоймай, ғылыми-экономикалық негіздемелерін де қысқа да нұсқа тілмен көрсетіп қойғаны да, аудио, видео дегендей құлаққа құйып, көзге, көңілге қондырып беріп жатты көрме қызметкерлері. Ал біздің мемлекеттің павильоны «Нұр-Әлемнің» ішінде де сыртында да, жалпы ЭКСПО-ның аумағында көрмеге келген келушілердің үлкен-кішісіне аяқ-қолы бүтін тұрғындар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ішкі-сыртқы туристерге жасалған жағдайларды сөзбен жеткізу қиын. Бәрі де сақадай-сай, «ләббәй, тақсыр»,«қош келдіңіз» дегендей.

Сонымен өзі қысқа күннің жартысы «Нұр-Әлемге» кеткенмен жеті-сегіз мемлекеттің павильондарын аралап салыстыруға мүмкіндік болды. ЭКСПО-ның халықаралық басқарушы органы өз қорытындысын шығара жатар, өз бағасын да берер. Ал қарапайым көруші ретінде айтарым: мемлекетіміз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын таңдағанда болашақ ұрпақтардың мүддесін ойлап қана қоймай, нақты ұсыныстар, нақты шаралар жобасын жасауға қозғау салғаны айдан анық. Оған дәлел: ЭКСПО-2017 аясында Астанада өткізіліп жатқан «Болашақ энергиясы» форумы. Тиімді инновациялық жобалар да, ғылыми тұрғыда негізделген іскерлік бас-тамалар да бұл күндері өте белсенді түрде ұсынылып жатқаны байқалды.

Иә, көмірдің де, газ бен мұнайдың да қоры түптің түбінде таусылады. Ал жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалану – қоршаған ортаға, экологияға мейлінше аз зиян келтіру жолы және сол энергияның таусылмас көзі екенін өмір дәлелдеп отыр. ЭКСПО-ның тақырыбы да, әлемді елең еткізген көрменің көріністері де осы турасында.

Сөз соңында айтпағым жаңғыртпалы энергия көзі – күн сәулесінен су қыздыратын қондырғының көмегімен отбасы болып пайдаланып отырғанымызға төртінші жыл болды. Содан бері бұл қондырғыны қоюға жұмсалған қаржы бірнеше рет ақталды.

Ал ЭКСПО-2017 тақырыбын алып әлемге актуалды мәселені бүгі-шігесіне дейін көрсете білген бас қаламыз Астананың еңбегі зор. Астана ұғымының астында еліміздің басшылары, ғалымдар мен іскер азаматтар, осы көрмені ұйымдастыруы жолында тер төгіп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбек еткен азаматтар. Бұған енді баға берер биіктегі билік пен өз еліміздің, өзге мемлекеттердің халықтары.

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Қазақстанның құрметті журналисі.

 

 

 

 

Суреттерді түсірген

Руслан

АЛЬЖАНОВ.

 

Оқылды 2218 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Энергияның сарқылмас көзі Энергияның сарқылмас көзі »

Соңғы жаңалықтар

Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қар 28, 2024

Алматы облыстық мәслихатының № 15…

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы 5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым…
Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет