Жексенбі, 15 Қазан 2017 20:07

Әскери бөлім құрамасы топ жарды

Жастар бойына пат-риоттық сезімді қалып-тастыру, ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмыла кірісетін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойындары өтті жақында. Қаракемер 6654 әскери бөлімінің алаңында Мемлекеттік Тудың жалауы желбіреген салтанатты шараға қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі, округ әкімдігі және 6654 әскери бөлім. Ұйытқы болған – «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы.

Сонымен аудан бойынша 8 команда 6 сынақта өздерін сынады. Атап өтсек: Жаңашар, Ават, Рахат, Бәйтерек, Қаракемер, Қаратұрық және 6654 әскери бөлім құрамалары. Алғашында сөз алған қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов шара маңыздылығына тоқталды: – Кезінде біздер әскерге бару үшін құжат жинап, жанымызды шүберекке түйіп жүретін едік, қазіргі жас буын арасында әскерге бармаудың түрлі сылтауларын көріп, біліп жүрміз. Ал дүниеге ер азамат келгенде Отанымызды қорғайды деп қуанатын еліміз үшін бұл ауыр жара. Түсінген жанға Отанға деген шексіз сүйіспеншілік әскерде қалыптасады. Ал міне, бүгін нағыз елінің шын патриоттары бас қосты. Мейлі жеңіл, мейлі жең, мәселе онда емес, Сіздердің осындай шараға белсенді атсалысқандарыңыздың өзі жеңіс. Еліміздің әр азаматтары Сіздерден үлгі алсын! – деді.

Сөз алған 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник Б.Оспанбеков те жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен жарыс қатысушы-лары автоматты уақытқа жинау, белтемірге тартылу, гір тасын (24 кг) көтеру, әскери эстафета, арқан тарту, және швед эстафетасынан сынға түсті. Жастық жігер мен намысты қолдан бермеу жолында жанын салған жастарымыз әр сайыс сайын шыңдала түсті. Тіпті, жүлдені кім алады екен деген сұрақ жанкүйерлердің көкейінде сайрады. Соның ішінде бізді де бұл сұрақ мазалағаны шындық. Үш сағатқа созылған қызу бәсеке нәтижесінде Бәйтерек командасы үшінші орынға тұрақтады. Екінші – Қаракемер, жүлделі бірінші орынды 6654 әскери бөлім жеңіп алды.

Кейіннен әскери бөлім жасақтары арнайы әзірлеген дайындықтарын көрсетті. Қорытындысында қойылған талаптардың туралығын әрі әділ өтуіне ұйытқы болған әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, подполковник Берік Мунтиновқа қатысушылар алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2222 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет