Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:49

Ғасыр жасаған кейуана

Ғасыр

жасаған кейуана

«Өсетін елдің қарты қазына болар» деген екен кешегіміз. Расында, кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы ақ жаулықты әжелеріміз бен асқаралы аталарымыз баршылық. Ел басына күн туғанда әкелеріміз ат үстінен түспеген, аналарымыз тылда тірлік істеген. Бәр-бәрі ұлт болашағы, ұрпақ қамы. Осындай аналарымыздың бірі – Рахымбүбі Жақаева. Ғасыр куәгері атанып отырған абыз анамыз бүгінде 100 жаста.

Зұлмат жылдары ол небәрі 23 жаста-тын. Әкесі соғысқа аттанып, әулетінің тұңғышы анасымен бірге тылда тер төкті. Білекті сыбанып, бейнетке белшесінен батты. Соғыс тұсындағы ауырт-палықтың уын да татты:

Бала кезіміз бейнетпен өтті ғой. Анам ауырып қалғаннан кейін мені тылға еңбек етуге алып кетті. Таңның атысынан, күннің батысына дейін қолдан кетпен түспеді. Шөп шаптық. Күніне 90 жұмыртқа, 150 литр сүт, 40 кг етті майдан-ға жіберіп отырдық. Өзімізге қалатын бір уыс бидаймен күн көрдік, – деп өткенін ой елегінен бір өткізіп тастады Рахымбүбі әжеміз.

Иә, сол Ұлы Отан соғысы қасіретінің жалыны шарпымаған, ошағы ортасына түспеген отбасылар некен-саяқ. Аңыраған ананың жанарына мұң тұнды, шыңғырған бала даусынан таулы өлкенің таңы жыртылды. Тас жастанып, тау жамылған жетім ұл мен жесір ананың қара басына қайғы орнады. Әкесі соғыста қаза болып, анасы ауыр хәлде төсек тартып жатса, соңынан ерген 3 бауырын асырап бағу сол кездегі қаршадай қыздың мойнындағы іс болды. Алмастай жігері мен қиындықта сыналған қажыр-қайраты оны осындай ауырт-палықтан алып шықты. Тұрмыс құрды. Ана атанды.

Жолдасым Досбол Жақаев осы Таутүргеннің азаматы-тын. Бір үйдің жалғызы еді. Соғыс кезінде колхозда басшылық қызметтер атқарды. Жасымнан еңбекпен шыңдалғандықтан тұрмыс құрсам да қара жұмысқа келгенде білек сыбанып кірісіп кететінмін(күлді). Үш қыз, бір ұлды тәрбиеледік, өсірдік, өндір-дік. Бүгінде қыздарым тұрмыс-та. Ұлым қолымды ыстық суға малып отыр. Бейнеттің зейнеті болады деген рас екен. Сол алапат замандарда бұлай шалқып өмір сүру түсімізге де кірмейтін. Тойып тамақтансақ қой шіркін, деген үмітпен өмір сүретінбіз, – дейді. Ғасыр жасаған анамыздан немере-шөберелері жайын-да да сұрадық. Қанша немере, шөбересі бар екенін жатқа айтып отырғанына таң қалғанымызды жасырмайын: – Қазірде 12 немерем, 22 шөберем бар. Неме-ремнің алды 49 жасқа келді.

«Ақ шашты ана: «жастығым – балам» дейді, ақылды бала: «Ай-күнім – анам» дейді». Алақанына салып, ақ жаулығын ақ көрпесі ретінде көрген әжеміздің баласы Мұқатай да, келіні Елмира да абыз ана алдын кесіп көрген емес. «Ғасыр көріп отырғаным – осы ұл-қыздарымның арқасы. «Ана көркі алдындағы баласы, қала көркі үйі, орман-ағашы» демей ме бұрынғылар. Көркім де, қуанышым, байлығым да – үш қызым, бір ұлым, немере-шөберелерім, – дейді ғасыр куәгері.

«Ана алақанының аясы – ақ шынардың саясы». Қыз – ұлттың болашағы, ар-ұяты екенін ескерсек, намысты ұл мен, бұрымды қыздарымызға жарық сыйлайтын осындай текті аналарымыздың жалғасы көбейсін. Осы тілегін Рахымбүбі әжеміз де мереке қарсаңында жеткізді:

Ұрпақ – көздің нұры, кө-ңілдің гүлі. Бұл исі қазақта қалыптасып қалған қағидат. Себебі, біз осы бала-шаға ұрпағымыз үшін ғұмыр кешеміз. Ал сол ұрпағымыз намысты болсын, қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын. лайым, басымыздан бақ таймасын! Егемен елдің ертеңі жарқын болсын! Әмин!

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Суретте: ұлы Мұқатай, келіні Елмирамен бірге.

 

Оқылды 2508 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ғасыр жасаған кейуана Ғасыр жасаған кейуана »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет