Ашылу салтанатында мектеп директоры Айгүл Мукаева балалар мен мектеп ұжымын көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекемен құттықтады. Шара барысында бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтарда тәрбие тағылымы толық қамтылды. Жүректерге жылу сыйлап, ізгілікке шақыратын бұл күнде биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары «Елбасына мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
А.ОСПАНОВА,
бастауыш бірлестік жетекшісі.