Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейн медицина саласына сіңірген ерен еңбегі үшін марапат алуға xалықаралық бір конференцияға бару үшін, ұшаққа отырады. Бірақ ауа-райы күрт өзгеріп,найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын маңдағы әуежайға қонуға мәжбүр болады.Бұдан кейінгі ұшақ 16сағаттан кейін ұшатын еді. Дәрігер ызалы түрде:
Мен міндетті түрде үлгеруім керек,16 сағ күте алмаймын, - дейді. Әуежай қызметкерлері:
- Баратын жеріңіз 6 сағаттық жер,қаласаңыз көлікпен бара аласыз,-дейді. Хусейн асығыс жолға шығады,бірақ қатты жаңбыр жолды көрсетпей,ақыр соңында селдің салдарынан жүре алмайтындай жағдайға жетеді.
Әбден тоңып,қалжыраған дәрігер жолдың шетінде тұрған бір ескі үйдің есігін қағады.Үйде бір қарт әйел бар екен.Дәрігер оған асығыс түрде телефоныңызды бере тұрыңызшы шұғыл түрде xабарласуым керек дейді. Балам-ау, көрмей тұрмысың бұл жерде телефон түгілі,электр қуаты да жоқ. Кел, одан да шай ішіп жылынып ал дейді.Дәрігер шарасыз түрде әйелдің айтқандарына келісіп шай ішіп жылынады.
Әйел орнынан тұрып Құдайға құлшылық етуге отырады.Ұзақ уақыт дұға етіп,жалбарынады.
Хусейн назар салып қараса,әйел бір қолымен бесік тербетіп,жалбарынып отырғанын байқайды.Бесікте қимылсыз жатқан өте әлсіз нәрестені көреді.
-Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? -Бұл кімнің баласы,апатай,- дейді.Қарт әйел:
- Бұл ата-анасынан жетім қалған немерем.Ауыр дерті бар.Жақын маңайдағы дәрігерлер ешқайсысы емін таба алмады.Ишан Хусейн деген мықты дәрігер бар екен,емін сол біледі дейді.Бірақ ол өте алыста,оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек.Қаражатым да жоқ,оның үстіне бұл бала жол көтере алмайды.Шарасыздан немеремнің дертін жеңілдетіп,шипасын бере гөр деп дұға қылудамын,- дейді қарт әйел.
Сол сәтте дәрігер Хусейн көз жасына ерік берген еді,екі бетін жас жуған күйі"Орныңнан тұр,апатайым! Құдайым сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып,ұшақты жерге қондырды.Аспаннан жаңбыр жауғызып,айналаның бәрін селге айналдырып,мені сізге алып келді дейді. Алла құлдарына қалағанын осылайша береді.
Әңгіме ұнады ма? Осындай ғибратты, ойсаларлық xикаяларды жиі салып тұрғанымызды қаласаңыз, төменге пікірге қалдырыңыз. Сіздің ойыңыз өте маңызды, құрметті оқырман!