Бүлдіршіннің тәрбиесінде балабақшаның алар орны ерекше. Осындай өнегелі тәлім ордасы – Есік қаласында орналасқан «Шапағат» бөбекжай балабақшасының 10 жылдық мерейтойы өтті жақында. 2009 жылы сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған балабақша 100-ден аса балдырғанды қанаттандыруда. Жас ерекшелігіне байланысты ойын алаңдарымен қамтылып, 3 мезгіл тамақтандырылып, түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, балапандардың жан-жақты болып өсуіне барлық жағдай жасалған.
Салтанатты шараға Республикалық «Құрмет» қоғамдық бірлестігінің облысаралық арнайы уәкілі Нұржан Сейдуалы, Есік қаласы әкімінің орынбасары Досжан Сейдахметов, аудан балабақшаларының меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты. Өнерлі өрендер мерекеге орай әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Шара соңында қызметкерлер арнайы төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Айкен МАСИМГАЗИЕВА,
балабақша әдіскері