Жұма, 06 Наурыз 2020 09:40

Ауызсу мәселесі оң шешімін таппақ

Су – тіршіліктің қайнар көзі, онсыз өмір жоқ. Аллаға шүкір, ауданымызда ешқандай елді мекен тіршілік нәрінсіз отырған жоқ. Су жүйесі ескірген ауылдарда қайта жаңғыртылып, жаңа су құбырлары тартылуда. Алайда, соңғы кездері аудан орталығы мен жақын маңдағы ауылдарда ауыз су сапасы сын көтермей, тұрғындар наразылығын тудыруда.

Жаз мезгілінде су қысымы төмендеп кететіндігін айтып шағымданатын тұрғындар, осы жолы басқа шағыммен су жүйесіне жауапты «Есік Су» мекемесінің табалдырығын тоздыруда. Барлығының айтар арызы біреу – су сапасының төмендігі.

Әлеуметтік желілерде тіршілік нәрінен құм, балдырлар мен түрлі заттар шығып жатқандығы туралы қаптаған суреттер мен видеолар тарап жатыр. Тіпті, кейбір жерлерде ішіп отырған судың ішінде құрттар жүр. Бірнеше сатылық тазалаудан өтетін ауыз су мұндай күйге қалай түскендігі жайлы тұтынушылар білмей дал. Бұл турасында «Есік Су» мекемесінің директоры Марат Бердалиев тілшілерге берген сұхбатында былай түсіндірген еді:

– 2012 жылы салынған жаңа құбырлар бүгінде қолданыста. Осы құбыр арқылы тұтынушыларға жеткізілетін су бірнеше этаптан тұратын фильтр мен тазалаудан өтеді. Есік қаласы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарын қоса алғанда 50 мың адамға қызмет көрсетеді біздің мекеме. Соңғы кездері судың сапасыздығына қатысты шағымдар түсіп, арнайы комиссия құрылды. Аудан әкімдігі, прокуратура, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы өкілдерінен тұратын жұмыс тобы судың сынамасын алып, зертханаға жіберді. Зерттеу нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылданатын болады – дейді Марат Берделиев. Бүгінде бұл мәселе облыс басшылығы мен аудан әкімінің тікелей назарында.

Бүгінде Есік қаласы бойынша ауызсу жүйесінің ұзындығы 131 шақырымды құрайды. Оның 40 шақырымын магистральді құбыр. Аталған құбырлардың басым көпшілігіне 30 жыл болған, бүгінде 91 шақырымы толықтай күрделі жөндеуді қажет етеді. 2018 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан Есік топтық су құбырының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Жоба құны 4 млрд 476 млн теңгені құрады. Есік топтық су құбырына аудан орталығымен қатар, жақын орналасқан Бөлек, Әймен, Қызылжар, Қарасай, Қайназар, Көктөбе, Рахат және Өрікті ауылдары кіріп, су жүйесі толықтай жаңартылатын болады. Осылайша, 105 мыңнан астам тұрғын сапасы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Бинәлі Ысқақ өзінің есептік кездесулерінде жұртшылыққа жеткізген болатын. Ауқымды жоба осы жылдың мамыр айында басталмақ.

Бұдан бөлек, бірнеше елді мекенде ауыз су мәселесі оң шешімін табуда. 2018 жылы Екпінді, Казатком, Көлді, Нұрлы, Ащысай және Ават  ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда 4 ауылда жұмыстар аяқталды. Ащысай, Ават, Казатком ауылдарындағы нысандардың құрылысы осы жылы аяқталады. Атқарылған жұмыстардың арқасында елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 89,9 пайызға жеткен.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 2084 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет