Бейсенбі, 08 Қазан 2015 14:41

Ұрпаққа үлгі ғұмыр

Жақсымен өткен әр күнің

Жасыңа қосқан жыл болар.

Еліңе қосқан үлесің

Ұрпаққа кейін жыр болар, – деген ұлағатты сөздер айшықталып ілінген екен Мәдениет үйінің спорт залында.

Қ.Орынбетов атындағы мектепте өткен жиынында аудан басшысы Бинәлі Ысқақ осы тұрғыда ауданымызды абыроймен басқарып, айшықты із қалдырған Құдайберген Әбиірұлын еске ала тұрып, оқу  орнының фойесіне қойылған Қ.Орынбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімін жасады.

 

Тірі болса жетпіске толар еді деген бұл күні Қ.Орынбетовтың Алмагүл Әбиірқызы бастаған туған-туыстары, ұрпақтары  Құдайберген Әбиірұлының аруағына құран бағыштап, ас берді.

Жарыстың ашылуына аудан әкімі Б.Ысқақ қатысып, Қаракемердегі орта мектепке, Есік қаласындағы  Қазақстан және Қаракемер ауылдарындағы көшелерге аты берілген Құдайберген Орынбетовтың қысқа ғұмырында өткен өнегелі жолы жайында жүрекжарды сөздерін айтып, жас жеткіншектерді еңбекте, өнерде, спортта Қ.Орынбетов сынды аға ұрпақтан үлгі алуға шақырды. Туған бауыры Құдайберген Орынбетов туралы кезінде өзі де аудан басшылығында болған Алмагүл Орынбетова да толғана баяндады.

Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде ауданның әкімі болған Құдайберген Орынбетовтың туғанына 70 жыл толуына байланысты  волейболдан облыстық турнир өтті. Оған 12 құрама қатысты.

Атап айтсақ, аудан құрамасымен қатар Жамбыл, Райымбек, Панфилов, Ұйғыр, Талғар аудандары, Ащысай, Қаракемер, Бөлек ауылдары  және Есік қаласынан жасақталған құрамалар жарыс көрігін қыздырды. Жарыс қатысушыларының бір тобы мәдениет үйінің спорт залында ойнаса, екінші топ Қ.Орынбетов атындағы орта мектептің жаттығу залында бәсекеге түсті. Атап өткен жөн, Қаракемер ауылдық округінің өзінен үш бірдей құрама жарысқа түсті. Олар Қаракемер құрамасы, «Керемет» құрамасы мен Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп құрамасы.

Жарыс жанкүйерлері қатарында  аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов және Құдайберген Орынбетовтың әпкесі Алмагүл Орынбетова отырды.

Таңмен таласа басталған жарыс түннің қою қараңғылығы түсе аяқталды.

Бірінші орынды ешбір құрамаға дес бермеген Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп құрамасы алды (суретте). Олар арнайы кубокпен қоса 100 мың теңге ақшалай сыйлық еншіледі. Екінші орын «Керемет» құрамасына берілді. Олар арнайы алғыс хаттармен бірге 70 мың теңге ақшалай сыйлық алды. Ал, үздік үштікті аудан құрамасы еншілесе, олар 30 мың теңге және алғыс хаттар және медальдармен марапатталды. Сыйлықтар мен марапаттарды үздіктер аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов пен Алмагүл Орынбетованың қолынан алды.                                                       

  Ә.МАНАСБЕК. 

Оқылды 10456 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұрпаққа үлгі ғұмыр Тәжік баласындай болмағанымыз ба? »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет