Сейсенбі, 21 Қараша 2017 21:10

Көгілдір отын ауламда!

Армандар орындалады! 14 қарашада аудан орталығында алғаш көгілдір отын жанғанда есіктіктер дәл осылай қуанды. Себебі, Тәуелсіздік алған жылдардан бері бізде газ болса деген арман тұрғындар көкейінде тұрса, бұл осыдан 2 жыл алды аудан атқамінерлерінің нақты мақсатына айналған еді. Былтырғы жаңа жыл қарсаңындағы аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың газетімізге берген сұхбатында «...Аудан аумағының 152 шақырымын қамтитын «Қазақстан-Қытай» газ құбырының 3 желісінің де құрылысы аяқталуға жақын. Оған тартылған инвестиция көлемі 2013 жылы 26 млрд теңгені құраса, жалпы көлемі 58 млрд теңге. Биылдан ірі 34 елді-мекенге газ құбырларын тарту жұмысы жоспарлануда» деген еді. Міне, бір жыл ішінде жемісін көзімізбен көрдік. Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, аудан басшысы Бинәлі Ысқақ бастаған топ Есіктің солтүстік-шығыс өңірінде орналасқан газ тарату стансасын салтанатты жағдайда ашты.

2016 жылы құрылысы басталған станса биылғы наурыз айында аяқталған еді. Бұған «АПЛ Констракшн» ЖШС өз қаражатынан 4,2 млрд теңге жұмсады. Мәлімет бойынша, қуаттылығы сағатына 50 мың текше метр болатын «Есік» автоматтандырылған газ тарату стансасы 10 мыңнан астам тұрғын үй мен 300-ден астам түрлі кәсіпорындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қауқарлы. Болашақта Есік қаласы мен ауылдық округтердің 51 елді-мекені осы құбырдан газ алатын болады.

Алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов: «Бүгін біз тарихи сәтке куә боп отырмыз. Еңбекшіқазақ ауданына алғаш газ жағу құрметі Сіз бен бізге бұйырып тұр» дей келе игі шара Елбасымыздың Жолдауында айтылған «Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің маңызын сақтауға тиіс» деген тапсырмасы аясында атқарылып жатқанын айрықша атады

Әрі облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей бақылауындағы негізгі тапсырма деді. Ал Жетісу өндірістік филиалы «КазТрансГаз» «Аймақ» директоры Жайық Әлішев қала тұрғындарын қуанышпен құттықтады, табиғи газдың басымдықтарын баса айтты. «АПЛ Констракшн» компаниясының директоры Марсель Кажи: «Соңғы он ай ішінде Еңбекшіқазақ ауданы аумағында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 39 шақырым жерден газ тартылып, осы жыл соңына дейін Есіктегі 1000-ға жуық үйге газ кіргізу жоспарда бар, – деді. Иә, компания басшысы атап өткендей, «Күш – Түрген – Есік» магистралінен тартылған газ құбырлары арқылы үйімізге қыста газ келеді деп қуанышын жеткізді қала тұрғыны Савелий Карасавиди. Сондай-ақ, әр үйге құбыр тартуда баға тұрақтылығын қатаң бақылауда ұстап тұрса екен деген тұрғындар тілегін жеткізді басшыларға. Қазіргі қолда бар ресми мәліметке сүйенсек, әр жеке түтінге газ кіргізу 350 мың теңгені құраса, көппәтерлі үй иелеріне 94 мың 700 теңгеге саяды.  Ал ай сайынғы ақшасы әр текше метріне 33,95 теңгеден айналады.

Сонымен салтанатты рәсімге де кезек келді. Басшылар мен ақсақалдар бірігіп көгілдір отынның алауын жақты. Кейіннен Пушкин көшесі 29 үйдің табиғи газбен жылуын барлады көпшілік.

Қазіргі уақытта аудан орталығынан бөлек Шелек өңірін газдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Әрі Азат, Қайназар ауылдарына да газ құбырлары тартылып келеді. Болжам бойынша жақын арада аудандағы 2000-ға жуық үйде көгілдір отын жанады деп күтілуде. Бұл тұрғыда аудан басшысының «Бұйыртса 3-4 жылда іргелі өңіріміздің тұрғындары толықтай көгілдір отын қызығын көретін болады» деген сөзін тұздық еткенді жөн көрдік. Лайым, бастаған істің берекесін берсін деп тілейік.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2696 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет