Бейсенбі, 05 Қараша 2015 11:29

Ұлы Дала төсіндегі Мәңгілік Ел

Қылқаламның көмегімен қиялындағы Қазақстанның келешегін ақ қағазға түсіру екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келмес. Тіпті, шектеулі бір сағат қана уақыт ішінде. Алайда, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқау кезінде Елбасы, ел сенімін еңсеретін жалынды жеткіншектеріміздің өсіп келе жатқанына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Айтпағым «Ұлы Дала төсіндегі Мәңгілік Ел» тақырыбында өткен жас суретшілер байқауы жайлы.

 

Шыны керек, ауданымызда осындай ауқымды деңгейде алғаш ұйымдастырылып отырған жас суретшілер байқауы көргеннің көзін тойдырды, естігеннің есінде қалды. Себебі, мектеп оқушылары мұндай жоғары деңгейде сурет салады дегенге шара қолдаушыларының өзі сенбес еді ауызша айтсақ. Бәр-бәрі көз алдымызда өтті. Әр округтен іріктеліп шыққан балғын суретшілер байқауға бабында келіпті. Бір сағат ішінде қиялындағы Қазақстанның болашағын ақ қағазға әдемілеп салды. Бір ауыз сөзбен ойын жазды. Алғашқы айналым көрермендер дауысымен шешім тапты. Яғни, Балтабай орта мектебінің 50 оқушысы көңіліне жаққан суретке дауыс берді. Айтып өтейік, көрермендер            даусына сол мектептің байқауға қатысушы үміткерінің суреті қойылмады. Оның тағдырын облыстық мәслихат депутаты «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, аудандық білім бөлімінің жетекші маманы Нұргүл Шатырбаева, Балтабай округінің әкімі Бақытгүл Дүйсебекова секілді ел ағалары бастаған әділ-қазылар алқасы шешті.

«Болар бала – болмысынан» дейді қазақ. Шығармашылыққа берілген бір сағат ішінде әр баланың бейімділігін байқадық. Тіпті, қолына қарындаш ұстау, бояуды пайдалану ерекшеліктері де көзге бірден түсті.

Сонымен, бірінші айналым нәтижесі бойынша ақтық сынға 25 үміткердің ішінен 10-ы өтті.

«Өнерде жетістіктен гөрі ниеттің мәні зор. Суретші ең алдымен шебер емес, қиялшыл. Сол қиялшылдығы мен ниеті суретшіні қатардағы ізбасарлар мен еліктеушілерден оқшауландырып тұрады» деген екен ресейлік белгілі суретші Сергей Калмыков. Міне, осы қағида екінші айналымда басты назарға алынды. Яғни, қазылар алқасы жас суретшінің озық ойын саралады. Қазақстанның кемел келешегін қалай елестететінін ақ қағаздағы суреттен көрді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша үшінші орынды осыдан бес жарым ғасыр бұрынғы тарихымыздан бастап бүгінгі күнімізге дейінгі аралықты бір бәйтеректің ішіне сыйдыра білген Н.Бубенцов атындағы орта мектеп  оқушысы Мадина Думан еншіледі.

Екіншілікке И.Шорманов  атындағы орта мектеп оқушысы Асылхан Қосқараев жайғасты. Себебі, жас суретшіміз қара қарындаштың ғана күшімен сәулеті асқан, дәулеті тасқан еліміздің ғимараттарын көрікті жеткізе білген. Айтып өтейік, бұл сурет алғашқы айналымда ең көп дауыс жинады. Алайда, қазылар шешімі бойынша тұнық табиғатты көркем жеткізген А.Жексембеков атындағы орта мектеп оқушысы Ислам Чрмолда бірінші орынды иеленді. Себебі, жас суретші экологиялық мәселені мәнді көтерген. Ол өзінің қысқа ғана ойтолғауында: «Бүгінде жылдар жылжыған сайын еліміз гүлденіп, түрленіп келеді. Алайда, зәулім ғимараттар түскен сайын Табиғат-Ана тұнжырайды. Себебі, Жер-Ана сұлулығын адамдар тауысып барады. Айнала толы қоқыс, кешегі ну ормандарымыздың басым бөлігі жойылды. Шіркін, келешекте елімізбен қоса табиғатымыз да осындай әсем болса ғой...» деген екен. Сондай-ақ, бояуды пайдалану жағынан да Ислам үздік шықты.

Жеңімпаздарға аудан әкімінің дипломы мен ақшалай сыйлықтар берілді. «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы Жаңаберген Мұхамедов шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аудандық ішкі            саясат бөлімінің басшысы          Момунжан Исламовқа және Балтабай округінің әкімі Бақытгүл Дүйсебековаға алғыс хат табыс етті. Келер жылы да бұл байқауды жоғары дәрежеде өткізуге ұйымдастырушылар ынталы екенін жеткізді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4855 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…
Мам 26, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет