Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:29

Жан шуағы шашылды

Жақында Талдыбұлақ орта мектебінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Жан шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

 

Оған ауыл тұрғындары мен қатар мектеп ұжымы, «Елім-ай» қоғамдық қорының төрағасы, кәсіпкер Жаңаберген Мұхамедов қатысты. Акция мақсатына тоқталған мектеп директоры Мүшелбай Мажиков: «Биылғы жаңа оқу жылында мектебіміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балғындарды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамту мақсатында аталған акцияны ұйымдастырып отырмыз. Қайырымдылық исі мұсылманның қанында бар қасиет. Барымен бөлісу, көмек қолын созу халқымыздың ежелден ұстанған жолы. «Қолы ашықтың – жолы ашық» дейтін халық нақылы да осыны меңзесе керек. Осы себепті ешкім де шет қалмасын» – деді акцияның ашылу салтанатында.

Осыдан кейін Жаңаберген Мұхамедов: «Қандай мемлекет болмасын онда байлар да, кедейлер де бар. Барлығы бірдей бай немесе кедей болып кеткен ешбір елді көрген емеспін. Дәулет дарыған жандар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып жатады. Бұл да барлық мемлекетте бар дәстүр. Бірақ, мұсылмандар қауымында аталған дәстүр ерекше екпін алған. Өйткені жаратушымыз Алла солай дейді. Сондай-ақ, бөліскен сайын ырысың артатынын, байлығың таситынын, су отты өшіргендей күнәлардың кешірілуіне себепші болатынын жеткізеді. Демек бір-бірімізге қайырлы бола отырып біз, жүрегі жомарт шынайы мұсылмандар қатарында болатынымыз ақиқат» – деп жүрек сөзін арнады.

Ауыл имамы Серік Талашхан және ауыл ақсақалы Көкбай Молдахметов те кеңшілікке үндейтін қайырымдылық турасында хадистер мен аңыз-әңгімелер айтып көпшіліктің көзіне жас үйірді, жүректеріне иман ұялатты. Осыдан кейін мектеп оқушылары концерт берді. Әсем ән, шалқыма би шаттыққа бөледі жан-жағын. Балғындар өнеріне тәнті болған көпшілік арнайы жәшікке ақша салды. Нәтижесінде, 45 мың теңге жиналды. Ендігі арнайы комиссия тағайындалып қаржы оқушылар игілігіне жұмсалатындығы айтылды.                   

Ә.САРЫБАЙ.


Жақында Екпінді ауылы Екпінді орталау мектебінде «Жан  шуағы» қайырымдылық  акциясы  өтті.

Ежелден жақсылыққа жаны құмар халық болған соң, кем-кетігі бар  отбасыларын осылай қолдап, балалардың  жүзіне қүлкі  үйірсек  деген  негізгі  мақсатпен аталмыш акция ұйымдастырылды.

Ұстаздар мен ата-аналар бірлесіп  40 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті. «Оқушыларымыз тек жақсы оқып, Қазақстанның  болашағы  үшін аянбай  еңбек  ететін атпал азаматтар  болып өссе, біз үшін  сол бақыт» – деді ұйымдастырушылар  бірауыздан.

Өз тілшіміз.

 

Оқылды 3132 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жан шуағы шашылды Жан шуағы шашылды »

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет