Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:53

Қызға қырық үйден тыйым салайық!

Ата-бабамыз ежелден бала тәрбиесіне терең мән

берген. Ұлдарын елдің иесі ретінде батылдыққа, адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелесе, қыздарын инабаттылыққа, сыпайылыққа, ақылдылыққа, байыптылыққа баулыған.

Қыз – ертеңгі ана, өз Отанын, елін, жерін қорғайтын азамат тәрбиелейтін тұлға екенін үнемі ескеріп отырған.

«Қыз намысы – ел намысы» дегенді жадында ұстап,

салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, үлкен-кішімен сөйлесу

амалдарын, қонақ күту әдістерін жете меңгерткен.

 

Қызының намысына дақ түспеуін қадағалап, ел болып тыйып отырған.         Қазіргі нарықтық экономикаға бет бұрған заманда ұлттық тәрбие кенжелеп қалған сыңайлы. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші, тәрбиені босаңсытып алғанымыздың кесірін тартып-ақ жатырмыз. Ел жүретін орындарда тапа-тал түсте қаракөздеріміз шылымды түтіндетіп, жігіттердің мойнына асылып, сыра ішіп, кальян шегу «модаға» айналғаны, «бір күндік қызық» бәсекесінен қалмауы – бөрікті ұл мен көрікті қыз өсіруді армандаған қазақ халқына түрпідей тиюде. «Қызға қырық үйден тыйым» сала алмай, ырымдар мен тыйымдарды жетелеріне жеткізе алмай, пұшайман халде қалдық па деп қорқамын. Намысшыл елдің ұрпағы едік, бүгінде шетелдіктерге еліктеп, ата-баба салтынан ауытқып кеттік пе деп қорқамын. Қыздарымыз алдымен аяғы ауырлап, кейіннен тұрмысқа шыққаны шығып, ал ата-анасынан қорыққандар жетімдер үйінің алдына перзентін тастап кетіп жатыр. Ол аз болғандай, «әжетханаға шаранасын тастады», «көше бойына жаңа туған нәрестесін лақтырып кетті», «итке  тастады» деген жантүршігерлік оқиғаларды да құлақ естіп, көз көруде. Немқұрайлы отыра бермекпіз бе сонда?!

Қоғамдағы осы қайшылықтарды болашақта жасөспірім қыздарымыз қайталамасын деген мақсатпен Н.Островский атындағы орта мектепте мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар, Бәйдібек би ауылының  «Нұршуақ» әжелер ансамблінің мүшелері Қ.Мамытбекова, А.Қали,Ж.Бұхараева және 8-11 сынып қыздары қатысқан дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы ұстаз, неміс тілі пәнінің мұғалімі Ғ.Камалова «Бүгінгі қыздар тәрбиесінің әлсіреуінің себебі неде? Кім жауапты?» деген сынды сұрақтарды ортаға тастап, тәрбиелік шараға қатысушылар жан-жақты жауап іздеп, пікірлерін ортаға салды. Оқушы қыздарға «Тастанды баланың зары», «Біздің үй» сынды видеороликтер көрсетіліп, «Еңбекшіқазақ» газетінің  тілшісі Алмагүл Нұғманның  қаңтар айында жарық көрген «Бала тәрбиесі – талдан да нәзік» тақырыбындағы мақаласы талқыланды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Тәжікеева қоғамдағы әйелдердің, қыздардың алатын орнын нақтылап айта келе,арақ ішіп, темекі шегіп, жеңіл жүріске салынып, ер адамдармен төбелесуге дейін баратын қыздарды өткір сынға алды. Мұндай қылықтарға бой алдырмау үшін ұстаздар, ата-аналар баланы бір сәт те назардан тыс қалдырмай, ұлттық сарында тәрбиелеуі тиіс екені тілге тиек болды. Ал,  «Нұршуақ» әжелер ансамблінің мүшелері Жезінай әже мен Айгүл әже «бесіктен белі шықпаған» жас қыздардың аяғы ауыр болып, психологиялық күйзеліске ұшыраған соң, баланы әр жерге тастап, олқы істерге баратындығын күйзеле айтты. «Қызым үйде,қылығы түзде» демекші, қыздарының немен айналысатынынан бейхабар ата-ана қоғамға да жаны ашымаса керек. Өз еріктері өзінде болған жас қыздар ғаламтордан көргендеріне елігіп, құрдымға кетуде. Бұған қоғам, ата-ана, ұстаздар, ақсақалдармен әжелер болып араласуымыз керек, – дейді әжелер ашына.Математика пәнінің мұғалімі Р.Баекеева: «Халқымыз қашанда үлкенді пір тұтып, даналығына бас иген. Олардың ақыл-парасатын асыл қазына ретінде үлгі етіп, тәлім-тәрбиенің бұлжымас құралына айналдырған. Қыздарға айтарым, имандылық, мейірімділік, кішіпейілділік, адалдық сынды қасиеттерді бойларыңа сіңіріп, жамандықтан ада болыңдар!» деп жанашырлық ақылын жеткізді. Сонымен, дөңгелек үстел барысында қыздардың сорақы әрекетке баруларының бірнеше себептерін айқындадық. Айта кетейік, ол ең алдымен, ата-ана тәрбиесінің осалдығы, пәктігін ерте жастан жоғалтқан қыздардың өзге де жаман әрекеттерге баруы, анасы мен қыз баланың арасындағы сенімсіздік, өзін-өзі бағалай білмеуі, адамгершілік қасиеттердің жоқтығы, ер балалар тәрбиесіндегі осалдық, ұлттық тәрбиенің әлсіреуі және де жаңа технология зардаптары.

«Рухыңды тәрбиелегің келсе, ұл өсір, ұлтыңды тәрбиелегің келсе, қыз өсір» деген аталы сөзді жадымызда ұстап, келер ұрпақтың жарқын келешегі үшін тізгінді бүгіннен бастап қолға алайық, ағайын!

 

Ғалия Камалова,

Н.Островский атындағы

 орта мектеп мұғалімі.

Оқылды 3480 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 07, 2025

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды,…
Там 07, 2025

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез - көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі…
Там 07, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Парентеральды вирустық гепатиттердің…

 Парентеральді жұқпалар, ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей,…
Там 07, 2025

Листериоздың алдын алу

 Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Там 07, 2025

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық…
Там 07, 2025

Мерейтой биік мәртебесінде

Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе…
Там 07, 2025

Алматы облысының әкімі жол жөндеу…

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет