Жұма, 08 Сәуір 2016 10:46

Ауданнан шыққан жеті тарлан

Балуан Шолақ пен Қажымұқанның ізін жалғап, қазақтың ұлттық ойыны – қазақша күресті дамытып жүргендер аз емес бұл күнде. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мен үлкен жиындарда қарадомалақта-рымыз бір-бірімен белдесіп жатады. Оған қоса, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қазақстан барысы». Мұның барлығы – атадан қалған ұлттық мұраны келер ұрпаққа қаз-қалпында табыстауға бағытталған. Сол аманатты орындауда ауданымыз да сырт қалмады. Жақында Есік қаласындағы Спорт сарайында аудандық ішкі істер басқармасының полиция майоры Рашит Нұрсахановты еске алуға арналған қазақ күресінен «Жеті тарлан-2016» атты облыстық командалық турнир өтті. Жарысқа аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ІІБ-ның басшысы Бағдат Әшімов, бөлім басшылары мен аудандық спорт шеберлері, спорт жанашырлары қатысты.

 

Турнирде 55 пен 90 кг-нан астам салмақ дәрежесінде 1995-1997 жылдары туылған жастар өзара мықтыны анықтады. Ашылу салтанатында Бекет Ахметов:

– Жастарымыздың спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанғаны қуанарлық жайт. Ал қазақ күресімен айналысып, ұлттық ойынның дамуына үлес қосуы құба-құп.

«Ер есімі – ел есінде» – дейді дана қазақ. Осындай елі мен жерінің қауіпсіздігі жолында еңбек еткен азаматымызды еске алып, оның атында турнир ұйымдастыру – көпке үлгі боларлық шара. Еліміздің ертеңі болған жастарымыз осындай азаматтардың ерлігін мақтан етіп, спортқа қарай ағылса – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы айқын болары сөзсіз – деді. Бағдат Әшімов, Мажит Нұрсаханов пен Рашит Нұрсахановтың жақындары, дос-жарандары марқұмды еске алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Командалық жарыста Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай,       Райымбек, Балқаш аудандары мен Талдықорған қаласынан келген спортшылар боз кілемде белдесті. Жеті балуаннан құралған аудан командасы (Команда сапында Мағжан Серік, Нұрбек Хамзаев, Камиль Ибрагимов, Ерсін Хамзаев, Дидар Нұрмамет, Мадияр Шәкенғали, Нұрғали Жолтаев) алғашында Балқаш ауданынан келген спортшыларды айрықша басымдықпен (6:1) жеңді. Кейіннен, жамбылдықтардан 7:0 есебімен басым түсті. Осылайша, финалда өнер көрсеткен жерлестеріміз қонақтарға көрсеткен қонақжайлығы болса керек, басында талдықорғандықтарға есесін жіберді. «Әлі келген алып та, шалып та жығады». Намысқа тырысқан тарландарымыз шешуші сайыстың ортасында жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, таразы басын теңестірді. Есеп 3:3. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» – деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Соңғы болып 90 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қос балуан боз кілемде ұзақ уақыт алысты. Тақымдарын қысқан жанкүйерлер шуласып, өз балуанына дем беруде. Мықтының аты мықты. Қарсыласынан айласын асырған еңбекшіқазақтық Мадияр Шәкенғали Талдықорғанның тарланын жерге алып ұрды. Қорытынды есеп – 4:3. Жеңімпаз – Еңбекшіқазақ ауданы.

– Жеңіс бізге оңай жолмен келмеді. Қарсыластарымыздың барлығы мықты. Әсіресе, талдықорғандықтар оңай шағылар жаңғақ еместігін көрсетті. Десе де, біздің балуандар да өздерінің шеберліктерін тағы бір мәрте көрсетіп, чемпион екенін дәлелдеді. Бұл – ауданның жеңісі, шәкірттердің – жемісі – дейді аудан командасының белді балуаны Мағжан Серік.

Марапаттау сәтінде ойынның бас демеушісі Мажит Нұрсаханов қатысушыларға ағынан жарылып, алғысын жеткізді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталып, грамота және медальдармен марапатталды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4078 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ауданнан шыққан жеті тарлан Ауданнан шыққан жеті тарлан »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет