Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 11:46

Дүрлігуге негіз жоқ

«Саяжайда адам өлтіріп кетіпті» – деген алып-қашпа әңгіме аудан тұрғындарын, әсіресе, қалалықтардың зәресін алды. Бұл – істің байыбына бармай, бәз-біреулердің ойдан шығарған өсегі. Негізінде, саяжайда ешкімді өлтірмеген, керісінше осындай тосын оқиғалардың алдын алу мақсатында Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімі терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді өткен аптада.

 

Шараға Ұлттық Қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімінің өкілдері, аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдайбергенов, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Бағдат Әшімов, 6654 әскери бөлімінің командирі К.Қуатов, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Д.Айтжанов, төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Т.Сәбитов, Рахат ауылдық округінің әкімі Ахмет Жолдыбаев, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері қатысты. Алдымен бес қаруын сайлаған әскери бөлімнің сарбаздары саяжайды қоршауға алды. Кейіннен, тәртіп сақшылары үй-үйді аралап, тексеріс жүргізді. Сондай-ақ, саяжай аумағына кіріп-шыққан көліктер мен адамдар да жіті бақылаудан өтті. Осылайша, құқық қорғау органдарының терроризмге қарсы дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығу жетекшісі Ұлттық Қауіпсіздік комитеті өкілдерінің айтуынша, мекемелердің дайындықтары ойдағыдай. Тек, кейбір олқылықтарды түзеу керек. Ол туралы тиісті органдарға ескерту берілді.

Құрметті аудан тұрғындары! Сақтықта қорлық жоқ. Аудан аумағында Ұлттық Қауіпсіздік комитеті әлі де терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстарының жүргізілетіндігін ескертеді. Дүрлікпей, түсіністікпен қараңыздар.

Сондай-ақ, күдікті ұйымдар мен адамдар, ғимараттарда күдік туғызатын сөмкелер мен қораптарды байқасаңыздар мына сенім телефондарына хабарласа аласыздар: 102, 7-21-05. 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4045 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Дүрлігуге негіз жоқ Дүрлігуге негіз жоқ »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет