Бейсенбі, 05 Мамыр 2016 12:52

Білікті маман – еліне қорған

Кез келген Тәуелсіз  мемлекет алдымен сыртқы және ішкі қауіптерден қорғану мақсатында қуатты әскер құратындығы белгілі. Оны күн санап түрлене түскен  қару-жарақ, техника және мамандармен қамдап, қорғаныс саласын үнемі дайындық үстінде ұстайды.

 

Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 6654 әскери бөлімі барлық Ұлттық Ұланға қарасты әскери бөлімдерді білікті мамандармен қамтуда еңбегі ерен еліміздегі жалғыз оқыту орны. Байланыс мамандары, кинологтар, қару-жарақ жөндеушілері, жүргізушілер, аспазшылар, бөлімше командирлері – бір сөзбен айтқанда білікті мамандар дәл осы Қаракемер кентінде орналасқан ҚР Ұлттық Ұланының 6654 әскери бөлімінен түлеп ұшады.

Қаракемер ауылы Қашаған Жаманқараев және Рақымжан Тоқатаев сынды екі бірдей Кеңес Одағының батырлары шыққан, халық қалаулысы Зағипа Балиеваның кіндік қаны тамған киелі топырақ. Бір ғажабы, ТМД мемлекеттері бойынша тіпті, әлем елдерінің тарихында бір ауылдан екі бірдей батырдың шығуы сирек құбылыс екен. Осы қасиетті жерде ерліктің ерен дастанын жалғап 6654 әскери бөлімі сапалы мамандар даярлау ісін жоғарғы дәрежеде жүргізіп келеді.

Жақында аталған бөлім-ге Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі Ұлттық Ұланға қарасты әскери бөлімдерден келісім-шарт негізінде Отанына адал қызмет етуді абырой деп білген жауынгерлердің алғашқы легі келіп жетті. Мақсаттары айқын: өз мамандықтары бойынша білім алып, біліктіліктерін арттыру. Сөйтіп, Тәуелсіз еліміздің жау қолында қор болмауын қадағалау, берік қорған орнату.

Осы орайда «Өз ісінің білгірі болу – елге қорған болу» деп түйген Ұлттық Ұлан 6654 әскери бөлімінің кинология орталығында екі ай бойы тәжірибе жинақтап, арнайы иісшіл иттермен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеру мақсатында келген үш бірдей азаматпен сұхбат құрудың сәті түсті. Олар Қарағанды қаласы 5451 әскери бөлімінен қатардағы Ермахан Төребеков, Қарағанды қаласы 6505 әскери бөлімінен аға сержант Елмұрат Тұрабаев және Астана қаласы 5573 әскери бөлімінен Дәулет Арқабаев.

Бір ғажабы, Қарағанды қала-сы 5451 әскери бөлімінен келген қатардағы Ермахан Төребеков «Барон» атты итіне бұйрықтарды қазақ тілінде үйреткен. Өзгелер «сидеть, лежать» десе, қатардағы Төребеков «отыр, жат» деп итті айтқанын екі етпейтіндей етіп тәрбиелеп алған. «Фас» деген бұйрық «ұста», «рядом – қасымда» тағы да басқа бұйрықтарды қазақ тілінде орындайтын Баронның бұл кереметін байқап, қуанып та қалдық.

Аға сержант Елмұрат Тұрабаев Қаракемер кенті, Ұлттық Ұлан 6654 әскери бөліміне осымен қатарынан бесінші жыл біліктілігін арттыру мақсатында қуана келгенін айтты. Ол өзінің «Бим» атты итімен түзету мекемесін көз ілмей күзететіндігін, кинология қызметін таңдағанына өкінбейтіндігін жеткізді. «Бим» атты итімен бірге қашқындарды ұстап, ізін суытпай сан қылмыстың әшкере болуына себепші де болған. 

«Иттермен жұмыс – сабыр мен төзімді қажет ететін мамандық» – деп, өз ойымен бөлісті келесі кейіпкеріміз Астана қаласы, Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінен келген ефрейтор Дәулет Арқабаев. Өскемен қаласында әскери борышын өтеп жүрген ол, келісім-шарт негізінде әскери қызметте қалуды ұйғарыпты. 2013 жылдан бері «Таймас» атты итімен тәртіп пен тыныштық орнату жолында тынымсыз еңбек ету үстінде.

Еліміздің Оңтүстік өңірінде орналасқан Ұлттық Ұлан 6654 әскери бөлімінде өзге де мамандар өз саласы бойынша білім алуға кірісіп те кетті. Байланыс мамандары кешенді байланыс аппараттарының тетіктерін меңгерсе, аспаздар да ас қамдаудың ерекшеліктерін егжей-тегжей үйрену үстінде. Бұзылған қаруды жөндеп, сарбаз қолына сау күйінде тапсыру – қару-жарақ жөндеушілердің міндеті. Бұл әскери антқа және Отанына адал сарбаздар кез-келген сынаққа кеудесін кере ұмтылатынын айғақтап тұр. Өйткені, білікті маман – қашанда еліне қорған.

Әділет САРЫБАЕВ,

кіші сержант.

Оқылды 3348 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 21, 2025

Қазақстан энергетикасының даму…

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан…
Мам 20, 2025

Алматы облысында оқушылардың 92…

Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат…
Мам 20, 2025

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

Бүгін – адамзат өркениетінің тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын жинақтап, келер…
Мам 20, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 15 мамырында Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт…
Мам 20, 2025

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Мам 20, 2025

Метрология – сенім құралы:…

Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды.Метрлік конвенция – жаһандық…
Мам 20, 2025

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ…

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап…
Мам 20, 2025

Көлік министрлігі жазғы маусымда…

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады. Теміржол…
Мам 20, 2025

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі…

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК)…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет