Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:14

Азаттық жолындағы айқас

«Тізерлеп жүріп түңілткеннен, тік жүріп өлген артық» деген елміз. «Жауға жалынба, досқа тарылма» деген де қазақ. Ендеше, дұшпанға тастай қатты болу, досқа балдай тәтті болу – қанымыздағы қасиет. Осындай құдіретті намыс сан соқпақта сүрінсе де, құламады. Қайта алмас қылыштай тас шауып қайралды. Ел мен жерге, ар мен ұжданға келгенде атқа қонды ерлерім айбарлы. Қазақ тарихында Қарқара көтерілісі атауымен қалған сонау 1916 жылғы оқиға ғасыр өтсе де жадымызда жаттаулы. Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Жаңабай Құдайбергенов, Қазыбай Шарманов, Әбубәкір Сұлтанбеков сынды батырлар, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдиндей қазақ зиялылары патша жарлығына қарсы шықты. Себебі, жарлықтың көксегені отарлау еді. Демек, 1000-нан астам қол жинап, Ереуіл төбеге келіп ту тіккен ерлеріміздің есімі жадымызда мәңгі.

 

Иә, биыл Қарқара көтерілісіне – 100 жыл. Бұл зобалаң шақта күн болған, мың бірігіп бір болған ерлеріміздің ерен ерлігін еске алу һәм бас иіп тағзым ету. Осыны мақсат еткен аудан атқамінерлері сәтті сәрсенбіде Есіктегі «Шынар» мейрамханасында батырлар рухына арнап құдайы ас берді. Бұл елі үшін құрбан болған ата-бабаларымыздың есімін қайта жаңғыртудағы жоспардың бір парасы ғана. Ауданның әр аумағында атаулы датаға орай түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Дегенмен, қазақы тәмсіл «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегеннің көрінісі деп түсіндік бұл шараны. Әр округтің қоғамдық кеңес мүшелері, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің басын біріктірген құдайы ас әліппесін аудан басшысы Бинәлі Ысқақ ашты. Өз кезегінде мың өліп, мың тірілген қазақ тарихындағы Қарқара көтерілісінің алар орнын жан-жақты әңгімеледі:

– Баршаңызға белгілі Қарқара көтерілісі – 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтерілістің отарлаушыларға қарсы бас көтерген ірі шайқастарының бірі. Тарихта ақ патшаның «Маусым жарлығы» деген атауға ие болған бұл құжат бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында тылдағы қара жұмысқа Қазақстан, Орта Азия және ішінара Сібірден 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды шақыру жөніндегі жарлығы көтерілістің шығуына түрткі болды. Патша жарлығы жариялынысымен Қазақстанның барлық аймақтарында бұған қарсылық білдіру басталды. Қарқара-Жетісу облысының Жаркент уезіне қарайтын жайлау және әйгілі халықаралық жәрмеңке орталығы болатын. Сол жылдың 6 шілдесінде 13 болыс өкілдері Ақбейіт тауында жиналып, патша жарлығын орындамауға бәтуаласты. Келесі күні «Нарынқол - Шарын» приставының бастығы Подворков 13 болыспен елдің беделді адамдарын жинап алып, патша жарлығын дереу орындауды талап етті. Отаршылдықтың дойыр қамшысына салып «Байқаңдар, бала бермесеңдер бастарың кетеді» деп үркітті. Жиналғандар приставтың дөң айбатынан қорықпай, елдегі жұртпен ақылдасып, 4-5 күннен кейін жауап бермек болып тарқасты. Ал шілденің 10-жұлдызы күні «Қабан қарағай» деп аталатын жайлауда Құрман болысының беделді адамы – Ұзақ Саурықовтың ауылында Құрман, Мерке, Шілік, Торайғыр, Сарытоғай, Қоңырбөрік, Қожбамбет, Алжан, Айт және тағы басқа болыстардың басшыларымен, басқа да беделді адамдары майданның қара жұмысына адам бермейміз, егер қолымызға қару беріп майданға аттандырсаңдар келісуге болады деп байлам жасады. Он күн өткеннен кейін пристав Подворков мұздай қаруланған казак-орыс жасағын алып келіп, Ереуілтөбе түбінде болғандарды түгелге жуық тұтқындап, Қарақол (Пржевальск) қаласындағы түрмеге қамады. Түрме басшылары Ұлт азаттық көтерілістің ақылгөйі, ақсақалы – Жәмеңке Мәмбетұлын у беріп өлтірді. Қалған тұтқындар Қарақол уезі басшысы полковник Ивановтың бұйрығымен 8 тамыз күні түгелдей атылды.

Иә, Мұхтар Әуезовтың «Қилы заманына», Тұрсын Жұртбайдың «Бейуағына» арқау болған осынау көтеріліс тарихтан өшпек емес. Жетісу облысының 31 мыңнан астам әулетіне қара жамылтқан сұрапыл соғыс бейбітшілік баспалдағының бір сатысы болды.

Ойын жан-жақты саралаған Бинәлі Әбдіқапасұлы бүгінгі бейбіт таң үшін бабалар рухына мың тағзым айтты әрі:

– Міне бүгін біздер мен сіздер - Мәңгілік ел болуға бет түзеген халықтың ұрпақтары осыдан 100 жыл бұрын бүгінгі сәулетті болашағамыз үшін көз жұмған баба-боздақтарымызды еске түсіріп отырмыз. Қабырғамыз қанша қайысқанымен сол боздақтардың арманы бүгінде орындалды. Біз тәуелсіз елміз. Жасампаз қазақстандықтармыз. Біздің Нұрсұлтан Әбішұлы секілді дара Көшбасшымыз бар. Қазақстан бүгінде әлемдегі саясат сахнасындағы биік төрден орын алды.  Ләйім солай болғай! – деп қорытты ойын.

Тізгін алған Жанболат Жөргенбаев тәуелсіздік жолындағы көтерілістің тарихын жандандыру мақсатында «Қарқара-Ереуіл» қоғамдық қоры құрылғанын отырған қауымға                       таныстырды:

– Былтыр ғана ашылған қор біраз істің басын қайырды. «Қарқара аспантау» мәдени іс-шаралар кешені жобасы әзірленді (суретте). Осы негізде облыстан арнайы қаржы қарастырылып, жұмыс қызу басталды. Қарқарадағы жолдар жөнделді,  16 гектар аумаққа ағаштар отырғызылып, саябақ жасалды. Сонымен қатар тарихта «Қарқара жәрмеңкесі» атауымен қалған аумақты қайта жандандыру жұмыстары да бас-талды. Сондай-ақ, 1916 жылғы қазақтың азаттық жолындағы тарихын суреттейтін кино сценариі жазылып бітті. Қазір түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді қор төрағасы әрі 22 шілдеде Қарқарада төрінде ел болып атап өтетін шарада осы киноның презентациясы қойылатынын жеткізді.

Кейіннен Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов, еңбек ардагері Оразалы Айсин одан да өзге әр округтен келген ардагерлер кеңесі мүшелері мен төрағалары сөз сөйледі. Игі істің басында жүрген ел ағаларына алғыстарын жаудырды. Мұндай патриоттық шараларды риясыз қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен мекеме басшылары, округ әкімдері құрылған қордың жұмысына табыс тілеп, қаржылай көмек көрсететінін де жеткізді. 

Кеңестік отырыстың нүктесін Тоққожа Естенов қойды. Ол сөзінде:

–  Ұлттың рухын көтеретін, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын мұндай қолдау шараларынан Еңбекшіқазақ ауданы кенже қалып жатқан жоқ. Алматыда бой көтерген «Райымбек» ескеткішін орнатуға да осы ауданның елім деген азаматтары қолдау көрсеткен еді. Бұл ел үшін, жер үшін жасалып жатқан игі істер. Әрдайым ұлт мүддесі тұрғысында жұдырық боп жұмылған Еңбекшіқазақ ауданы жұртшылығына оны біліктілікпен басқарып отырған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлына шынайы алғысымды білдіремін. Бүгінгі көрсетіп отырған қолдауларыңызға мың алғыс!, – деп ақжарма тілегін жеткізді.

Иә, Елбасы айтпақшы, тарихта біз ұялатын ештеңе жоқ. Керісінше, ел қорғаған батырларымызбен, аузы дуалы ақындарымызбен, қара қылды қақ жарған билерімізбен мақтанамыз. Қысқасы, тамыр тартқан қасиетімізбен, ғасыр сүрлеген өсиетімізбен мақтанамыз. Солар салған сара жолдан бақ табамыз. Сол жолмен «Мәңгілікке» аттанамыз.

Қарқара көтерілісінде ерлікпен қаза болған батырларымыздың рухын асқақтату мақсатында құрылған қорға Сіз де қолдау көрсетіңіз, құрметті оқырман!

Қордың жеке есеп-шоты:

АО «ФортеБанк» Қаскелең қалалық филиалы

KZT: KZ 089652700007208962

БИН: 150740024408

КБЕ: 18

КНП: 119

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 3830 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Азаттық жолындағы айқас Азаттық жолындағы айқас »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет