Бейсенбі, 04 Тамыз 2016 14:45

Тазалық сақтамаған айыппұл төлейді

Бүгінде аудан ғана емес, дүние жүзінде қоқыс полигондарының мәселесі өзекті тақырып болып тұр. Қоқыстарды төгеміз, алайда оны залалсыздандыратын немесе қайта өңдеуден өткізетін зауыт жоқ. Осылайша, тау-тауболып үйілген қоқыс полигондары ашық аспан астында қала береді.

Осыған орай жақында аудандық прокуратура аудан аумағында тексеріс жұмыстарын жүргізген. Анықталғандай, жылына 15 мың 730 тонна қоқыс шығарылса, оның ішінде 3146 тоннасы медициналық қалдықтар. Сәйкесінше, осыншама көлемдегі тұрмыс қалдықтарын төгетін орындар әрбір ауылдық округте жасақталған. Жалпы көлемі 87,6 га жер телімі бөлініп, құжаттары рәсімделіп, селолық округ әкімдері аппараттарының теңгеріміне берілген. Алайда, аудандық прокуратураның тексеруі нәтижесінде мынадай олқылықтар орын алған. Шелек, Масақ, Нұрлы, Қазақстан, Ж.Қайыпов, Балтабай, Ақбастау, Бірлік, Еңбек, Бәйдібек би, Ақжал, Ащысай, Тауқаратұрық, Х.Бижанов, Қорам, Саймасай, Нұра, Қаражота, Ақтоған, Сарыбұлақ, Тескенсу, Толқын, Көлді, Ақши, Казатком, Қарасай, Аймен, Ават, Түрген, Қаракемер, Ташкенсаз елді-мекендерінде тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар санитарлық-экологиялық талаптарға сай емес. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау үшін және полигондардың экологиялық құжаттары жасалмаған. Полигондардың құрылысы дұрыс  жүргізілмеген.

ҚР экологиялық Кодексінің 292 бабының 1 тармағына жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтардың бағалы құрауыштарын бөлек жинауды, уақытша сақтауды, ұдайы тасып әкетуді және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумақтарын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап беретіні көрсетілген. Аудандық прокуратураның шешіміне сәйкес, жоғарыда аталған округтерді тексерудің қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 324 бабының 1 бөлігі бойынша жоғарыда аталған округ әкімдеріне айыппұл салу туралы ұсыныс аудан әкімдігіне жіберілді.

 Сардарбек НҰРАДИН.

 

Оқылды 2702 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет