Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 11:54

Отанды сүю – иманнан

Жақында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінде «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында тағылымды жиын өтті. Оны әскери бөлім басышылығы мен Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Мақсаты – жеке құрамға дәстүрлі дін және дәстүрлі емес діни ағымдар жайын кеңінен түсіндіру, Отанды қорғау турасында дәстүрлі дініміз нендей жауапкершіліктер жүктейді?. Жат ағымдардан қорғанудың жолы... Аталған жиын дәл осы тақырыптарды кеңінен қамтыды.

 

Жиынның ашылу салтанатында әскери бөлімнің бас тәрбиешісі подполковник Ермек Черекбаев сөз сөйлеп, мақсатына тоқталды. Сондай-ақ, елімізде осы жылы орын алған екі бірдей қайғылы оқиғаны көлденең тарта отырып, ел тыныштығының сақшылары қандай жаумен бетпе-бет келгендігін білуі тиіс екендігін, жеке құрамға жауды жеңу үшін оны алдымен терең зерттеу керектігін жеткізді. Өйткені, аталған жат пиғылды ағым өкілдері алдымен Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне шабуыл жасап, бұл әрекеттерімен тыныштық сақшыларын майдан алаңына шақырғандай болды. Ашық арпалысудан қашып, астыртын әрекет жасайтын жау мінезі әлбетте, әскери бөлімнің жеке құрамына аян. Десе де, жеке құрамның жау сырын әбден біліп алғаны жеңіске жетелейтіні айқын. Бастысы, дәстүрлі дінді жат пиғылды діни ағымдардан ажырата білу, міне, бүгінгі күннің өзекті мәселесі осы. Бұл тұрғыдан алғанда әскери бөлімнің бас тәрбиешісінің баяндамасы жиынның қай бағытта өрбуі тиіс екендігін айқындап бергендей болды. Сондай-ақ ол, келелі жиынға арнайы келген құрметті қонақтармен таныс-тырып өтті. Алматы облыстық Дін істері басқармасы, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» дін танушы маманы Ерлан Матаев, Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы, Еңбекшіқазақ аудандық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылдық «Есенбай ата» мешітінің имамы Бағдат Дауытхан жеке құрамға келелі кеңестер беріп, экстремизм және терроризм ұғымдарын түсіндіріп, дәстүрлі дінімізде ел тыныштығын қырағы күзету сауапты әрі мәртебелі іс екендігін әсерлі баяндап берді.

Сөз алған Қайсар Асқарұлы аудандағы діни ахуал жөніндегі баяндамасын оқып, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктер және олар пайдаланатын діни ғимараттар саны және олардың қызметтері турасында, шет мемлекеттерге діни білім алу мақсатында аттанған жастар, мектеп, колледж оқушылары арасында тәрбие жұмыстарының жүргізілуі жайында аудан тұрғындары, әскери бөлімнің жеке құрамына кеңінен мағлұматтар берді. Тіпті, дін тақырыбындағы әдеби кітаптар мен заттардың кез-келген жерде сатылуына тиым салынып, арнайы нүктелер белгіленгенін және бұл әдебиеттер қатаң тексеруден өткенде барып сатылымға шығатындығын айтты. Өз баяндамасында жалпы діни ахуалды кеңінен қамтыған Қайсар Асқарұлы біршама істің тындырылғандығын және бәрі де қатаң бақылауда екендігін аңғартты. Байыпты баяндама күпті көңілдерге тыныштық сыйлап, жүректерді жүктен арылтты.

Мінберге көтерілген Ерлан Матаев:«Кей адамдар дінсіз болғанымен, ешбір қоғам дінсіз болмайды» – деп, әсерлі баяндамалар желісін әрмен қарай жалғай берді. «Адамзат баласы тек тәндік тұрғыдан емес, сондай-ақ, рухани тұрғыдан да азық пен қуат алуды қажет ететіндігі белгілі. Адамдардың басым көпшілігі рухани қажеттіліктерін әсерлі ән тыңдау, кітаптар оқу және т.б әрекеттер арқылы алып отырса, басым көпшілігі бұл қуатты дінге бет бұру арқылы алып отырады. Бұған мысал, еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап иманға бет бұрған жастар қатары артып, олар шет мемелкеттерде білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бірақ, ол жастардың қандай білім алып жатқандығынан бейхабар едік. Сондай-ақ, елімізге келіп үгіт-насихат жүргізу арқылы жастарды қатарына молынан тартқан жат ағымдар да көбейді. Жас мемлекетіміз қызыл империя құлап, өз алдына ел болу, экономикалық тұрғыда құлдыраудан аман шығудың амалын қарастырып, тұсауын жаңа   кескен нәресте іспетті жүрудің қамын жүйелеп жатқанда «қой терісін жамылған қасқырлар», Алланың есімін «алжапқыш» еткен «аңқау елге арамза молдалық еткен» ағым өкілдері басып та қалды. Бастапқыда, ағым өкілдерінің көздеген мақсаты да жастарды қатарына көптеп тарту болатын. Өйткені, қарттар мен орта жастағы жандарды көндіре қою оңай болмайтындығын ойлаған олар, жанып тұрған әрі аңқау жастарды тұзаққа түсіру тіпті де, оңай екендігін білді. Қоғамымыздағы көптеген келеңсіз мәселелерді көлденең тарту арқылы, оларға «джиһад» ұғымын мықтап сіңдірді. Осының кесірінен шынайы діндегі ата-ананы сыйлау, отанға қызмет қылу сынды киелі түсініктер адыра қалып, олар бүгінгі таңда Сирияда ұлы соғыс жолында құрбан болуды армандаумен жүр. Бұл әрине өкінішті жағдай. Тіпті, елімізде де ереуіл салу ниеті барын, біз кешегі Ақтөбе және Алматы қаласында орын алған оқиғалардан байқадық.

Қазіргі таңда ешкім де бетпе-бет шайқасуға шықпайтындығы аян. Олар асты мен үсті тұнған байлық, құланның тұяғы, қыранның қанаты талар даланың иесін соғыссыз жаулаудың амалын дәл осылай дін арқылы, яғни, теріс үгіт жүргізу арқылы ойластырған. Бүгінгі майданның бірден-бір алаңы – ғаламтор болып отыр. Түрлі теріс діни сайттарға кірген жастардың миы уланып, шырмауыққа шырмалып жатқандығы кім-кімге де белгілі. Осы себепті, жастарды бұл аурудан аулақ ұстаудың жолы дәстүрлі дінді күшейту болса, әрбір отбасы өз балаларын қатаң түрде қадағалап, діни білімді көлденең көк аттыға ермей тек қана имамдардан алу жауапкершілігін арттыру болып табылады».

Бағдат Дауытхан:«Дінге бет бұру, яғни, Ислам дінінің парыз амалдарын орындамас бұрын адамда алдымен Аллаға деген құлшыныс оянатындығы белгілі. Онсыз ол дәретін алып, бес уақыт намазын оқып, ораза тұтпайтындығы аян. Алдымен адам Жаратушының бар екендігіне көз жеткізеді. Осы тұста айта кететін жәйт, дін – үлкен ғылым болып табылады. Ниеттенген жан ізденіске түсіп, хақтың жолын тануда түрлі әдеби кітаптарды оқып, уағыздар тыңдап, көкірек көзін оятып, өмірін, жүріс-тұрыстарын жүйелей бастайды. Міне, осы кезде оған дұрыс бағыт сілтенсе ол ешбір жат ағымның ықпалында кетпейді. Біздің кемшіл кеткен тұсымыз жастарға дәл осы бастапқы бағыттарын дұрыс сілтей білмеуіміз еді. Десек те, дәл бүгін дәстүрлі дінімізді дамыту, жастарды шынайы иман аясында тәрбиелеу бойынша елімізде жұмыс жүйелі жолға қойылып, ағымдармен күрес үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Отан тынышытығын қырағы күзету дәстүрлі Ислам дінімізде аса сауапты іс екендігін айта кеткім келеді. Бұл жайында пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) былай деген:«Екі түрлі көз тозақ отына жанбайды. Біріншісі, харам нәрселерді көруден бас тартқан көз, екіншісі ел тыныштығын қырағы күзеткен көз». Көз жанбаса демек, дене де жанбайды. Ендеше, Сіздердің қызметтеріңіз Алланың алдында аса жауапты әрі абыройлы. Сондай-ақ, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) шариғи әділ үкімдері Мекке қаласының бай, шонжарларына ұнамай олар оны қуып жібергенде, пайғамбарымыз өзінің сүйікті қаласы Меккенің сыртында тұрып: «Мен сенен әлгілер қуып жібермегенде кетпейтін едім. Сен менің туған жерім, ақ мекенімсің. Мен сені сүйемін» – деп, көзіне жас алған екен. Бұл да Отанды сүюдің көркем үлгісін танытса керек. Сондықтан, ел тыныштығын күзетудегі еңбектеріңіз табысты болсын. Бейбіт жатқан еліміз осы бақ-берекеден арылмағай» – деп, ақ батамен аяқтады сөзін Бағдат Дауытхан.

Жеке құрам тарапынан ауданнан келген арнайы қонақтарға сұрақтар да қойылды. Көңіл қалтарысында жүрген сұрақтарына жауап алған олар, жиыннан кереметтей әсер алып, дәстүрлі және жат пиығлды діни ағымдардың не екендігін ұқты. Дін дегеніміз әншейін еріккенге ермек болар зат еместігін, оның үлкен ғылым екендігін кеңінен түсінген әскерилер өздеріне рухани қуат пен қайрат, жігер дарытқандай болды. 

Әділет САРЫБАЕВ,

Кіші сержант.

Оқылды 3464 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Отанды сүю – иманнан Отанды сүю – иманнан »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет