Бейсенбі, 13 Қазан 2016 13:54

Мәдениет күндері. Өрге ұмтыл, өр елім, Өркенде, өс, өнерім!

Әлемдегі халықтар бір-бірінен тілі мен діні, мәдениеті, салт-дәстүрі арқылы ерекшеленеді. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» – деген ой орамдары еске түседі. Шынында, қазақ халқы әрқашан мәдениетті жоғары бағалаған. Өнерге ерекше ден қойып, осы саланың адамдарына құрметпен қараған. Бүгінгі таңда да солай. Оның бір дәлелі, Алматы облысында өтіп жатқан аудандар мен қалалардың мәдениет күндері. Бұл шара тек мәдениетті насихаттап қана қоймай, этносаралық татулықты көрсетіп, отансүйгіштікке баулиды. Өткен аптада аудан орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы аясында «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында ұйымдастырылған ауданымыздың мәдениет күндерінің де мақсаты осы.

 

 

«Тәуелсіз ел тарландары болу керек талантты» атты мерейлі мерекеге аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкімнің орынбасарлары мен бөлім басшылары арнайы қатысты. Айта кетейік, биылғы мәдениет күндерінің бұрынғыдан ерекшелігі, әр аудан жеке-жеке ұйымдастырады. Облыс орталығынан келген арнайы комиссия өкілдері мерекелік шараларын жан-жақты бағалап, қорытынды шығарады. Аталған комиссия өкілдері аудан орталығында болып, мерейлі күннің қызығын тамашалады.

Мереке көрме аралаудан басталды. Славян, ұйғыр, күрд, шешен-ингуш, түрік, корей, татар этно-мәдени бірлестіктері өздерінің ұлттық тағамдарынан, салт-дәстүрі мен қолөнерінен сыр шертетін көрме ұйымдастырды. Аудан аумағында 54 этнос өкілдері бір үйдің балаларындай өзара ынтымақтастықта күн кешетінін естіген облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров таңданысын жасыра алмады. Этно-мәдени бірлестіктердің ақ дастарханынан дәм татып, алғыстарын жеткізді. Тазы ит пен бүркіттің қазақ халқы үшін орны ерекше. Бағзы заманғы ата кәсіпті насихаттайтын көрмені сөгетілік «Жеті қазына» құсбегілік мұражайы ұйымдастырды. Қазақстанды ғана емес, Азия мен Еуропа, сондай-ақ, бүтін түркі әлемін аузына қаратқан құсбегілік мұражайы қыран бүркіттері мен тазыларын жұртшылық назарына ұсынып, ұлттық өнердің өлмейтінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар, ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайының да көпшілікке көрсетері көп екен. Ұстаның ізін жалғаған ұлы Дәулет Дәркембайұлының және шәкірттерінің ағаштан жасалған ыдыс-аяқ бұйымдары мен металдардан иілген әшекейлері көздің жауын алып, тарихтан сыр шерткендей. Осының барлығын аралаған құрметті қонақтар ауданның экономикалық даму көрсеткіші мен білім, денсаулық сақтау салаларының бүгінгі даму қарқынымен танысып, өндіріс орындарының өнімдеріне оң бағасын берді. Мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Салтанатты шараның шымылдығын түрген аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады:

– Дана халқымыздың «Өнерсіз ел өрге баспайды» деген нақыл сөзі бар. Дәстүрге айналған бұл мереке бүгінде уақыт тынысымен үндесіп, мазмұнымен толысып, жаңа биіктерге қол жеткізді. Мәдениет күндерін өткізудегі басты мақсат – ел тәуелсіздігін баянды ету және ұлтаралық келісім мен бірлікті одан әрі нығайтудағы рөлін көтеру болып табылады. Мәдениеті жоғары, тарихы танымды, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі берік, әлеуеті қуатты, ынтымағы жарасты болмақ. Осындай, оңды өзгерістер мен жаңару үдерістерін аудан өмірінен де байқауға болады. Жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылып, жұмыс орындары көбейе түсуде. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық пен көмектің аясы кеңейіп келеді.

«Еліңді жамандасаң көмусіз қаласың, жеріңді қорғамасаң кебінсіз қаласың, тіліңді қорласаң қадірсіз боласың, мәдениетіңді сақтамасаң тамырыңнан соласың» – деген ұлағатты сөз орынды айтылған. Бүгінгі күні ауданымызда 4 мұражай, 16 кітапхана, 21 мәдениет үйі тұрғындардың мәдени кемелденуіне қызмет етуде. Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындауда, жастар саясатын жүзеге асырып, талантты балалардың өнерін шыңдау үшін халықтық үлгілі атағы бар «Жібек жолы» ұлттық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ұлттық халықтық аспаптар» оркестрі, «Улыбка», «Ирада» би ұжымдары мен «Сувенир» цирк ұжымдары жұмыс істейді – деп мәдениет саласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

Сахна төрінде ұлттық аспапта ойнаған жігіттер мен «Көркем-ай», «Улыбка», «Ирада», «Бахар», «Сәнәм», «Мереке», «Ясмин» би ансамблдерінің орындауындағы «Тәуелсіздік туын тәу етіп желбіреткен, достығымды жырлаймын кең жүректен» атты халықтар достығы композициясы көпшіліктің көңілінде ерекше әсер қалдырды. 60 адамнан құралған аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрі ұлттық аспаптармен күй орындап, ұлттық өнерге шөліркеген жүректердің шөлін бас-ты. Сонымен қатар, түрлі халықтардың ұлттық билері мен әндері орындалып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Әсіресе, «Бұлбұл» әнін бұлбұлша салған Ләлә Бақытнұрқызы жұртшылыққа қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы елестетіп, жиылғандарды ерекше әсерге бөледі. «Жігер» тобының орындауындағы ретро-поппури әндері өткен ғасырға сапар шеккізіп, аға буын өкілдерінің жүрегін елжіретті. Сондай-ақ, Н.Тілендиев пен Т.Молдағалиевтің «Туған ел» әні атақты «Менің атым Қожа» фильміндегі қамсыз балалақ шақты еске түсірді. Концерт соңында қатысушылардың барлығы Р.Мамытовтың «Тәуелсіз елім» әніне флеш-моб биін ұйымдастырып, тәуелсіз елдің болашағы – жастар қауымы өздерінің патриот екендіктерін көрсетті. Мереке соңында қонақтар мен комиссия өкілдері шара жоғарғы дәрежеде өткендігін айтып, ризашылықтарын жеткізді. 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3494 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет