Бейсенбі, 20 Қазан 2016 10:19

Облыстық автошеру ауданда

«...Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!

...Тәуелсіздік ше?

Ол – менің тегім,

Ұлдарыма оны дарыттым.

Тәуелсіздік – мен,

Ол – менің асқақ аңызым,

Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!»

 

Дәл осылай толғанған еді белгілі ақын Ерлан Жүніс өзінің «Менің атым – Тәуелсіздік» атты өлеңінде. Иә,

Тәуелсіздік – бейбіт аспан,

Жарық Күннің «баласы».

Бес жарым ғасырда жатыр оның бабасы.

Болашақ үшін күрескен,

Баһадүрлер оның әкесі,

Кешегі өткен Әлия, Мәншүк – анасы.

Әлбетте,

Онда алтыннан қымбат бағасы!

Осынау қастерлі құндылығымыздың 25 жылдығына орай үш күннен бері Жетісу жерін аралап келген «Елім менің» облыстық автошеруі ауданымызға да ат басын тіреді. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өткен шараға Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық «Достық үйінің»  директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Алматы облыстық Ассамблея жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы Светлана Гаитова, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов арнайы қатысты. Келелі жиынды аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев жүргізіп отырды.

Алғаш мінберге көтерілген Ғабит Тұрсынбай Ассамблея тарихын бір шолып өтті:

– Елімізде жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ортақ мақсат, ортақ мүдде жолына тоғыстырған көреген басшылығымен жүзеге асып отыр. Сонау 1980-90 жылдары елімізде этно-мәдени орталықтар құрыла бастады. Осыларды азаматтық институт ретінде біріктіруді көздеген Ұлт Көшбасшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бұл өз кезегінде әлемді таңдандырды. Бұл жарасымдық Назарбаевтың моделі деген атпен алты құрлықтың мойнын бізге бұрғызды. Себебі, оған дейін ТМД елдерінде де мұндай құрылым болған жоқ.

Иә, мемлекеттік тіл мәселесін көтеру де Ассамблеяның күн тәртібінен түспегенін бәріміз білеміз. Себебі, тіл – халықты біріктіруші маңызды фактор. Бұл турасында:

– Этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қазақ тілін үйренуге жол ашық. Талдықорған қаласындағы «Достық үйінде» арнайы жасақталған тіл кабинеті бар. Сол арқылы соңғы үш жыл ішінде жүзден аса ұлыс өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп шықты. Үйреніп қана қойған жоқ, Ілияс, Абай оқуларына да қатысты. Жүлделі орындарды иеленді, – деп ойын сабақтады төраға орынбасары. Осындай орталықтан қазақ тілін 76 жасында үйренген Светлана Гаитоваға сөз кезегі берілді. Қазақ тілінің қаймағын бұзбай сөйлеген анамыз ойын өз өлеңімен қорытты:

«Мемлекеттік тіліммен мақтанамын,

Түркі тілдің ішінде ол – асыл тас.

Қазақ тілін білем деп шаттанамын.

Тілі ортақ мемлекет ол – Біртұтас».

Иә, ортақ тілде сөйлейтін азаматтар ортақ шешімдерді де табатыны қоғамның қалыптасқан тәжірибесі. Ендеше мемлекеттік тілді меңгеру, біртұтастыққа бастайтын жарқын жол екенін ұмытпасақ болғаны.

Сондай-ақ, облыстық «Бірлік» жастар қауымдастығының төрайымы Наталья Белик, Жаңашар округі жастар ісі жөніндегі әдіскер Мадия Болатқызы өз ойларын ортаға салды. Бірлік – жасампаздыққа бастайтынын бірауыздан атап өтті.

Кейіннен облыстық Ассамблея көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Айтып өтейік, Ұйғыр ауданынан бізге өткен шеру Қарасай ауданында өзінің сапарын тоқтатты.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА. 

Оқылды 4265 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Облыстық автошеру ауданда Облыстық автошеру ауданда »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет