Жұма, 02 Желтоқсан 2016 11:20

Заң қадағалаушыларының жетістіктері жетерлік

Заң – бәрімізге ортақ, ал оның дұрыс орындалуын қадағалау – прокуратураның құзырында. Осыған орай, прокурорлардың кәсіптік мерекесі қарсаңында аудандық заң қадағалаушыларының осы жылғы атқарған жұмыстарын оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.

 

Бүгінде аудандық прокуратура табысты қызмет атқарып жатыр десек, артық айтқандық емес. Оның бірден-бір дәлелі, Есік қаласының төменгі жағындағы құрылысы аяқталмаған бес қабатты алып ғимарат мемлекеттің теңгеріміне қайтарылды. Іргетасы берік нысанға қаржы бөлінсе, алдағы уақытта тұрғындар игілігіне беріледі. Бұл – бір ғана мысал. Ал әлеуметтік-экономикалық сала бойынша қаншама жұмыстардың басы қайырылды. Соған тоқталып өтсек.

Аудандық прокуратураның берген мәліметіне сүйенсек, 18 тексеру нәтижесінде 681 заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде 623 заң бұзушылық жойылған, енгізілген 12 наразылық негізінде 104 заңсыз актілер заң талаптарына сәйкестендірілді. Заң бұзушылықтарды жою туралы 84 ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде, 179 тұлға тәртіптік, 141-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерулерге байланысты қылмыстық іс қозғалмаған. Алайда, қолданылған шаралар барысында 130 млн 732 мың 668 теңге мемлекет кірісіне құйылған.

Бүгінде прокуратура органдары азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударуда. Осы бағытта ағымдағы жылда прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде 702 кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары қорғалған. Сонымен бірге, прокурорлық қызметтің басым бағытының бірі болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бойын-ша атқарған жұмыстар барысында 5 кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалды.

Сондай-ақ, құқық қорғау қызметін атқару барысында прокуратураның атқарған жұмыстары туралы сөз болғанда, өткен жылдарда «Казпочта» акционерлік қоғамы аудандық бөлімшесінің бұрынғы қызметкерлері тарапынан өзіне сеніп тапсырылған қаражатты талан-таражға салу фактілері бойынша айта кету қажет. Баршаға мәлім, ол қаражат «Казпочта» акционерлік қоғамының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесі арқылы зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға тиесілі болған. Сол атышулы істер бойынша 150-ден астам тұлға өздеріне тиесілі қаражаттарын ала алмай қалған болатын. Бүгінгі таңда қылмыстық істер қаралып, кінәлі тұлғаларға тиісті жазалар тағайындалды. Прокуратура тарапынан атқарылған шаралардың негізінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды заңды иелеріне төленуіне тікелей ықпал етілді.      

Мемлекет мүддесінің қорғалуы да прокуратураның құзырында. Осы салада аудандық прокурорының ықпалымен жоғарыда аталған көлемдегі сома мемлекет бюджетіне өндірілген болатын. Сонымен қатар, прокуратура тарапынан мемлекет меншігіндегі 91 га жер учаскесінің жеке тұлғаға заңсыз берілуі фактісі анықталды. Аталған жер учаскесін мемлекетке қайтару үшін аудандық прокуратура тарапынан Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз беріліп, жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2334 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет