Бейсенбі, 22 Маусым 2017 19:15

Абзал жандар құрметтелді

 

     Әлемдегі қаншама мамандықтардың ішінде бар өмірін адамдардың денсаулығына сарп ететін, асыл мамандық адамды емдеу әрине. Жұмыстары жауапкершілікке толы, әр азаматтың басты байлығы үшін дамыл таппай қызмет ететін дәрігерлерді «ақ халатты абзал жандар» деп сыйлаймыз. Қандай құрметке де лайықты медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Бәйдібек би ауылындағы Мәдениет үйінде жоғары деңгейде аталып өтті жақында.

      Мерекелік іс-шарада алғашқы сөзді алған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған мейірімді жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап:

– Бұл мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласы-ның барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегі бүкіл жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Сөзсіз Сіздердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Жанашырлықтарыңыз, мейірім мен кәсіби адалдықтарыңыз Сіздерді «адам жанының арашасы» деп қоғамның ең биік сатысына шығарды. Дана халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп адам денсаулығын дү-ниедегі байлықтардың бәрінен жоғары қойса, Ата заңымызда «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы» деп айқын көрсетілген. Сондық-тан да сіздер халықтың өзде-ріңізге деген сенімін арттырып, қажетті кәсіби көмек беретіндеріңізге күмәнданбай-тындай, халыққа мінсіз қызмет етулеріңіз қажет.

     Елбасымыздың тікелей бас-тама көтеруімен ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға арнал-ған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, қолға алған стратегиялық бағыттардың дұрыс екендігіне көз жеткіздік. Соның арқасында денсаулық сақтау саласына қомақты қаржы бөлініп, медициналық нысандар салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жаңа қарқын алды. Ауданымызда көптеген елді мекендерде жұртқа аса қажетті медициналық мекемелер салына бастады. Биылғы жылы Алмалы ауылында күніне 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория, Алға ауылында күніне 20 адам қабылдай алатын фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жүргізілуде. Ал 2020 жылға дейін Қорам, Жаңашар, Көктөбе, Ащысай, Достық, Ақбастау, Қызылшарық және Балтабай ауылдарында күніне 50 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жайлы облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс берілді – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданымыздың денсаулық сақтау саласы өрке-ниетті өзгерістерге қол жеткізіп жатқанын баяндады. Осы жыл-дың негізгі көрсеткіштері бойын-ша, ауданымыздың орталық ауруханасы облыста «Ең үздік аурухана» номинациясының иегері атанғанын мәлімдеп,  ақжолтай жаңалықтармен бөлісті.

    Шара барысында аудан басшысы медицина саласында сан жылдар бойы аянбай тер төгіп, халықтың алғысына бөленген ауданымыздағы «Еңбек ардагер-лерін»  марапаттап, өз қолымен арнаулы сыйлықтарды табыс-тады. Сонымен қатар, номинациялар бойынша да дипломдар табысталды. Атап өтсек: «Үздік емдеу мекемесі» болып танылған Қаракемер ауылының ДА, «Үздік фельдшерлік пункт» Көлді ауылының фельдшерлік пункті, «Үздік бөлім» аудандық аурухананың жансақтау бөлімі болып танылды. Сондай-ақ, «Үздік дәрігер» Есік қаласы Перзентханасының, балалар жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айнаш Исмаилова, «Үздік акушерка» Ақши ауылының ДА-нан Гүлнәр Мукушева, «Үздік фельдшер» Шелек ауылының ауруханасы, жедел жәрдем бөлімінен Ғұламжан Исраилов және «Үздік мейірбике» болып Қазақстан ауылының ДА-нан Жамиля Қалдыбаева есімді дәрігерлер өз ісінің үздіктері атанды.

    Көп жылғы халықтың денсау-лығын қорғауда орасан зор еңбегі мен осы саладағы реформаларды жүзеге асырудағы белсенділігі үшін басқа да бірқатар азаматтар аудан әкімінің мақтау грамотасына ие болды.

   Осылайша еңбектері баға-ланған медицина мамандары ел алдында зор құрметке бөленді. Әріптестерін құттықтау үшін аудандық емханада көп жылдар бойы бас дәрігер болған, Облыстық денсаулық сақтау басқармасында басшылық етіп,  кезінде ҚР мәжіліс депутаты болып сайланған Өмірғали Кенжебекұлына сөз ұсыныл-ды. Ел ағасы өз кезегінде – 16 ауданның ішінде 300 мың тұрғыны бар біздің ауданымыз-дың ауруханасы үздік болып танылғаны менің төбемді көкке жеткізуде. Мемлекетімізде медицина саласының дамығанының белгісі, осыдан 15-20 жыл бұрын шетелде ғана жасалатын күрделі оталар, қазір еліміздің кез-келген облысында жасалып жүр. Денсаулық саласының осындай деңгейге жетуінде Елбасымыздың орасан зор еңбегі жатқанын ұғынуымыз керек. Бүгінгі бір-қатар азаматтарға берілген марапаттарға, ауданымыздағы 3 мыңнан астам дәрігердің бәрі лайықты деп білемін. Себебі осы жетістіктердің барлығында, әрбір ақ халатты абзал жанның қосқан үлесі бар – деп ақжарма ойын ақтарып, әріптестеріне тілегін жеткізді.

    Мерекелі кеш аудан өнер-паздарының концерттік бағ-дарламасымен жалғасты. «Айжан» балабақшасының бүлдіршіндері дәрігерлерге ыстық ықыластарын жеткізіп, ән шырқап бергені көрермендерге шынайы күлкі сыйлады. Бетке ұстар әншілеріміз Қабыл мен Ерке, Арайлым Мамырбекова, Салық Әсел, Нұртас Қайрат, Құралай Сәбетова, Ринат Беков және «Улыбка», «Бахар» би топтары өнерлерін көрсетіп, сахнаны сәнімен мерекенің мәнін арттырды.         

         

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 2448 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абзал жандар құрметтелді Абзал жандар құрметтелді »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет