Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 21:47

Жаңа нысандар тұрғындар қуанышын еселеуде

Бүгінде бір барған жеріңізге қайта айналып ат ізін салсаңыз, басқа жерге келгендей күй кешесіз. Себебі, экономикалық дамуға бет бұрған заманда елімізде құрылыс саласы да қарқынды өсуде. Зәулім ғимараттар, көз тартар саябақтар мен сәнді архитектуралық туындылар. Осының барлығы бардан жоқ жасаған құрылысшылардың еңбегі. Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтатын кескін-келбетінің көркеюі жолында аянбай тер төгіп жүрген құрылысшылар күні қарсаңында олармен сұхбат жасамай, аудан аумағында іске асып жатқан құрыш қолды ұсталар еңбегінің нәтижесін көрсетпекпіз.

Қазіргі уақытта аудандағы ең үлкен жаңалығымыз – Есік қаласы мен Шелек ауылында салынып жатқан қос мектеп. Өткен жылы құрылысы басталған аудан орталығының төменгі жағындағы мектеп құрылысының мердігері «Жөндеу Құрылыс» ЖШС. Сметалық құны 1 млрд 396 млн 124 мың теңге болатын нысанның негізгі жұмыстары аяқталған. Ақтап-сырланған мектепке жиһаздары 25 тамызға дейін кіргізілмек. Қазірдің өзінде мектепке оқушыларды қабылдау басталып та кетті. Қыркүйек айында саяжайлықтар жаңа оқу ғимаратының босағасын аттамақ. Шелек ауылындағы оқу орны да қыркүйек айында балаларға есігін ай-қара ашпақ. Құрылысты жүргізіп жатқан «Альтаир» өндірістік кооперативі. Сметалық құны 1 млрд 511 млн 13 мың теңгені құрайтын ғимаратта сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған.

Ават ауылындағы О.Мухаммадий атындағы орта мектепте осы күнге дейін 1000-ға жуық оқушы 3 ауысымда білім алатын. Өткен жылы бұл мәселенің түйіні тарқады. Бюджеттен 877 млн 934 мың теңге бөлініп, 300 оқушыға арналған қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Құрылысшы» ЖШС өкілдерінің айтуынша, нысан биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

Ауданымызда шалғайда орналасқан ауылдарды дамытуға да баса назар аударылуда. Олай дейтініміз, ауданның шекарасында орналасқан Бәйтерек округіне қарасты Алға ауылының оқушылары тар әрі құлаудың сәл-ақ алдында тұрған мектепте білім алуда. Мәселені республикалық деңгейде көтерген аудан әкімінің арқасында ауылда 300 балаға арналған мектеп 50 орындық шағын орталығымен бірге салынуда. Құны 775 млн 686 мың 666 теңгені құрайтын нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын «Alatau Construction Group» ЖШС жүргізуде. Аудандық құрылыс бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, жұмыстар күнтізбелік жоспар бойынша жүзеге асуда. Ауданымыздың шағыс жағындағы Жаңашаруа ауылының балалары да алғалықтардың күйін кешкен. Бірнеше ғимараттан тұратын оқу ордасының әбден тозығы жеткен. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе де, ескінің аты ескі. Бұл түйткіл де оң шешімін тапты. Бюджеттен бөлінген 456 млн 674 мың теңгеге 120 оқушыға арналған заманауи оқу ғимараты бой көтеруде. Мердігер мекеме «Жібек Жолы Құрылыс Сервис» ЖШС өкілдерінің сөзіне сүйенсек, құрылыс келісім-шарт негізінде қарқынды іске асуда.

Аудан азаматтарын тұрғын-үймен және жер телімдерімен қамту да дұрыс жолға қойылған. Өткен жылы 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, Қырбалтабай және Қорам ауылдарында 100 гектарға жуық жерге инфрақұрылым жасалған болатын. Биыл Қаракемер ауылында 20 бір пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлер және осы үйлер үшін инженерлік-коммуникациялық құрылымдарының құрылысы жүргізілуде. Құны 151 млн 147 мың 678 теңге болатын құрылыстың мердігері «Альтаир» ӨК. Сондай-ақ, аталған мекеме бүгінде Қазақстан ауылында 88 млннан астам теңгеге округ әкімдігінің ғимаратын салуда.

Ауыл тұрғындарының саулығы да бірінші орында. Қаншама ауылдарымыз-дың осы күні амбулаторияларының сапасы сын көтермейді. Бұл проблемалар да біртіндеп шешімін табуда. Алға және Алмалы ауылдарында сыйымдылығы 50 адам болатын ауылдық амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Көп ұзамай қос ауыл тұрғындарына жаңа емхана қызмет көрсетпек.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2154 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет