Жексенбі, 03 Желтоқсан 2017 15:27

Патриоттық рухта тәрбие беру – іс жүзінде

 

«Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр  және тарихи жад арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары...» деп басталған еді Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы бір тұтас ұлт» атты XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі. Шынымен, жастар бойына патриотизмді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, ата тарихымен таныстыру – ұстаз ретіндегі міндет-борышымыз.

 

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Назарбаев.

Осы тұрғыдан ой өрбітсек, жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да айрықша аталған. Тіпті, 2017-2018 оқу жылында Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында 5 сағат бөлінді. Онда ұстаздар қауымы белгіленген тәртіп бойынша сабақтарды мұражайларда, мәдени ұйымдарда, тарихи ғимараттарда өткізуі тиіс. Көшбасшымыздың өзі «Есік – көне Сақтың астанасы» деп бағасын берген Есік қаласына Н.Островский атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары республикалық «Есік» археологиялық қорық-мұражайына келіп, қазақ тілі мен тарих пәнінен дәріс алды. Мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Н.Шаңбаев пен Е.Әлімжан және өзім бастаған 30 оқушыдан құралған топ мұражайдағы экспонаттарды ыстық ықыласпен көрді. Тіпті, толассыз сұрақтарын да жаудырды. Басым көпшілігі тарих кітабынан суретін ғана көріп жүрген «Алтын адам» турасында сауалдарын бүгіп қалмады. Сонымен қатар тарихи құндылығымыздың табылуына себепші болған Бекмұханбет Нұрмұхамбетовтың жұмыс бөлмесін көрді, мұражай маңындағы қорықтарға сұқтана қарады. Екі сағатқа жуықтаған сабақ барысында жас буын өздері өскен өңірдегі тарихқа толық қанықты. Патриоттық актіде көрсетілгендей «...Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз» деп тарқасты.

Түйіндей келсек, туған жерге деген сүйіспеншілік оның тарихын танудан басталады. Ал кіндік қаның тамған өлкеңе деген ыстық ықылас Елбасы айтқандай «Туған елге» ұласады. Әрдайым, жас буынның бойына патриоттық рухта тәрбие беруді тек сөзбен емес, нақты іспен атқарғанымыз оң серпіліс береді.

 

Күлпәш ШАҢБАЕВА,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Оқылды 2549 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет