Жұма, 21 Қыркүйек 2018 11:42

Қос үздік облысқа жолдама алды

Маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап, халықтың мұң-мұқтажы мен түйінді мәселелерін шешуде жетекші рөл атқаратын «Нұр Отан» партиясы бүгінде тұрғындардың ризашылығына бөленуде. Сондықтан болар 1 млн 114 мыңнан аса мүшесі бар жетекші партия өзінің партиялық жобалары аясында көпшіліктің жүрегіне жол табуда. Және осы жобаларды үздік атқарып, партияның дамуына үлес қосқан үздіктерді назардан тыс қалдырған емес. Осы орайда, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды Асы округіне қарасты Асысаға ауылындағы мәдениет үйінде.

Жиынды жүргізген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев келешектегі жаңалықтармен бөлісті:

– Партиямыз да заман ағы-мына қарай дамып, атқаратын жұмысымыз күрделеніп келеді. Осы жылдың қазан айында концепция бекітілгеннен кейін, партияда үлкен өзгерістер болады. Партия қатарына кіруге ниеттенген азаматтарды 71 параметр бойынша қабылдайтын болады. Сол секілді, партия мүшелерінің атқарған жұмыстары, жеткен жетістіктері мен кемшіліктері жеке электронды кабинетінде жазылып тұрады – дей келе әділ-қазы алқасымен таныстырды.

Байқауға ауданымыздағы 26 бастауыш партия ұйымдарының барлығы қатысып, партиялық жобалар аясында іске асырылған жұмыстар бойынша есеп берді. Бастауыш ұйымдардың жұмысына әділ-қазы алқасы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, ау-дандық мәслихат депутаты Абликим Сайдуллаев, партия ардегерлері Айтжан Қашағанов пен Нұрдәулет Қалқаев әділ бағасын берді. Байқауда алғашқы құттықтау сөз сөйлеген Бекет Ахметов:

– Негізгі партияны құрмай мемлекет қалыптастыру мүмкін емес. АҚШ, Ресей Федерациясы сияқты біздің мемлекетімізде де партияның арқасында жұмыстар жүйеге келтірілуде. Осындай алып партияның салиқалы саясатын жүргізіп отырған сіздердің еңбектеріңіз елеусіз қалмайды. Өздеріңіз білетіндей, осыдан бірер жыл бұрын біздің бастауыш партия ұйымымыз республикалық байқаудан бірінші орын алды. Ол сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Сондықтан, осы бағыттан таймай еңбек етіп, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек – деп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейіннен, БПҰ төрағалары өздерінің баяндамаларын оқып, тоғыз ай бойы атқарыл-ған жұмыстарды тізіп берді. Мәліметтерге сүйенсек, партияның мұрындық болуымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Шелек ауылындағы №1 орта мектепте ІТ сыныбы ашылды. Сонымен қатар кітапханаларда коворкинг орталықтары қызмет етуде.  Бірнеше партиялық жобалар аясында жүргізілген жұмыстарға тоқталған БПҰ төрағаларына әділ-қазы алқаларының тарапынан Елбасының Жолдаулары, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында сұрақтар қойылды.

Барлығы тыңғылықты дайындықпен келген бастауыш ұйымдардың арасынан үздікті анықтау әділ-қазыларға оңайға соқпады. Нәтижесінде, ІІ санат бойынша (100-500 мүшесі бар БПҰ) Бәйтерек БПҰ үздік деп танылып, І орынды иеленді. ІІ орын Масақ БПҰ-на, ІІІ орын Бәйдібек би БПҰ-на бұйырды.

ІІІ санатта (500-ден жоғары мүшесі бар БПҰ) 9 айдың нәтижесі бойынша ауқымды жұмыс атқарған Есік БПҰ І орынға жайғасты. Асы БПҰ ІІ орынды еншілеп, Түрген БПҰ үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының үздік хатшылары Зарина Бөлекбаева (Есік БПҰ), Лола Бакриева (Шелек БПҰ), Совет Смадылов (Көктөбе БПҰ) Алғыс хаттарға ие болды. Қуат Сұлтанұлы шараны ұйым-дастыруға атсалысқан Асысаға мәдениет үйінің директоры Дәурен Сәрсембаевқа алғысын жеткізіп, сыйлық табыстады.

Екі санат бойынша жүзден жүйрік шығып, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше атсалысқан, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Мектеп асханаларын жаңғырту» партиялық жобалары аясында тыңғылықты еңбегін көрсете білген Бәйтерек пен Есік БПҰ-дары облыстық байқауда ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1903 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет