Жұма, 13 Желтоқсан 2019 11:46

Еңбек – бәрін жеңбек

Бәсекелестік дамыған заманда әлем елдерін-де, тіпті, дамыған мемлекеттердің өзінде жұмыс-сыздық мәселесі көрініс бере бастады. Бұл келеңсіздікпен күресу мақсатында түрлі шаралар қабылданып, халықты жұмыспен қамтудың оңтайлы бағдарламалары ұйымдастырылуда. Еңбек нарығындағы қолайсыз жағдайларға қарамастан еліміздің де орнықты дамуы – тұрақты жұмыспен қамту саясатымен тығыз байланысты. Қазақстанда жұмыссыздықпен күресу мәселесіне баса назар аударылып, кешенді жұмыстар атқарылуда.  

Алдымен әрбір өңір-де құрылған жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы бүгінгі күнде жанданып, жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасау-да. Аталған орталық арқылы жұртшылық жұмысқа орналасып қана қоймай, қайта білім алып, тіпті, өз кәсібін ашу үшін орталық арқылы несие рәсімдеуге мүмкіндігі бар. Бизнес ашу арқылы жұмыссыздықпен кү-ресуді ғана емес, салық арқылы бюджет түсімін ұлғайту шетелдік тәжірибеде қолданылып, оң нәтижесін берген. Бұл бағыт та еліміздің экономикасына жаңа серпін сыйлады. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің былтырғы Жолдауында «Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді. Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік. Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым – деген. Елбасы жұмыссыздықты жоюға арналған жобаларды ұсынып, оң нәтижесін көріп отырмыз.

Сондай-ақ, өздерін қоғамнан тысқары сезінетін түзету мекемелерінен шыққан, шартты түрде сотталған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды да жұмыспен қамту тікелей мемлекеттің назарында. Құқық қорғау органдары мен құзырлы мекемелер бірігіп, жоғарыда аталған азаматтарды мемлекеттік мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастыруда.

Жастар – қоғамның қоз-ғаушы күші, мемлекеттің болашағы. Сондықтан, оларға сапалы білім беріп, жұмыспен қамту ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Былтырғы жылдың соңында Н.Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. Осыған орай жастармен өткен Кездесуде Елбасы жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесін де көтерген еді. Жас мамандарды ауылға тартып, еліміздің түп қазығын гүлдендіру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, экономикалық және жұмыспен қамту бағытындағы «Бизнес-тің жол картасы», Жұмыспен қамту – 2020» білім беру саласында қосымша гранттар және шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Жас отбасы» бағдарламасы аясында баспанаға қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, білім қуып жүрген жастардың жатақханадағы күйін қалыпқа келтіру мақсатындағы жобалар кешенді түрде жүзеге асырылуда. Оған қоса, осыдан бес жыл бұрын қолға алынған «Серпін» бағдарламасы еліміздің адам көп шоғырланған аймағындағы жастарды кадр тапшылығын көріп отырған шығыс, орталық, солтүстік өңірлерге жұмысқа жіберіп келеді. Бұл бір жағынан жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алуға септігін тигізсе, екіншіден, орыстанып кеткен аймаққа қазақылықты насихаттайды. Алайда, атқарылар жұмыс әлі алда. Себебі, бүгінгі таңда жастардың экономикалық белсенділігінің деңгейі 52,2 пайызды құрайды. Бұл жалпы көрсеткіштен 18,4 пайызға төмен. Жастар арасындағы жұмыссыздық еліміздегі жалпы жұмыссыздықтың көрсеткішінен 1,3 пайызға артық. Негізгі факторлар жұмыс біліктілігінің төмендігі, тәжірибенің аздығы. Оған қоса, жас кадрлар арасында жалақының төмендігі де байқалады. Қазіргі уақытта жастардың 40 пайызға жуығы ортақ жалақы деңгейінен төмен. Ал 20 пайызға жуығы ең төменгі жалақы алады. Сондықтан болар, жастар арасында қылмыс жасау фактілері жиілеп келеді. Әрине, бұл олқылықтарды жою мақсатында жұмыстар атқарылуда. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бұл бірер жылда атқарылар іс емес.

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының жыл сайынғы    жоспарларында, халыққа арнаған Жолдауларында жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дамыған елдердің өзі де жұмыссыздық проблемасын толығымен жоюға қауқары жетпей отыр. Дей тұрғанмен де, Қазақстанда еңбек етемін деген жанға барлық жағдай жасалған. Тегін білім береді, жұмысқа орналастырады. Керек десеңіз, кәсіп ашамын деушілерге қайтарымсыз гранттар бөліп, төмендетілген пайызбен несие алуға қол ұшын созады. Тек, еңбек ету керек. Екі қолға бір күрек ұстауға мемлекет қол ұшын беріп отырған кезеңде күрмеуі қиын жұмыссыздық мәселесінің де оң шешімін табары сөзсіз.

 

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 3284 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Еңбек – бәрін жеңбек Еңбек – бәрін жеңбек »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет