Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:13

Балаларға базарлық

Әлемдегі барша балаға бақыт пен қуаныш сыйлайтын жаңа жыл мерекесі де босағамызды аттағалы тұр. Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, балғындардың көңіліне шуақ болып тарайды. Сондықтан осы мерекені бүлдіршіндер асыға күтіп, Аяз атадан жаңа жылдық сыйлықтарын күтеді. Биылғы жылы Аяз ата ауданымыздың оқушыларын Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектебінде өткен «Президент шыршасында» құттықтады.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін, жетім және жартылай жетім, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған мерекелік шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев пен басқа да құрметті қонақтар арнайы қатысып, бүлдіршіндердің қуанышын бөлісті.

Мерекелік шыршаның шымылдығы «Салтанат» би ансамблінің «Снежная королева» биімен түрілді. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар, түрлі ертегі кеййіпкерлері мен "жануарлар" келіп, кештің сәнін кіргізді. Ауданымыздың беделді әншісі Нұртас Қайратұлы «Жаңа жыл» әнін шырқап, көпшіліктің көңілін көтерді. Лэд-экран арқылы оқушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын тыңдады. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы да балғындарға ақ тілегін жеткізді:

– Жаңа жылда барша бұлдіршіндерге бақыт пен қуаныш, сәтті оқу жылын тілеймін. Сендер әрдайым бақытты болуға лайықсыңдар. Бүгінде өздеріңе мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып, алаңсыз білім алуға жол ашылып жатыр. Сендердің негізгі міндеттерің – білім нәрімен сусындап, еліміздің дамуына үлес қосу. Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Жаңа жылда тілеген арман-тілектерің орындалып, әрқашан биіктен көрініп, көк Туымызды желбіретіп жүре беріңдер – деді Бинәлі Ысқақ. Ауданымыздың әр мектебінен келген 84 оқушыға сый-сияпаттарын табыстады. Кейіннен, эстрада жұлдызы ән шырқап, жиылған көпшілік би билеп, көңіл көтерді. Сахналандырылған қойылым көрсетіліп, бүлдіршіндер ертегі-лер әлеміне сапар шекті. Жиылған балалар аудан басшысы бастаған қонақтармен естелік суретке түсіп, алғыстарын жеткізді.

С.НҰРАДИН

 

Оқылды 1715 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Балаларға базарлық Балаларға базарлық »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет