Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020 17:08

Бүгінгі күннің Абайы

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залын-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында театр сахнасында ұлы ақынның рөлін ерекше сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, «Құрмет орденінің», «Құлагер» сыйлығының иегері, театр және кино актеры Болат Әбділмановпен кездесу өтті. Шараға колледж ұжымы, студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Кездесудың шымылдығы оркестрдің сүйемелдеуімен колледж хорының орындауындағы хакімнің әнімен түрілді. Еркебұлан Уразаев, Дина Оразғалиқызы Абайдың әндерін әуелетіп, жас ақындар арнауларын оқыды.

«Сыр-сұхбат» бөлімінде кеш қонағына түрлі сұрақтар қойылды.

Өзінің өмір жолынан сыр шерткен Болат Мәзімбайұлы актерлық өзінің ата-анасынан дарығандығын айтты:

– Менің анам Алтын Ружова – халық әртісі. Әкем Оразғали Әбділманов – ол да еңбек сіңірген әртіс. Үлкен сахнада Кебек, Сырым Датұлы, Балуан Шолақ, Қабанбай сынды ұлы тұлғалардың рөлін сомдаған. Мен осы кісілердің отбасында дүниеге келгеніммен, әкемнің перзент сүймеген ең үлкен ағасы Мәзімбайдың қолында тәрбиелендім. 18 жасқа дейін өзімнің шын әке-шешемді білген жоқпын – деген Болат Әбділманов тағы бір қызықты ақпаратымен бөлісті. Айтуынша, қазан айында туылғандықтан атын «Октябрь» деп қойған. Кейіннен, әжесі бұл есімге қарсы болып, атын «Болат» деп өзгертіп алған.

Ең алғашқы Абайды 30 жасында «Қалың елім қазағым» спектаклінде ойнаған Болат Мәзімбайұлы осы сомдаған рөлін Абай өміріне енуге жасалған алғашқы баспалдақ екендігін жеткізді.

– Орыстың ұлы сыншылары «Отеллу без голоса играть нельзя» – дейді. Сол секілді, Абайды ойнайтын актердің де даусы кәсіби тілмен айтқанда баритон болу керек. Кең тынысыты, эпикалық үнді, зор дауысты адам болуы керек. Мыңмен жалғыз алысқан Абай қарапайым тұлға емес – дегенді алға тартқан Болат Әбділманов қазақ халқы өзін өзге рөлмен емес Абаймен танығанына қатты қуанатындығын атып қалды.

– Жасыратыны жоқ, өмір болған соң, өнер болған соң түрлі рөлдерді сомдайсың, жағымсыз кейіпке енесің. Кейде жеккөрінішті тұлғаның рөлін алып шығасың. Бірақ елім мені осы рөлдермен емес, Абай рөлін сомдаған Болат ретінде танып, үлкен құрмет көрсетіп жатады. Бұл мен үшін абырой, үлкен мақтаныш – дейді.

Кездесу барысында «бүгінгі күннің Абайына» түрлі сұрақтар қойылып, жастар алғыс-тілектерін жеткізді. Шара соңында Болат Мәзімбайұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Қорытынды сөзінде колледж директоры Алмас Жылқыбаев актерға ризашылығын білдіріп, ауданымыздың символына айналған «Алтын адам» мүсінін сыйға тартты.

С.НҰРАДИН

Оқылды 2223 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бүгінгі күннің Абайы Бүгінгі күннің Абайы »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет