Сейсенбі, 02 Маусым 2020 13:41

Ер еңбегі – ел еңбегі...

Мемлекеттік архивтегі жеке қор құжаттарын жетілдіруді қамтитын тарихи зерттеулерге қажеттілік күшейіп, қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін архив құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы арта түсті. Қоғам тарихында маңызды деректер қатарына жеке адамдардың құжаттары да енеді. Жеке қор құрамына қолжазбалар, хаттар, қор құрушының жеке және тұрмыстық құжаттары, ғылыми шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық материалдары, мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттар, жинаған коллекциялары, туыстарының және өзінің рәсім суреттері кіреді. Мемлекеттік архивтің басты міндеттерінің бірі – архив қорын жеке адамдардың құжаттарымен толықтыру болып табылады.

Осы мақсатта Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  «Мәдени даму» жобасы аясында тарихымыздың құнды деректерін жаңғырту мақсатында «Тарихи тұлғалар» жобасының негізінде «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Еңбекшіқазақ филиалына 2019 жылдың 17 ақпанында қазақтың тума талант дарыны, қолөнер ісінің көркем шебері, зергер, ұста, марқұм атамыз, жерлесіміз Дәркембай Шоқпарұлының қолтаңбаларын, өз қолымен жазған өлеңдер жинағын, баспа беттеріне жарияланған мақалаларын, құттықтау қағаздарын, грамоталары мен дипломдарын, жеке фотосуреттерін, өмірбаянына қатысты құжаттарын, оқу-әдістемелік кітаптары, лекциялары, шәкірт тәрбиелеу жолындағы көптеген дипломдық жұмысқа жетекшілік еткендігін айқындайтын жұмыстары және жеке басына қатысты құжаттарын, әкесінің жолын қуып, халыққа ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген Дәркембай атамыздың ұлы Дәулет Шоқпаров біздің архивке сақтауға тапсырған болатын.

Содан бері  Дәркембай атамыздың құжаттарының физикалық жай-күйі тексеріліп, ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, өңдеу нәтижесі бойынша 130 сақтау бірлігі анықталды. Жинақталған құжаттар 1976-2006 жылдар аралығын қамтиды.

Болашақта Дәркембай атамызға қатысты әлі талай құнды дүниенің жарыққа шығары сөзсіз. Құжаттарына қызығушылық танытып, зерттеу жұмыстарын жүргіземін деген азаматтар біздің архивімізге мына мекен-жай бойынша хабарласуына болады: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Х. Бижанов к-сі, 100.

Сонымен қатар, құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткіземін деп елімізге, ауданымызға еңбегі сіңген белгілі азаматтарымызға архивіміздің есігі әрдайым ашық екенін хабарлаймыз.

 

 

А.МЕРГЕНБАЕВА,

АОМА Еңбекшіқазақ филиалының архивисі

Оқылды 2163 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ер еңбегі – ел еңбегі... Ер еңбегі – ел еңбегі... »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет