Жұма, 04 Қыркүйек 2020 09:38

Нақты іс-қимыл кезеңі

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария етті.

Жер-жаһанға зор қауіп төндірген коронавирус салдарынан елімізде орын алған күрделі кезеңде жариялаған Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған әрбір бағыт-бағдар мен міндеттер ел өмірі үшін ерекше маңызға ие.

Мен Қазақстан Президентінің Жолдауымен танысқанымда, Мемлекет басшысының сөзі мен ойларын ықыласпен қабыл алдым. Президент әрбір қазақстан-дықтың тағдырына алаңдайтыны соншалық, оған тоқтамай өту мүмкін емес. Әлеуметтің әл-ауқатын арттыру үшін шешілуі қажет барлық өмірлік аспектілерді қозғады.Онда көрсетілген әрбір 11 іс-қимыл жоспарының өзіндік ерекшелігі бар.

Алғашқысы, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Мұнда Президент бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн екендігін назарға салды.

Әлбетте, мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және олардың орындалуы үшін жауапкершілік тәсілдері өзгеретін болады.

Екінші, жаңа шындықтағы экономикалық даму. Мемлекет басшысы: «Бізге Қазақстан экономикасының болашақ құры-лымына жаңаша қарауға тура келеді. Еліміздің өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету сияқты негізгі секторларының әрқайсының рөлін анықтау керек. Басқаша айтқанда, шұғыл түрде эконо-миканың жаңа құрылымын құру қажет» деп атап өтті. Әрине, бұл тұрғыдан өңдеуші өнеркәсіпке баса назар аудара отырып, әртараптандырылған экономиканы құру – басты басымдықтардың бірі екендігі сөзсіз.

Бізде аграрлық саламен бірге ауданның өнеркәсібі де ойдағыдай дамуда. Сондай-ақ Жолдауда айтылғандай ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Осы бағытта ауданымызда бақшаларды дамытумен қатар жеміс сақтайтын заманауи қоймалар да іске қосылуда. Соңғы бес жылда алма бақтардың аумағын екі есе арттыра алдық.

Дегенмен, 2020 жылы шағын және орта бизнес күрделі кезең-дерді бастан кешуде. Сондықтан Мемлекет басшысы айтпақшы, экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет.

Үшіншіден, ел болашағы өңірлер деңгейіндегі өзгерістерге байланысты. Осы ретте Президент аймақтардың бюджетін жетілдіру, кіріс базасын нығайту жөнінде нақты тапсырмалар беріп отыр. Демек, ауылдардың әлеуетін толық ашу мәселесі стратегиялық маңызды болып қала береді әрі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жалғасатын болады.

Ең басты басымдық азамат-тардың әлеуметтік әл-ауқатына беріліп отыр. Жолдауда қазіргі кезеңде тұрғындар үшін маңызды болып отырған жұмыспен қамту, тұрғын үй, отбасы құндылықтары, демографиялық жағдай, әлеуметтік көмек сияқты маңызды сұрақтарға жауап беріліп, мемлекеттің таяу болашақтағы дамуының нақты міндеттері мен басымдықтары, өмірдің барлық салаларындағы іс-қимылдың стратегиялық бағдарламасы көрсетілді.

Дана бабамыз Ахмет Иүгінеки айтқандай, «Бақыт жолы – білімде». Жолдаудағы бесінші басымдықтың да осы саланың өркендеуіне берілгені заңдылық. Президент осы жолы да ұстаздар жалақысына көңіл бөліп, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.

Алтыншы, денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Осы бағытта медициналық ұйымдарды қа-жетті жабдықтармен толық жарақтандыруға, төсек қорын 50%ға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жетінші бағытта қорша-ған ортаны қорғауға басымдық берсе, сегізінші бағыт – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Әлбетте, заң үстемдігі орнықпаса және азаматтар-дың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы.

Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Бұл тұрғыдан аудандық мәслихаттар үшін маңыздысы, әрине, Жолдауда атап өтілген Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу мәселесі. Бұл – өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Тоғызыншы – цифрландыру. Рас, өмір сүру деңгейін жаңа белеске көтеретін бұл реформа замана қажеттілігі. Оныншы, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы. Жолдауда Мемлекет басшысы: «Мәслихаттарға қол жинау және өңірді дамыту бойынша петиция жасау немесе кейде ондаған жылдар бойы өз шешімін таппаған жергілікті проблемалар функциясын беру мүмкін деп санаймын.Сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссияларын күшейту керек. Үкіметке және Есеп комитетіне заңнамаға тиісті түзетулер пакетін дайындауды тапсырамын. Мәслихаттар отырыстарының міндетті онлайн-трансляциясын енгізу қажет. Халық қалаулыларының пікір-таластары, олардың қоғамдық-саяси келбеті қоғам үшін құпия болмауы тиіс. Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кезең-кезеңімен ажырату ұсынылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жиындар мен жиналыстардың мәртебесін арттыру қажет. Жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерге қатысты олардың пікірін аудандық мәслихаттар нақты шешімдер қабылдау үшін ескеруі тиіс» деп атап өтті. Бұл бағыт расында бүгінгі таңда мәслихаттардың жұмысын жетілдіруге оң серпін бермек.

Он бірінші – ұлттың жаңа болмысы. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған қол жеткізудің алты негізгі қадамын белгілеп берді. Ол білім, адал еңбек, кәсіби дағды, тәртіп пен жауапкершілік, әділдік және адалдық. Бұл «нағыз қазақтың жаңа кейпі» болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу», – деп зиялы қауымға үлкен сенім артты.

Қорыта келгенде, ел тарихында алғаш рет орын алған індетпен күрес – ортақ міндет. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Расында да, біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылуға тиіспіз.

 

Б.АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы

https://mezet.kz/makalalar/item/2774-zholdau-a-koldau-audan-aktivi-otti.html

https://mezet.kz/component/k2/item/2764-memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-kazakstan-khalkyna-zholdauyn-zhariyalady.html

https://mezet.kz/makalalar/item/2778-nakty-is-kimyl-keze-i.html

https://mezet.kz/makalalar/item/2801-ilim-izdengenge-irkilis-zhok.html

https://mezet.kz/component/k2/item/2791-askhat-ajma-ambetov-basty-ka-ida-san-emes-sapa.html

 

 

Оқылды 3054 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет