Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 12:35

Тағдырлас елмен рухани-мәдени байланыс

ЖАҚЫНДА БАУЫРЛАС ЕКІ ЕЛДІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ТАТУЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮРГЕН АУЫЛЫ Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП  ӨТТІ.

Сонау Түркиядан ат арытып келген құрметті қонақтарды Түрген ауылдық округінің әкімі Б.Елеусізова бас болып, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары барынша сән-салтанатпен күтіп алды. Ең алдымен Д.Қонаевтың рухына тағызым етіп, ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша бауырсақтан дәм татып, ұлттық нақышта киінген ақ әжелердің әуелеген әнін тыңдады. Қонақтарға арналып «Қош келдің, түбі бір түрік бауырлас!» атты арнау айтылды.

Түргендік түрік этносы дайындаған ұлттық көрмемен танысты. Бір айта кетерлігі, аталған мектепте қазақтан басқа 17 этнос өкілі білім алуда. Олардың дені түріктер. Сол себепті қонақтарда өздерін еркін сезінгені байқалады.

Қарсы алу рәсімі аяқталған соң мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Концерт барысында қазақтың баланың тұсауын кесу дәстүрі мен түріктердің қыз ұзату жоралғысы көрсетілді. Әсіресе, тұсау кесу рәсімі қонақтарға қатты ұнаған болса керек, барынша қызыға тамашалап, зор ынта танытты. Шараның үшінші бөлімі мек теп директоры Р.Ахметованың сөзімен басталды.

Өз сөзінде келген қонақтарға алғыс айтып, мектептің тарихы мен жетістіктерін таныстырып өтті. Келесіде сөз алған округ әкімі Б.Елеусізова бауырлас түрік еліне өзінің ыстық лебізін білдірді. Түркиялық делегацияны бастап келген Хакан Демир мырза да қазақ халқы мен мектеп ұжымына ризалық танытты.

Еңбекшіқазақ аудандық «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы бастығының орынбасары Н.Кулаев мырза қазақ халқы мен қонақтарға рақметін айтып, қонақтарға түрік этносының жай-күйін таныстырды. Келген қонақтарға қазақ дәстүріне сай иықтарына шапан жапты.

Қонақтар ортаға шығып өздерінің ұлттық биін биледі. Шара соңында қонақтарға Түргенннің көз сүріндірер сұлу табиғаты көрсетіліп, дастархан жайылды.

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

 

Оқылды 2676 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет