Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:19

Ағаштан  ою ойып, темірден түйін түйген

Шебердің қолы ортақ

 

 

Өзі түйін түймеген,

Зат қадірін біле ме?

Өзі түсіп күймеген,

От қадірін біле ме?

Ағаш жонып көрмеген,

Шот қадірін біле ме? – деп танымал шебер, марқұм Дәркенбай Шоқпарұлы айт-пақшы, қолынан іс келмейтін адамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Ал, Ақтоған ауылының тұрғыны  Ақберген Шубаев осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп, алуан түрлі кәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген қас шебердің өзі.

Бабалар қашап кеткені,

Тарихтың көне беттері.

Тайсалмай тағдыр тезіне,

Сарғайып бізге жеткені, – деп Ақберген Батырханұлы жырлағандай, бабалардан қалған өнерді жалғастырып, ағаштан ою ойып, темірден түйін түйіп жүрген азамат. Біз керексіз деп мән бермейтін нешетүрлі заттардан тың дүние жасап шығару тек талантты танытып қана қоймайды, көрегендікті де қажет етеді. Қисайып немесе небір пошымдағы ағаштан, не тамырдан әлдебір бейнені елестетіп, оны жасап шығару – шебер-лік емей немене. Жүнді, теріні өңдеп, малдың мүйізін, асығын, сүйегін сүріп, кәдеге асыру – зат қадірін, ал сол затты ығына, бейіміне қарай жонып, шауып іске асыру шот қадірін білгендік.  Енді, темірді отқа балқытып, неше түрлі өрнектеп кәдеге асыру – от қадірін білгендік. Міне, сондай қасиет Ақберген шебердің бойынан табылады.

Отбасы Отаны Қазақстанға көшіп келіп, Ақберген Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернатында білім алады. Өзі оқып алған техник, гидротехник мамандығымен бірге,                    жастайынан әкесінен үйреніп, дағдыланған қолөнер саласын да қатар алып жүреді. 1990 жылдан Дәркенбай Шоқпарұлының қармағында тәжірибе жинақ-тайды. 1991-2000-шы жылдары мектеп оқушыларына қолөнер саласы бойынша үйірме ашып, жұмыс жүргізеді. Ақтоған мекте-бінде шебердің бұйымдарына арналған арнайы бұрыш та бар. Қазір оның қолынан шыққан      туындылары осы өңірдің отбасыларында баршылық. Тапсырыс бойынша түрлі бұйымдар жасау-мен айналасуда. Ел көбінесе еліктің не басқа жануардың сирағы мен тұяғынан сапталып, қайыспен өрілген қамшы, ұлттық өрнектермен әшекейленген ерто-қым, белдік, торсық, тағы басқа да бұйымдарына қызығушылық танытып, тапсырыс береді екен.

Ақберген шебер ғана емес, ақындық талабы да таудай екен. Сәті түскен кезде қағаз бетіне ойдан туған шумақтарын түртіп қоятын да әдеті бар. Мен оны Шелекте тапсырыс берген адамдарға, қамшы, ағаш рамкаға кенептен не өңделген теріден керіліп, алуан-алуан бейнелер салынған бұйымдар жасап әкеліп жүрген кезде жолықтырдым. Мына суреттегі дүниелер соның бір дәлелі ғана. «Ел іші – өнер кеніші» деген осы емес пе?

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 4094 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет