Бейсенбі, 24 Мамыр 2018 13:10

Орманымыз сенімді қолда

Өрт – адамзаттың қас жауы. Әсіресе, орман өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі. Осыдан 6 жыл бұрынғы Медеу шатқалында болған тілсіз жау төтеншеліктермен қатар, тұрғындарды да әбден есеңгіреткен еді. Салдарынан қаншама гектар қарағай жойылып кетті. Болашақта осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмасымен түрлі шаралар өткізілуде. Осы орайда, жақында Шелек орман шаруашылығында өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Апат кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында өткізілген шараға облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нүсіпбаев арнайы қатысып, орман шаруашылығы қызметкерлерінің дайындығын тексерді.

Қаіпсіздік мақсатында ұйымдастырылған арнайы шараға басқа аудандардың орман шаруашылығы өкілдері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары, төтенше жағдайлар бөлімі өрт сөндіру қызметі және Асы, Шелек, Қаражота ауылдық округтерінен жиналған еріктілер тобы атсалысты.

Оқу-жаттығудың семинарында сөз сөйлеген Шелек орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Бекболат Алтаев өртке қарсы өткізілген іс-шаралар мен үгіт-насихаттар бойынша есеп беріп, орманның адам өмірі үшін маңыздылығын айтып өтті. Кейіннен, Шелек өрт сөндіру бөлімінің қызметкері орман өрті кезінде қандай нәрселерді ескеру керектігін түсіндіріп өтті. Сөзіне сүйенсек, алапат өртті сөндіруге шыққан техниканың кептеліс жасамай қозғалғаны маңызды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер желдің өтіне қарсы тұрмауы керек. Әрдайым, желдің бағытын анықтап отыру – өте маңызды.

Шара барысында жоғарыда аталған өртке қарсы құрал-жабдықтарды, тенхникаларды аралап көрген Қанат Нүсіпбаев мамандармен тілдесіп, дайындықтарына көңіл бөлді. Әсіресе, еріктілердің қауіпсіздігін ерекше атап өтті:

– Бүгін еріктілер тобы оқу-жаттығуға келіп отыр. Егер өрт орын алған жайғдайда бұл азаматтар үстеріндегі киімдерімен өрт сөндіре алмайды. Синтетикадан және басқа да отқа тез тұтанатын матадан жасалған киімдер апат кезінде адамның өміріне қауіп туғызады. Сондықтан, округ әкімдері осы адамдарды арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Өздеріңізде бюджет бар, осы мәселені қарастырарсыздар – деп әкімдерге ұсыныс жасады.

Жиналыстан соң арнайы қонақтар мен бақылаушылар өрт болатын аумақтағы штабқа аттанды. Арнайы дайындалған бірнеше жерге өрт қойылды. Дабыл соғылып, белгілі аймақта өрт оқиғасы тіркелгендігі жөнінде хабар берілді. Санаулы уақытта жеткен техника мен мамандар қызыл жалынды сөндіруге бірден кірісіп кетті. Алдымен тілсіз жау бағыт алған жақты трактормен жыртып, оттың келесі бетке өтуіне кедергі жасалды. Көзді ашып-жұмғанша сақадай сай техника апаттың алдын алды. Барлығы шынайы түрде болды. Тіпті, оқу-жаттығуға тікұшақ келуі керек болған. Белгілі себептермен қатыса алмады. Алайда, шынайы өрт болған жағдайда, тікұшақтар техника бара алмайтын жерлерде жұмыс жасайтындығын айтты «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің аға ұшқыш-бақылаушысы Талғат Алиев:

– Бүгінде облыс бойынша 2 тікұшақ таулы, орманды аймақтарды бақылайды және апат кезінде сол жерлерге құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді тасиды. Отты сөндіруге де атсалысады. Сондай-ақ, осы айдың аяғында мекемеміз 2 патрульдеу ұшағымен толығады. Қазір келісім-шарт жасалуда – дейді.

Жалпы оқу-жаттығу жоғары дәрежеде өтті. Мамандар да, техникалар да өздерінің мүмкіндіктерін көрсетіп, апат жағдайында қалай әрекет ету керектігін пысықтады. Облыстан арнайы келген Қанат Нүсіпбаев та көңілі толатындығын жеткізді. Сонымен бірге, өзінің ұсыныстары мен ескертулерін айтты.

Аумағы 117 мың гектардан асатын орман шаруашылығында 2 өрт сөндіру станциясы, 14 өрт сөндіруші маман, 2 өрт сөндіру көлігі үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, мамандар су бүркігіштер, сусорғыш насостар, бензинді аралар, тракторлармен қамтылған.

– Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ және темекі тұқылынан тұтанады. Кей жағдайларда найзағайдың түсуінен де орын алып жатады. Осындай жағдайлардың барлығына мекеме қызметкерлері әрдайым сақадай сай. Құдай бетін арылсын, егер өрт оқиғасы тіркелсе, мамандар мен техника жеткілікті – дейді Бекболат Алтаев. Айтуынша, тәжірибе көрсеткендей орманшылар өртті орман қорына жеткізбеу үшін белгіленген аумақтан тыс жердегі дала өрттерін сөндіруге мәжбүр. Аталған жағдайлар былтыр Алғабас және Таусүгір аумақтарында болған. Апат салдарынан, 600 гектардан астам жер күлге айналған. Абырой болғанда, орманшылыққа бірнеше шақырым қалғанда тілсіз жау ауыздықталған.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2493 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет