Сейсенбі, 17 Қараша 2020 16:17

Қ.Тоқаев АӨСШК хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Қ.Тоқаев АӨСШК хатшылығының атқарушы директорын қабылдады akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының жаңадан тағайындалған Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады. Бұл туралы ресми Ақорда мәлімдеді.

Сұхбат барысында тараптар Азия кеңесіне Қазақстан төрағалық ететін 2021-22 жылдардағы басымдықтар жайында пікір алмасты. Президент қазіргідей тәуекелі мен сын-қатері өршіген аумалы-төкпелі заманда Кеңестің аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мен оның институционалдық даму мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ Азия кеңесін басқа да көпжақты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға шақырды.  

Өз кезегінде Атқарушы директор Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылған уақыттан бері беделді де белсенді ұйым ретінде қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар Кеңеске мүше елдердің Душанбе саммитінде қабылданған Декларациясына сәйкес қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қайрат Сарыбай АӨСШК аясында алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар, атап айтқанда, 2022 жылы Қазақстанда өтетін Азия кеңесінің VI саммитіне дайындық мәселелері туралы ой бөлісті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Азия кеңесінің жұмысына жаңа серпін беруге өз үлесін қосуға дайын екенін қуаттап, мүше мемлекеттер мен хатшылықтың алдында тұрған ортақ мақсаттарды іске асыруға бағытталған күш-жігерін толық қолдайтынын мәлімдеді.

Оқылды 1010 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Конституционное закрепление статуса…

Закрепление статуса адвокатуры в Конституции придает этому институту особое…
Ақп 03, 2026

Концентрация власти в руках…

полномочия Главы государства, не учитывает реальное содержание реформы. Основной закон…
Ақп 03, 2026

Удаление слово «свобода» из…

Идея о том, что проект новой Конституции якобы лишает граждан свободы, является…
Ақп 03, 2026

Изменение Конституции – это попытка…

Говорить о том, что изменения в Конституции делаются ради «нового президентского срока»,…
Ақп 03, 2026

Формулировка «...не должна посягать…

Формулировка о недопустимости посягательства на честь и достоинство не является запретом…
Ақп 03, 2026

Исключение конституционного запрета…

Отсутствие прямого запрета на продажу земли иностранцам не означает утрату контроля над…
Ақп 03, 2026

Исключение формулировки о…

В проект новой Конституции, в статью о принципах внешней политики Казахстана, не…
Ақп 03, 2026

Сохранение статуса русского языка в…

Сохранение статуса русского языка в новой редакции Основного закона не дискриминирует…
Ақп 03, 2026

Публикация проекта новой Конституции…

Данные ресурсы были выбраны лишь как основные стартовые площадки для начала продвижения…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет