Бабаларымыздың айтқан осынау нақылы ғасыр сүрлеуінен өтсе де, құндылығын жоймай келеді, жоймайды да. Себебі, қиындықтан көңілі күйреген, жоқшылық бүйірден түйреген, қысқасы, сананы тұрмыс билеген бүгінгі қоғамда сүрінген жан сүйеуге, жылаған жан жебеуге мұқтаж. Жақсы ниетті жарым ырыс деп санаған «Елім-ай» қоғамдық қоры «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде «Шын жүректен» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Қырбалтабай, Ақши округтерінде болып, 1-6 сынып аралығындағы 20 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті құрал-саймандары мен сөмкелерін табыс етті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен шарада қор…