Адам өзінің ата-анасын таңдай алмайтыны секілді отанын да таңдай алмайды. Яғни, өзің өмірге келіп, кіндік қаның тамған отаның, мейлі қандай жер болсын, оны сүюге, құрметтеуге, қорғауға міндеттісің. Ал жас ұрпаққа отанды сүю мен қорғау азаматтық парыз екенін ұғындыруда кез келген жанның қасиетті борышы екені анық. Осындай киелі міндетті мойнына алып, жас ұрпақтың болашағы мен отанымыздың келешегін байланыстырып жүрген ұстаздардың еңбегі бәрінен бағалы. Ал олардың ішінде патриотизм рухын оятып, жас ұрпақты адал да батыр, әділетшіл де турашыл болуға баулып жүрген алғашқы…