Алғыс айту, сыйластық, ризашылық сынды құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мектеп дәлізінде «Алғыс айту – парызым» атты қабырға газеттері ілініп, оқушылар мектеп ұстаздарына, сыныптастарына тілек айтып, алғыстарын білдірді. Балаларға алғыс айту – ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты бекіте түсетіндігі түсіндірілді. Сынып жетекшілер «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 7-8 сыныптар аралығында флешмоб ұйымдастырылды. Дариға ЖАНАБИЛОВА, кітапханашы.
Бейсенбі, 01 Наурыз 2018 11:17

Родина – счастье мое

День благодарности РК, приуроченный к 1 марта – Дню создания Ассамблеи народа Казахстана, с 2016 года прочно вошел в календарь казахстанских праздничных дат. Ведь Казахстан в ХХ – начале ХХI века, кроме его исконного хозяина – казахского народа, стал родиной более чем пяти миллионов человек ста национальностей. Свыше миллиона из них были переселенцами, депортированными в годы сталинских репрессий. В Казахстане они обрели землю обетованную, на которой выросли их дети и внуки, родились уже правнуки. Не исключение и Енбекшиказахский район, в…
Бұл күн – қазақ халқының мейірімділігі мен жомарттығын еске алатын күн. Бүгінде Жаңашар ауылдық округінде 3 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Ешкімнің қабағы қату емес, себебі олардың көңілдері тату. Осыны айтқан этномәдени бірлестік өкілдері қазақ халқына жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Бағдарлама барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, жұртшылықты бір серпілтті. Гүлшат ЛАВЬЯЕВА, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Айгүл Мукаева балалар мен мектеп ұжымын көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекемен құттықтады. Шара барысында бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтарда тәрбие тағылымы толық қамтылды. Жүректерге жылу сыйлап, ізгілікке шақыратын бұл күнде биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары «Елбасына мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. А.ОСПАНОВА, бастауыш бірлестік жетекшісі.
Шараға оқушылар жауапкер-шілікпен дайындалып, шынайы ниеттерімен ең бірінші өмір сый-лаған Жаратушыға, Отанына, өмірге, еліне, жеріне, ұстаздары-на, бір-біріне алғыстарын жеткі-зіп, жақсы тілектерін білдірді. Түрлі ұлттарда алғыс айту күні қалай аталып, қай кезде мерекеленетініне тоқталып өтті. Оқушылар өзге ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, әндері мен билерін нақышына келтіре орындады. Шара соңында түрлі ұлт өкілдері Қазақ еліне өз тілдерінде алғыстарын білдіріп, тілектестіктерін айтты. Мереке соңы ән мен әуезге толы әдеби-сазды кешке ұласты. Н.ЖЫЛГЕЛДИЕВА, О.Жандосов атындағы орта мектеп.
Салтанатты ашылуында мектеп директоры М.Мажиков тағылымды ой айтып, мерекемен құттықтады. Концерт барысында «Керімай» тобы қазақ, өзбек және үнді халқының биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Көпшілікке «Қазақ еліне рахмет!» атты видеоролик көрсетілді. 5-сынып оқушылары өздері жасаған «Алғысым шексіз» поштасына келіп түскен хаттарды оқып берді. Тоғжан Шоманова ауыл тұрғындары арасында видеорепортаж жасап, халықтың ой-пікірі мен тілектері тыңдалды. «Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!» – деп ұран-даған мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, әндер айтты. А.САБАНШИЕВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет