Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 11:37

Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым mezet.kz

Ананы баласынан, баланы әкесінен, ер азаматты ет жақынынан айырған сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске 74 жыл толды. Бұл Жеңіс – қан майданда Отан үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлердің, майдан үшін аянбай тер төгіп, жеңісті бір қадам жақындату үшін тылда еңбек еткен аналарымыз бен соғыс балаларының жеңісі. Бұл – фашизмге қарсы тұрған қазақ халқының жеңісі. Арада 74 жыл өтсе де, алапат соғыстың зардабы мен ұрыс алаңындағы аталарымыздың қайсарлығы еш ұмытылған емес. Осы ерлікті ұрпаққа үлгі ету мақсатында, 9 мамыр – Жеңіс күнінде Есік қаласындағы ҰОС боздақтары мен ардагерелеріне  арналған ескерткіш маңында мерекелік шара өтті.

Жылдағы дәстүр бойын-ша соғыста қаза болған боздақтардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан батырлардың портретін ұстаған жақындары ескерткішке тағзым жасады, бір сәттік үнсіздікпен еске алды.

Мереке басында ортаға салтанатты түрде ҚР Туы енгізіліп, мемлекеттік Гимн орындалды. Ауданымыздың өнерпазы Алмас Мухаметәлиев жарты ғасыр бойы Ұлы Жеңістің әнұранына айналған «День Победы» әнін шырқап, жиылған көпшіліктің көзіне жас үйірді.

Мерекелік жиында сөз алып, қала тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығын жеткізді:

– «Арыстанның белгісі – артына қарап ақырмайды. Нар түйенің белгісі – қабырғасын сөксе де бақырмайды. Нағыз туған асыл ер, қанша қасірет көрсе де, қайғыланып аһ ұрмайды» – деген Қанжығалы Бөгенбай батырдың сөзі соғыс даласында иығына ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанған, оқ болып атылған, ұрыс даласынан қайтпаған боздақтарды, арын – байрақ, намысын – найза еткен, сіз бен бізге бейбіт аспан астында бірлігі бекем елде өмір сүруге мүмкіндік берген қаһармандарымызды бейнелейді. «Елің үшін жаныңды беру қиын емес. Өйткені, «Елсіз күн қызықсыз» деп жауынгер ақын Баубек Бұлқышев айтпақшы, бүгін даңқты әкелеріміз аналарымыздың қайтпас қайсарлығының шынайы үлгісін көр-сеткен биік рухы мен жалынды жігерлерінің, еселі еңбектерінің салтанат құрған күні. Бүгін – Жеңіс мерекесі. Бүгін – Ұлы күн! – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ардагерлерге ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Кейіннен, «Улыбка», «Бахар» би топтары мың бұрала би билеп, ауданымыздың әншілері әуелете ән салды. Мереке қонақтары от-шашуды тамашалады.

Мерекелік концерттен соң аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы бастаған әкімдік қызметкерлері, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан прокуроры Азамат Күренкей, полиция басқармасының басшысы Бағдат Әшімов аудандағы ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып құттықтады. Мерекелік сый-лықтарын табыстап, ақ тілегін жеткізген қонақтарға ризашы-лығын білдірген ардагерлер майдандағы күндерін еске алып, бейбіт күнге шүкіршілік етті.

Айта кетейік, осыдан 74 жыл бұрын қан майданға ауданымыздан 5000-нан астам азамат аттанса, бүгінде олардың 7-еуі ғана арамызда қалды. 1413 тыл еңбеккерлері бар. Әрдайым аудан басшыларының назарында жүретін әрбір ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында 500 мың теңгеден табысталды.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Оқылды 1845 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ерлікке тағзым Ерлікке тағзым »

Соңғы жаңалықтар

Маус 17, 2025

Алматы облысында қылмыс деңгейінің…

Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың…
Маус 17, 2025

В Алматинской области зафиксировано…

В Алматинской области под председательством акима региона Марата Султангазиева состоялось…
Маус 12, 2025

Бала денсаулығының бағбаны

Халықтың саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Осы игілікті жолда аянбай еңбек етіп жүрген…
Маус 12, 2025

Спорттың асылы – жеңіл атлетика

Жуырда Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені алаңында «Балаларды қорғау күні»…
Маус 12, 2025

Жүрегі жырдан жаралған

Биыл ауданымыздың тумасы, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Тұманбай Молдағалиевтің…
Маус 11, 2025

"Келешек мектептері" жобасы – Алматы…

Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын шешу…
Маус 10, 2025

Жаз мезгілінде қандай сусындарды…

Күн сайын жеткілікті мөлшерде су тұтыну ағзаның барлық функцияларын, соның ішінде ас…
Маус 10, 2025

Балалардың жазғы демалысы

2025 жылдың жазғы маусымында Алматы облысында балалардың демалысы мен сауықтырылуын…
Маус 09, 2025

Посевная-2025: завершение в…

Посевная кампания-2025 в Казахстане завершена. В этом году она проходила в новых для…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет