Бейсенбі, 02 Мамыр 2019 15:44

Белгітас орнатылды

1699 жылы Таутүрген ауылында дүниеге келіп, қалмақтың атақты батыры Зонаны жекпе-жекте жеңген батыр ӘжібайНайманбайұлы ерлігі тарихтан белгілі. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында жауларға жерін таптатпаған, дұшпанға қадам аттатпаған есіл ердің ерлігі ұрпаққа аңыз. Биыл батыр бабамыздың 320 жылдығына орай ұрпақтары Әжібай тоғанының жанынан белгітас орнатты. Жуырда салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты шарада «НұрОтан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, округ әкімі Бота Елеусізова, батыр баба ұрпақтары сөз сөйлеп, тарихтан тәбәрік ұсынды. Батыр бабаның бүгінгі бейбіт заман жолында жанкешті ерліктерін сөз етті. Аласапыран кезеңдерде елдігімізді қолдан бермей, жанқиярлықпен қан төккен сәттерін нақты дәлелдер арқылы баяндады.

Сонымен белгітастың орнатылуына екі айға жуық уақыт кеткен. Әжібай батыр ұрпақтары Құдайберген Ақынов, Сұраншы Бекменов, Отыншы Татибаков, Қанат Ескелдиев, Әділжан Исенбаев, Кеңесбай Ұшбайұлы және Шапай Баяндыұлы игі іске бас болған. Ұрпақтары қолдап, 4 млн теңгеге жуық қаражатқаТаутүргенге бұрылған тұсқа белгітас орнатылған. Ашылуынан кейін Әжібай батыр рухына құран оқылып, ас берілді. Сондай-ақ, волейболдан турнир ұйымдастырылып, түс ауа көкпар тарту ойынына жалғасты.  

Өз тілшіміз.

Оқылды 1484 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет