Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019 16:30

Ардагерлер

Ардагерлер – батыр жандар, асыл жандар, ақ жандар,

Оққа қарсы, отқа қарсы кеуде тосып барғандар.

Болашақтың қамы үшін тозақ отқа жанғандар,

 Атойлатып, ат ойнатып жауға ойран салғандар.

Армысыңдар, бармысыңдар, өңшең ерлер, тарландар!

 

                         Ардагерлер – жауды жеңіп, елге аман келгендер,

                         Ардагерлер – тылдағы ел, жеңеріне сенгендер,

                         Жеңіс үшін қиындықтың барлығына көнгендер.

                         Жеңіс үшін бойындағы барын сығып бергендер!

 

Ардагерлер – жиырмасында жесір қалған жеңгелер,

Олар қылған ерліктерге қандай ерлік тең келер?!

Жалғыз жатқан түндерінің өтеулерін кім берер?!

Өксіп өткен өмірінің қайырымын кім төлер?!

 

                          Ардагерлер – соғыс жылғы соқа тартқан балалар,

                          Әке орнын, аға орнын жоқтатпаған «даналар».

                          Ардагерлер – азаматын аттандырып майданға,

                          Белін буып, қолдарына күрек алған аналар.

 

Ардагерлер – батыр жандар, асыл жандар, ақ жандар,

Адамзатты алапаттан аман алып қалғандар.

Ардагерлер, қажымаңдар! Тыныштықты қорғаңдар!

Бейбіт күнді бейбіт күнге қалғымаңдар, жалғаңдар.

Ардагерлер – ақ жандар!

 

Кенжеғали ҮСЕНБАЕВ,

 Есік қаласы.

Оқылды 1709 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ардагерлер Ардагерлер »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет