Сәрсенбі, 02 Қазан 2019 11:24

Тарихтан жеткен тағылым

Тарихтан жеткен тағылым https://www.google.com/search?q=тескенсу&client=opera&hs=Hzu&sxsrf=ACYBGNRLFviHbQNtNsFpkUxvkCBWNd6fcg:1569993830540&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiCmcbk6vzkAhWll4sKHUMrAPIQ_AUIEigC&biw=1326&bih=626#imgrc=tQYqYTtaS2ruVM:

Ата-бабамыз ертеде құнарлы да шұрайлы жердің түйінін іздеп, мал соңында көшіп-қонумен, тау бөктерін сан саналы ата қонысқа айналдыра білген. Киікбай, Үйеңкі, Шолақ, Тауқаратұрық, Ащысай, Тескенсу байырда 10-ауыл  деп  те аталған екен. Сол кездегі ауыл басшысы Шолақтан шыққан Көшім Тілемісов, болыс Кемеш Танабаев деген азаматтар ел басқарған болатын.  «Әркімнің туған жері – өзіне  Мысыр шаһары» деген сөздің мәнісі тереңде. Сол айтпақшы, біздің туған өлкеміз Тескенсу да ежелгі өркениеттің өрісі, бабалар бастан кешірген барлық тарихтың куәгері. Егер қара тасқа тіл бітіп, қара жер тебіренер болса, талай дәуірдің күбірі мен күмбіріне құлақ түрер едік. Күн шығып, ай жүзгелі бергі кезеңде біздің ауылда жасаған, өмір сүрген жақсылардың дерегін білер едік.

Кезінде «Балам саған айтамын, келінім сен тыңда» деген үлкендердің астарлы ақыл сөзіне құлақ қоймаппыз. Соның салдарынан қағаз бетіне толық түсіре алмағанымыз өкінішті. Кейбір кезеңдер ғана ерекше есте қалғаны бар. Соның өзін таразыға тартуға, шежіреге түсіруге қанағат тұттық.

90 жылдық тарихында сан түлеген Тескенсу көпшіліктің көз алдында көркейді. Алаш баласы басынан кешірген алмағайып күндердің бәріне куә болды. Ақсүйек ашаршылықты, жазықсыз жала жабылған қуғын-сүргінді, қаһарлы қан майданның барлық ауыртпалығын аталарымыз бен әкелеріміз, әжелеріміз бен шешелеріміз өз иықтарымен көтерді. Түрен салғаннан түте-түте болған тың жерлеріміздің құнары әлі қалпына келген жоқ. Аға буын азаматтарымыз Кеңестік заманның барлық өткелінен өтті, ағыны сан бұрылған күндерде  де ел мен жерінің ұлы мұратына адал болды. «Шолақ», «Үйеңкі», «Киікбайдың» жарқын бейнесін сөзбен суреттеп  беруге біздің тіліміз жете ме, білмеймін. Балдырғаны білектей, көгорай кілем белдері кімдердің көңілін көктем етіп, кімдердің көкейін теспеген?! Оның әрбір шөбі дәрі, әрбір доланасы, аршасы мен қылшасы, шыршасы мен шетені, тобылғысы, қаңбағы мен ебелегі, шиі мен шілігіне дейін етене жақын, ұшқан құс, жүгірген аң, жорғалаған жәндігіне дейін көзімізге оттай ыстық басылады. Осынау жер үстіндегі жәннатта табиғи ен байлықтың ортасын кешіп, Тескенсудың суы мен нуы, құнарлы топырағын кешіп жүргенімізді өлшеусіз бақыт деп санаймыз.

Ел болып ұйысып, жұрт болып жарасқалы бері талай-талай тауқыметті тағдырды бастан кешкен ауыл 1929 жылы «Төрткөл» артелі болып құрылды. Артель орталығы Тескенсу болған. Артель адамдары жер жыртып, шамаларынша егін егіп тұрақтануға бейімделді. Артель өздерін қосшы-серіктестік деп атады. Алғашқы артельді Әбдіреш Кенжетаев, одан кейін Тоқжігіт Оразалиев басқарды.

Мырзабеков Ыбырайым 1929-1939 жылдары ауылдық кеңесті тізгіндеді. Артель мүшелері өздерінің еңбексүйгіштігімен, істе белсенділігімен көзге түсті. Бірі – мал бақса, екіншісі егін егіп күн көрді. Қыстың қақаған суығында, қарлы боранында, күзгі жауын-шашынында, шілденің аптабында талай қиыншылықтарға төзді. Олар ауыр еңбек пен теңсіздіктің тауқыметін ерте көрді. Оқымаса да жақсы жайылымды жаза баспай танитын, қандай шөп қай жерде өсетінін білетін адамдар еді. Мал басын аман сақтау, төлден шығын шығармау – олардың серті еді.

Одан кейін колхоздастыру дәуірі бас-талды. Колхозшылар темекі өсірумен айналысты. Мал, егін және бар... 1936 жылы Сәтбай Жанысбаев «Төрткөлге» бастық болып келді. Осы Сәтбай Жанысбаев басқарған кезде «Культурный баз» салынды. 5 га жерге жеміс ағаштары отырғызылды. Тас төселіп жол салынды. Сабаншы Ауғанбаев, Сүлеймен Сиқымбаев, Жақсыбай Шолпанбаев, Иса Сүменов, Хасен Сәрсебаев басқарған 1940-1945 жылдары ауылымызға 15 отбасы шешен-ингуштар, 40 отбасы азербайжандар, еврей мен армяндар жер аударып, көшіп келді. Келгендерді ауыл адамдары сыртқа теппеді, қайта бауырына басты. Жақсы араласып, қиын-қыстау күндерді бірге көрді, бір үзім нанды бөліп жеді. Ауыл азаматтары бұл отбасыларға жан-жақты көмек көрсетті. Соғыстан кейін еврей, армяндар өз Отандарына қайтты, ал азербайжандар осы ауылда тұрақтап қалды. Қазір ұрпақтары осы Тескенсуды тұрақтаған. Балалары да осы мектепте білім алуда. Қазақ тілі – олардың екінші ана тілі.

1946 жылы Отан соғысына қатысушы Әшірбек Бадамбаев бастық болды.Ұлы Отан соғысының отты жылдарын көріп, елге аман оралған Ушуров Мұса, Сейсембаев Әлімтай, Әлішеров Сейсембек, Дәулетияров Медерхан, Жайсанов Әбдібай, Жайсанов Маткерім, Көбенқұлов Тілеубек, Суанбеков Төкен, Қиқымбаев Жақай, Сағындықов Әсімжан, Сағындықов Мәсімақын, Иманбаев Қали, Керейбаев Әлімбай, Меркібаев Қожақан, Оңғарбаев Усабай, Еділбаев Жұмаділ, Әміржанов Нұрғазы, Қабылғожаев Нүсіпжан, Қошақаев Игібай, Сауытов Тейп, Шамиев Сауыт, Аққасов Төкен, Сәрсенбиев Қадыр, Кенжебаев Тоқтақын, Смағұлов Молдабек, Кенжетаев Рахымжан, Нақысбеков Нұрғали, Сатқынов Жамал, Бүрлібаев Қасым, т.б. азаматтар  уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп, олар өмірінің ұзақ жылдарында осы Тескенсуда бірі – председательдің орынбасары, бірі – ферма меңгерушісі, енді бірі – зоотехник, бірі – педагог, бірі – есепші, бірі – сушы, бірі – бригадир болып әртүрлі қызметтерді атқарып, ауыл экономикасын көтеруге белсене атсалыс-ты. Олардың даңқты жолдары, ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек!

Ұлы Отан соғысынан кейін «Қызыл Октябрь» деп аталған Киікбай ауылының тұрғындары Еренші, Сабаншы Ауғанбаевтар әулеті, Бұрқатай Бұзықбасов, Оңғарбай, Қиқымбай, Мұқан, Әби, Өжіке, Даңғара, Қожанай Құсайыновтар, Қорабай, Зорхан, Әбілғазы, Әуезайт, Оразқұл Жомартов, Абдрахман, Сайымбөлек, Жамал Сатқыновтар, Шәмиевтер әулеті, Нурденовтер, Абдуллаевтар, Сауытовтар, Ибрагимовтер, Зайыровтар, Азнабакиев-тер, Амурлаевтар т.б. колхозға келіп қосылып, бейбіт өмірдегі өз еңбектерін жалғастырды.

1948-1953 жылдар аралығында колхозды Жұматай Кәшкеев, 1953-1960ж Оспанқұл Елубаев,1960-1962 жылдары Жармұханбет Омаров  сияқты азаматтар басқарды. Темекі, қой, егіс өсірумен колхоздың атағы шықты. Колхозда мал шаруашылығын дамыту мәселесі қолға алынған кезде Тастан Тоқбаев та, Жамбол Боқбасаров та тамаша табыстарға жетті. Жылқы өсіріп оның басын аман сақтауда сіңірген зор еңбектері үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указы бойынша Тастан Тоқбаевқа, Жамбол Боқбасаровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Тескенсу колхозының атағы Ұлы Отан соғысынан кейін, осындай алтын жұлдызды  шамшырақтарының арқасында облысымызға үлгі болып көш бастады. Колхоздың нығаюына үлес қосқан шопандар адал еңбектерімен көрінді. Шопан таяғын алып, отар артынан жайылымға шыққан азаматтардың бірі – Қожанай Ақатаев. Өзіне тапсырылған істі абыроймен атқарып шықты. Аға шопан Ақатаев Қожанай ауыл шаруашылығы озаттарының слетіне қатысты. 1948 жылы «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, 1953 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің мақтау қағазымен, 1958 жылы Ленин орденімен, 1960 жылы Қожанай Ақатаевқа «Қазақ ССР-нің Социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері» деген атақ берілді.

Әбіт Айдосов, Тұрсын Ашимов, Жұмаш Бураханов колхоз кезінде ауылдық кеңестің председательдері болды. Колхоз 1962 жылы 10 сәуірде «Тескенсу» совхозы болып қайта құрылды. Негізгі бағыт-темекі өсіру болды. Совхоз директоры Савин Серафим Алексеевич еді. Ленин орденді озаттар есімі таныла бастады. Олар – механизатор Исраил Ашимов, бригадир – Игібай Қалдыбаев, сушы – Үсен Рузиевтер болды. Әлімтай Оразбаев, Тоққожа Ерғазиев, Жылқыбек Қылышбеков «Еңбек Қызыл Ту» ордендерін алды. Иә, ауыл тізгінін әр уақытта әр түрлі азаматтар ұстады. Ел мен жердің өсіп-өркендеп, бүгінгі дәрежеге жетуіне олар да өз үлестерін қосты. Мәселен С.Савиннен кейін 1970-1976 жылдары совхозды Қойгелді Олжаболатов басқарса, 1976-1981 жылдары совхоз директоры Нестай Ұзақов болды. 1981-1992 жылға дейін совхоз директоры болып Салимов Еркін жұмыс атқарды. 1992-1994 жылдары Тескенсу совхозы «Тескенсу ауыл шаруа-шылық – өндірістік кооперативі» болып құрылып, оның төрағалығына Болат Қыдырбаев тағайындалды. 1994-1999 жылдары  Ахметов Алтынбек, 1999-2001 жыл аралығында осы кооперативті Қанаев Нұрлан басқарды. Барлығы өз мүмкіндігі мен уақыт ағымына сай жұмыс істеді. Совхоз болып тұрған кезде Қиқымбаев Жақай, Аққасов Төкен, Кегенбаев Ахметжан,  Жамалов Нұрлан, Жұмабек  Әбдірәсілов, Омар Қалдыбаев, Еркін Сейсембаев, Орынтай Бизақов, Аманбек Оспанов сияқты азаматтар ауылдық кеңестің төрағалары болды. Ауылдағы темекі өсірушілер, товарлы сүт фермасындағы сауыншылар, малшылар, құрылысшылар, механизаторлар, білім және бала тәрбиесі, денсаулық сақтау саласындағы азаматтар мен азаматшалардың еңбектері де ұшан-теңіз.

Осы жылдардағы темекі бригадасын басқарған Мусаев Сүлеймен, Камилов Латифша, Рамазанов Аңсар, Керейбаев Әлімбай, Әлішеров Сейсенбек, Қабылғожаев Нүсіпжан, Қылышбеков Жылқыбек, Нәдірбеков Тұрлыжан, Әбдіғайыпов Ташмұхамбет, Құралбаев Әлімбек, Байғапалов Мырзахмет, Рамазанов Машрұқ, Құралбаев Дәуітбек, Иманбаева Зейнеп, Теңізбаева Әшірхан, Оразбаев Мұрат, Ташилов Рыскелді, Смағұлов Айдын, Әбдібатыров Тұрсын, Кенжетаев Рақымжан, темекі өсірушілер – Жексенбаева Кербез, Сегізбаева Күлжамал, Құралбаева Райхан, Смайылова Күлсімхан, Нұрғалиева Қантай, Қарабалаева Сара, Оспанбаева Құмшекер, Бәйітбекова Жұмахан, Рашева Жұмағыз, Кенжетаева Зықан, Сағындықова Несіпжан, Көбенқұлова Ділдә, Көбенқұлова Жамбы, Сағындықова Нәсілхан, Абирова Нестай, Майлыбаева Мыңғой, Нәдірбекова Кенен, Сәрсебаева Хадиша, Оршыбекова Қаншай, Дүйсебаева Алтынқыз, Бердібаева Жақан, Қошақаева Ақжолтай, Азизова Ханым, Мұқанова Айман, Қошақаева Тұрсынхан, Назарбекова Айжан, Байжұманова Ғалия, Әлішева Күләйшә, Оразбаева Күлімхан, Бейсекова Күлсімхан, Жусанбаева Күлән, Өмірзақова Әуен, Нұрғалиева Қантай, Үсенова Тыныштық, Ерсариева Әйімбүбі, Жамалова Жамалхан, Рамазанова Майзар, Адилова Алмас, Еділбаева Латифа, Қожамбердиева Әсия, Мырзабекова Жамыхан, Төкенова Нұрбүбі, Мақсұтова Садат, Медетбекова Күлиза, Ердосова Күләш т.б. 1 тоннаға дейін темекі жапырағын жинап, көрсеткіштерге жетті.

Ауылымыздан қолына қалам алып кітап жазған жазушыларда шыққанын айта кету керек. Мақан Жұбанышұлы және Нұрғанат Көбенқұлов есімдері ауылдың байырғы тұрғындарына жақсы таныс. Жазушы Мақан Жұбанышұлының «Орлы гибнут выщине», «К Днепру» және «Средь бела дня» кітаптары жарыққа шықты. «Средь бела дня» кітабы өзі туып өскен ауылы жайлы жазылған.

1975 жылы салынған Жамбыл атындағы орта мектебі аса тарихы бар үлкен білім ошағы . Өзіне тән ерекшелігі, өзіндік тарихы бар бұл мектептің іргетасы сонау 1936 жылы қаланыпты. Мектептің байырғы ұстаздары: Омар Жыланкөзов, Медерхан Дәулетияров, Оразбақ Айдарбеков, Күләш Молдабергенова, Жақан Арапова, Нұрману Айдапкелова, Дауыталы Құралбаев, Шәймерден Оразқұлов, Ғани Сүлейменов, Жамила Үмбеталиева, Ешкен Әбдіғайыпов, Зейнолла Мылтықбаев, Тұрсынқыз Заманбекова, Пітан Атагелдиева, Мәрия Арынова, Оразбекова Айымбала, Рақымғали Ибрайымов, Құдайберген Исаев, Молдабек Смағұлов, Сейілжан Өстенова, Рашила Сүлейменова, Күләйхан Тойғанбекова т.б. Осы ұстаздар ұстаздардың ұстазы атанып, мектепті алдыңғы қатарлы білім ошағы етіп, бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады.

Ауылдан түлеп ұшқан азамат Ыбырайымов Рақымғали – Шелек аудандық оқу бөлімін басқарды,  ауданның Құрметті азаматы атағын да алған.

Жамбыл атындағы орта мектебі 83 жылдық тарихы бар үлкен білім ошағы. Өзіне тән ерекшелігі өзіндік тарихы бар, бұл мектептің іргетасы сонау 1936 жылы қаланған болатын.  

Егеменді ел атанып, Тәуелсіздік заманы басталғанда әркім өз еншісіне ие болды.  Ауылдық округті бұл күнде Доғалов Бауыржан Бешенұлы басқарады. Ауылдық округ үш елді-мекеннен тұрады. Ондағы халық саны 7 206 адам. Тиесілі жер 10902 гектар, оның 3966 гектары шаруа қожалықтарына үлестірілген.

Лайым, алдағы уақытта да Тескенсуды мекен еткен қазақ, ұйғыр, орыс, түрік басқа да ұлыстар арасында ынтымақ, татулық берік орнап,  Тәуелсіздік Туы желбірей береді деп сенеміз.

 

Ешмұхамбет ӘБДІҒАЙЫПОВ,

Тескенсу ауылының ақсақалы,

   зейнеткер.

 

Тескенсу жайлы тебіреніс

Ебінің желі екпінді еді, ерке еді,

Толқынмен ойнап, бұлтты қуып серпеді.

Түртіп қалсаң төсінен аққан  мың бұлақ,

Көксарай шалғын Тескенсу  жердің көркі еді.       

 

Сарыда шіркін алма, өрігі самсаған,

Тіл үйірген  алмасына тамсанам.

 Осы ма екен Асанқайғы аңсаған,

Жұмақтан әсте аумайды, жасыл сай-салам.

 

Егінге жайлы, малға  да жайлы, шұрайлы,

Рақымды Алла мерейі түскен сыңайлы.

Ерен еңбек, ынтымақ, бірлік мекені,

Алаштың ұлы,тұрғынын елдің құрайды.

 

Ебінің желі терек пен талын тербеген,

Қия шыңдар құлашын кеңге сермеген.

Бөктерінде бүлдірген, жеміс-жидектер,

Қарағай, қайың өршелене өрге өрлеген.

 

Егін салып, мал бағып, темекі өсірген,

Қарызыңды былқ етпей бастан кешірген.

Танып қой бауырым, Тескенсу деген осы жер,

Бөксесін төсеп бөктерге, аяғын айға көсілген.

 

Көрші ауылдар да осы ауылдан  енші алған,

Жерін де берген, малын да берген, ен салған.

«Жомарттың қолы жұтамас» деген сөз бар ғой,

Ырызғысы  ортайған емес, инша Алла.

 

Ақпанда келсең есіңде қалар ызғары,

Ақ боран ұлып, шыға алмайсың тысқары.

Айнамкөздер де, ботакөздер де осында,

Еркелігі мен қинайды-ау сұлу қыздары.

 

Тескенсуым 90 жастың төрінде,

Шарықтайды шаттық әні көгіңде.

Мерейтойың құтты болсын, ағайын,

Алға ауылым, жалтақтама, шегінбе!

 

Сман Қылышбай,

Тескенсу түлегі

Оқылды 1452 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет