Жұма, 21 Сәуір 2023 15:58

Мұқтаждардың жанашырына айналған «Жанұя»

Отбасы – сыйластық, мейірім мен махаббат мекендеген шағын ғана орта, кішкентай Отан. Міне, осыдан барып «Отан – отбасынан басталады» деген сөз қалыптасқан. Рас, Отанды сүю ең алдымен отбасынан басталады. Себебі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы отбасынан бастау алады. Бүлдіршіннің ер жетіп өсуі, еліне адал қызмет етуі, айналасына мейіріммен қарауы, тәрбиелілігі ең алдымен отбасындағы жағдайға байланысты. Отбасында әке-шеше, балалары бір-бірімен сыйластықта болып, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік болары сөзсіз. Қазақ отбасында әке мен ана – жанұя мектебінің ұстаздары. Олардың әлеуметтік жағдайы, тұрақты жұмысының болуы, жеткілікті күйде өмір сүруі тікелей мемлекет назарында болуы тиіс жайттардың бірі. Осы мәселені шешу үшін отбасы институтын қолдау орталықтарының қажет екені сөзсіз.

Бүгінде Есік қаласындағы әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмекке мұқтаж отбасылар үшін жыл басында ашылған «Жанұя» отбасын қолдау орталығы аудан тұғындарымен тығыз байланыс орнатып, көмекке жүгінген көптеген жандарға өз тарапынан қолдау көрсетіп үлгеріпті. Әлеуеттің әлеуметін арттыруға қолдау көрсететін орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылуда. «Жанұя» мамандары жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандырады, қажетті құжаттарды дайындауға көмектеседі. Сондай-ақ заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін және басқа да қызмет түрлерін ұсынады.

– «Жанұя» аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастамасымен құрылған. Орталықты құрудағы мақсатымыз – ауданымызда тұратын әлеуметтік әлсіз отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық дербестікті нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту. Орталығымыз мұқтаж отбасыларға түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша көмек көрсетеді. Аз уақыттың ішінде ауданға қарасты жиырма алты округтерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен таныстық. Орталығымыздың психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді консультациялық қызметтер көрсетеді. Сондықтан орталықта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар отбасы институтын нығайтуға оң әсер етері сөзсіз. Орталығымыз жиырма жыл бойы құжатын ала алмай жүрген бірнеше отбасына қолдау көрсетіп, құжат мәселесін шешіп берді. Мұнда жалғызбасты аналарға, көпбалалы аналарға арналған психологиялық тренингтер, тұлғалық дамуға арналған іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Мұның бәрі қордаланған көптеген әлеуметтік түйіткілдердің түйінін тарқатуға өз көмегін тигізуде. Біз жергілікті әкімдіктер және құзырлы органдармен тығыз байланыста жұмыс істейміз, –  дейді  орталық директоры  Нүсіп Құдайбердиев. Нүсіп Қасымжанұлының сөзінше,  қиын-қыстау жағдайда қалған, барарға жері, басарға тауы қалмаған жандар үшін уақытша жатын бөлмелер де қарастырылыпты. Онда балаларға ыңғайлы төсек жабдықтары да қойылған. Көмекке аса зәру адамдар орталықта тегін тамақтанып, аз күн аялдай алады екен.

–  Статистика  бюросының нақты мәліметіне жүгінер болсақ, қазіргі таңда 140 256 отбасы шаңырақ құрса, олардың 48 мыңнан астамы ажырасып кетіп жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері де өршімесе, азайып жатқан жоқ. Осы орайда мұндай орталықтардың белсене жұмыс істеуі – құптарлық жағдай. Бізге көбіне отбасылық зорлық-зомбылық көрген нәзік жандылар жиі хабарласады. Біз оларға қолұшын созамыз. Бүгінде отағасы бола тұра өзіне жауапкершілік арқалай алмайтын еркектердің қатары артып келеді. Соның салдарынан отбасылары экономикалық қиындықтарға тап болып, сол шаңырақта жанжал басталады. Салдарынан көбіне әйелдер зардап шегеді. Мұндай кезде жәбір көрген жанға дер кезінде психологиялық көмек көрсетілу керек, – дейді орталық психологі Баян Ахметжанқызы. Әйелдер қауымының психологиялық жай-күйімен жұмыс істеп жатқан маманның айтуынша, өңірде көмекке мұқтаж аналар аз емес көрінеді. Отбасының бірден-бір қолдаушысына айналған «Жанұя» мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылықпен барынша күресетінін айтып, жұмыс өз нәтижесін береріне сенімді екенін жеткізді. Аз ғана уақыт ішінде ауқымды істер атқарып үлгерген аталған орталық алда тағы да жан жылуын күткен жандардың көңіл шерін тарқатып, көз жасын сүртетін ірі жобаларды қолға алмақ. Қысқа ғана төрт ай ішінде жүздеген отбасыға психологиялық көмек пен заңгерлік қызмет ұсынған «Жанұя» отбасын қолдау орталығының әлі де халыққа тиер игі ісі арта бермек.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 866 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 09, 2023

Правовая ответственность за…

Участники судебного разбирательства и все находящиеся в здании суда обязаны соблюдать…
Маус 09, 2023

Газет – халық қызметшісі

Кезінде Алаштың ардақтысы, қазақтың қамын ойлаған қайраткер Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет –…
Маус 09, 2023

​СВЕТЛЫЕ ПЕРСПЕКТИВЫ НОВОГО КОНАЕВА

Все чаще в городе Конаеве звучит слово «новый». Привычные местному глазу парки и дворы не…
Маус 08, 2023

Фермеры без воды, дороги и…

Ровно год назад Капшагай решением президента Касым-Жомарта Токаева обрел статус…
Маус 08, 2023

Ана тілде аруақтардың демі бар...

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ, дін де осында, ғылым-білім де осында,…
Маус 06, 2023

АО «Голд продукт» — производство и…

Правительство Казахстана утвердило «Концепцию развития сельских территорий на 2023-2027…
Маус 05, 2023

Нұрлан САҚАУЛОВ, «Будан» ЖШС-нің бас…

Бір кезде «дала аруы» атанған жүгері дақылына деген сұраныс жыл санап артып келеді.…
Маус 05, 2023

Тартысқа толы бокс турнирі

Есік қаласында Алматы облысынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына…
Маус 05, 2023

Экологиялық сана қалыптастыру – аса…

Адам мен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненің жасуындай болса да зақым түссе, бұл…

Күнтiзбе

« Маусым 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет