Бейсенбі, 16 Қыркүйек 2021 17:14

Алматы облысында «Жетісу кубогы» сарапқа салынды

Облыс орталығында дзюдо, таеквандо, еркін және грек-рим күрестерінен жасөспірімдер арасында командалық жарыс өтті. Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген 350 спортшы аталған додада бақ сынады. Олар «Жетісу кубогын» сарапқа салды.
Шараның салтанатты ашылуына грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Мәрлен Көлбаев қатысты.
Финалдық кездесу алдында алғаш болып сөз алаған Нұрбақыт Теңізбаев жас өрендерге сәттілік тілеп, аталмыш сайыс үлкен додаларға дайындық екендігін жеткізді.
«Бұл жарыс аудандардағы спорттың қай түрінің жетік дамығандығын көрсетеді. Сондықтан, өз жерінің намысын қорғап келіп отырған спортшыларға сәттілік тілеймін. Бүгін ауданның атынан белдесуге шықсаңыздар, ертеңгі күні ел намысын байрақты бәсекелерде қорғайтын боласыздар»,-деді өз сөзінде Нұрбақыт Молдахметұлы.
«Жетісу кубогы» биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Айта кету керек, Республика бойынша жоғарыда аталған спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы ірі дода әлі де болса ұйымдастырылған жоқ.
Жетісуда өткізілген жасөспірімдер арасындағы бас сайысқа грек-римнен 13, еркін күрестен 10 команда қатысты. Нықтыласақ, 140 спортшы грек-рим бойынша, 119 саңлақ еркін күрестен боз кілемге шықты.
Финалдық кездесуде грек-рим күресі бойынша Талдықорған, Қапшағай қаласы мен Панфилов, Талғар аудандарының командалары белдесті. Боз кілемнің шаңын шығарған сайып қырандар өліспей беріспеді. Соңғы сәтке дейін жеңіс туын желбірету үшін командадағы жігіттер барын салды. Бабы мен бағы қатар шапқан құрама кубокты қанжығаларына байлады. Айтулы бәсекеде грес-рим күресі бойынша «Жетусі кубогы» Талдықорған қаласында қалды. Шаһар намысын қорғап шыққан өрендер ерледі. Төгілген тер, бапкердің үміті ақталап, асықтары алшысынан түсті. Ал, екінші орын Пафилов ауданына бұйырса, үшінші орынды Қапшағай қаласы мен Талғар ауданынан келген командалар өзара бөлісті.
«Осы жарыста біз еңбектің арқасында жеңіске жеттік. Бірінші айналымда Балқаш ауданы қарсыласымыз болды. Ол команданы 4:3 есебімен ұттық. Одан кейін Жамбыл ауданымен кездестік, олардан 3:2 ұпайымен басым түстік. Финалда Пафилов ауданынан келген командамен кубок үшін таластық. Нәтижесінде жеңіс бізде қалды»,-дейді грек-рим күресінен Талдықорған командасының мүшесі Әділет Қажыбеков.
Грек-рим күресіне келгелі 6 жылдың жүзі болған спортшы осы аралықта республикалық додаларда топ жарып, 2019 жылы Азия чемпионатында 1-ші орынды иеленіпте үлгерген. Жас қыранның талабы таудай. Ол болашақта, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов сияқты чемпион болғып, олип шыңын бағындыруды көздеп отыр. Айта кеткен жөн, Әділет бозкілем үстінде 4 қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, командасының биік тұғырдан көрінуіне ат салысты.
Ал дзюдодан ақтық кездесуде Іле, Талғар ауданының спортшылары үздік шығуға ұмтылды. Татамиға алғаш шыққанда Іле ауданы басымдылық алды, артынша көрсеткіштер өзгеріп, Талғар ауданы 3:1 ұпай санымен басымдылыққа ие болды. Спортта бір қадам барлығын шешетіні анық. Қос құраманың барлық мүшесі татамиде өнер көрсетіп болған соң ұпай саны 3:3-ті құрады. Жеңімпазды анықтау үшін, жеребие әдісімен екі команданың спортшысы қайтадан кілемнен табылды. Соңғы сәтте Іле ауданы жеңісті қолдан жұлып алды. Солайша, олар кубог иесі атанды. Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орын Іле, екінші орын Талғар, үшінші орын Алакөл мен Талдықорған командаларының еншісінде кетті.
«Талғар ауданынан 3:1 есебімен жеңіліп келе жаттық. Шешуші сәт маған түсті. Іле ауданының намысын қолдан бермеу үшін барымды салдым.Талғарлық команда бар жағынан мықты дайындалып келген. Соңына келгенде техникалық жағынан басым түстім, осылайша алтын медальға қол жеткізіп отырмыз»,-деді дзюдодан Іле ауданының құрама мүшесі Нұржан Алибай.
Қалған екі спорт түрінен, нақтыласақ еркін күрестен алтын медаль Қарасай ауданына, екінші орын Жамбыл ауданы, қола жүлде Кербұлақ және Еңбекшіқазақ аудандарына бұйырды.
Таеквандо бойынша да Қарсайлық спортшылар басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Іле ауданы иеленсе, үздік үштікті Талғар ауданы мен Талдықорған қаласы түйіндеді.
Осылайша, «Жетісу кубогы» олимпиадалық спорт түрлері бойынша өз иелерін тауып, саңлақтар самғады.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

Оқылды 1549 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет