Жұма, 24 Маусым 2022 11:04

Майдангер ұстазды еске алды

Таутүрген ауылындағы негізгі орта мектепте ҰОС-ның арадагері,  1945 жылы Москвадағы Қызыл алаңдағы Ұлы жеңіс парадына қатысып, мотоциклмен  өткен  жалғыз қазақ  майдангері, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі, ауданымыздың Құрметті  азаматы  Сәрсен Әбдіхалықовтың туғанына 100 жыл толуына арналған спорттық іс-шара өтті.

ҰОС-ның ардагері Сәрсен Әбдіхалықов Таутүрген ауылында қырық жыл ұстаздық қызмет атқарып, ұжымшардағы еңбеккерлердің, малшылардың балаларын оқытты. Таутүрген мектебінде жиырма бес жылдай мектеп директоры болып, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп еңбек сіңіріпті. Тіпті, 1965 жылы Таутүрген ауылында қазіргі екі қабаттан тұратын мектептің бой көтеруіне тікелей мұрындық болыпты. Міне жарты ғасырдан астам уақыт өткенде өзі қабырғасын қалаған білім ордасында ардагер ұстазды еске алу шарасы өтіп отыр. Аталған спорттық шараға Түрген ауылдық округіндегі Д.Қонаев атындығы, М.Ломоносов атындағы және  Таутүрген негізгі орта мектебінің оқушылары шағын футбол  және туристік кедергілдерден өту бойынша сайысқа түссе, аталған мектеп мұғалімдері жағажай волейболынан бақ сынады. Жарысқа қатысушылар көпке тартысты ойын көрсетуге, бар қарым-қабілетін әйгілеуге тырысты. Жарыс  қорытындысы бойынша, Д.Қонаев атындығы орта мектеп оқушылары І орынды, М.Ломоносов атындағы ІІ орынды, ал Таутүрген негізгі орта мектебі ІІІ орынды иеленді. Додада топ жарғандар арнайы медальдармен марапатталып, еске алу турнирінің кубогі Д.Қонаев атындығы орта мектепке табысталды.

Спорттық бәсекеден кейін Сәрсен Әбдіхалықов рухына бағышталып құран оқылып, ас берілді. Ардагердің көзін көргендер ол кісінің  адамгершілік асыл қасиетін сөз етісті. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Мұқағали» журналының бас редакторы  Батық Мәжит өмірге келгеніне ғасыр толған тұлғаның өнегелі істеріне тоқталды:

– Ол кісі Таутүргеннің тау тұлғасы  бола білді. Ғұмыр бойы өзінің туған топырағына игілікті іс атқарды. Бүгінгі жас ұрпақ ардагердің елеулі еңбегін әсте ұмытпауы керек, – деді қаламгер. Шара соңында ардагердің ұлы, белгілі журналист Марат Әбдіхалықов еске алу турнирін ұйымдастырған Таутүрген  негізгі орта мектебінің ұжымы мен қатысушыларға алғыс айтты.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 3588 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет