Жексенбі, 21 Тамыз 2022 23:45

Төккен тердің төлеуі бар

Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың  «16 жасар чемпион» атты шығармасы ерінбей еңбек еткен жанның әрқашанда көздеген мақсатқа жететінін, арманның алып шыңын бағындыру үшін қиындыққа бүгілмеу керегін сөз етеді. Айтулы шығарманың кейіпкелері бүгінде арамызда бар десек, ағат айтпаспыз. Айтар сөзімізге Бәйтерек ауылындағы «AIBYN FC» жекпе-жек спорт клубындағы  жас өрендердің жетістіктері дәлел.

Көктемде Абу-Даби қаласында аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында ауданымыздың жас спортшысы Аяулым Ұлан ел намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынмен оралған еді. Жат жерден елге жеңіс арқалап жеткен Аяулымды Алматы әуежайында аудан жұртшылығы бөркін аспанға атып, қошеметпен қарсы алғаны есімізде. Аяулымның есімі «AIBYN FC» клубымен тікелей байланысты. Өйткені аудан есімін айдай әлемге әйгілеген спортшы қыз осы «AIBYN FC» клубының алғашқы түлектерінің бірі болатын. «Ол өте қажырлы. Жаттығудан ешқашан кешікпейтін әрі өте мұқият болатын. Сен күндердің күнінде чемпион боласың деп сенім білдіретінмін. Ол үмітімізді ақтады. Алда тағы талай әлемдік додаларда топ жарады деген ойдамын», – дейді Аяулымның бапкері «AIBYN FC»  жекпе-жек спорт клубының жетекшісі Төлеген Адыкенов.

2017 жылы құрылған «AIBYN FC» жекпе-жек спорт клубында бүгінде 6-17 жас аралығындағы 30-дан астам жасөспірім жаттығады. Қарапайым ғана жертөледегі өрендердің машақатты машығынан ертеңге деген өр сенім көрдік. Олардың дені бұғанасы қатпастан қатері мол, тартысты спорт түріне белсене бел байлап келгендей. Балалардың басым бөлігі чемпион боламыз деп жалындап тұр. Тіпті бабы келген балдырғандардың алды ел чемпионы атанып үлгеріпті. Мамыр айында Іле ауданында өткен ұлттық жекпе-жек сайысына ауданымыз атынан сынға түскен «AIBYN FC» клубының жас жауынгерлері де жеңіс тұғырынан көрінді. Айталық, 46 кг салмақ дәрежесінде Төлеген Талғатұлы чемпион атанса, 43 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айбын Тұрсын қарсыластарын қоғадай жапырып, аталған доданың бас жүлдесін иеленіпті. Сонымен қоса, Айбын Тұрсын жекпе-жек түрінен Еуразия және әлем чемпионы атанған. Олар  бүгінде «AIBYN FC»  жекпе-жек спорт клубының үкілеген үіміті саналады. Мұнан өзге де «AIBYN FC»  жекпе-жек спорт клубындағы Арман Уәлихан, Елдос Егінбаев сынды өрендер облыстық және республикалық додаларда сан мәрте топ жарған. Олардың барлығы болашақта әлемдік деңгейдегі жекпе-жек шебері болуды армандайды.

Жекпе-жек спорт клубының жетекшісі Төлеген Адыкеновтың жас шәкірттеріне қатаң талап қоятындығын байқадық. Білікті бапкер жаттығудың әліппесін бастаған балдырғандарға спортшы болу үшін алдымен сабақты жақсы оқу, ата-ананы құрметтеу, жалған сөйлемеу керек деген адами қағидаларды жиі айтады.

– Осы күнге дейін ешкімінен қаржылық қолдау күтпей, жертөледегі шағын ғана жаттығу залымызда түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындалдық. Соған қарамастан жетістіктерге жетіп келеміз. Алда қолдау болса бұдан да биік белестерді бағындырамыз деген ойдамын. Осыған дейін түрлі додаларда қолдау көрсетіп келе жатқан облыстық жекпе-жек федерациясының аға жатықтырушысы Нұрлан Аманқұловқа  алғысымыз шексіз! – дейді  клуб жетекшісі Төлеген Адыкенов.

Жаттығу залында шелектеп тер төккен жас шәкірттер аса көрнекті мемелекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110  жылдығына арналған халықаралық турнирге дайындалып жатыр. Төккен тердің төлеуі болатыны сөзсіз. Біз де жеткіншек жекпе-жек шеберлері жеңіс тұғырынан көрінсін дедік.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 4599 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет