Дүйсенбі, 04 Шілде 2022 14:48

Велошеру елордаға бет алды

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толады. Осынау айтулы мерекеге орай, ауқымды шаралар қолға алынды. Солардың бірі, ҰҚК Авиациялық қызмет басқармасының салауатты өмір салтын ұстанатын әскери қызметшілері өз бастамаларымен Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша велошеру ұйымдастырды.

Аталған мерекелік марафонға ҰҚК Авиациялық басқармасының подполковник Талғат Халитов бастаған бірнеше әскери қызметші қатысуда. Қуанарлығы сол, олардың қатарында шекарашы офицер де бар. Велошабандоздар елордаға дейінгі 1200-ден астам шақырымды басып өтуге тиіс. Бұл үшін марафоншылар Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Ақмола облыстарының елдімекендерінен өтетін болады.

- Жасырмаймын, он бір күнге созылатын сапарымызды жеңіл деп айта алмаймын, - дейді топ басшысы подполковник Т.Халитов бізге берген сұхбатында. Дегенмен, біз алдан кездескен кез келген қиындықты еңсереміз деп ойлаймыз. Өйткені, ең алдымен біз еліміздің тыныштығына жауап беретін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдық төл мерекесін ұлықтауды мақсат тұттық. Сондай-ақ, еліміздің ертеңі саналатын өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

1-11 шілде аралығында өтетін веломарафонға Талғат Болатұлымен бірге қатысуға тілек бірдірген подполковник Дәурен Бұхаров, капитандар Дәулет Мәмбеталиев, Қанат Қайрат және ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлімше бастығы майор Абай Сапаровтар бүгінгі маңызды сапарға мұқият дайындалыпты.

Бұл туралы офицер Т.Халитов былай дейді:

- Мұндай велошеруге 2015 жылдан бері үзбей қатысып келемін. Алайда, алыс сапарға тұңғыш рет шығуым. Алдымен өзім секілді велоспортпен үзбей айналысып келе жатқан әріптестеріммен ақылдасып алған соң жоғары басшылыққа ұсыныспен шықтық. Басшыларымыз біздің ойымызды құптаған соң, бірге жолға дайындығымызды бастап кеттік. Қатарымызда шекарашы офицер бар. Негізінен мен Абайдың велоспортпен ғана емес, 40 шақырымдық қашықтыққа арналған марафонға да үзбей қатысып келе жатқанын білемін. Сондықтан, шекарашы әріптесіміздің қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымын.

...Маңызды миссия арқалаған велошабандоздарды алыс жолға аталған басқарма басшысы полковник А.Кузнецов бастаған жеке құрам ақ жол тілеп, шығарып салды. Бұдан әрі марафоншылар Боралдай-Комсомол елдімекендерінің арасындағы 15 шақырымдық жерді ҰҚК Әскери полициясы қызметкерлерімен бірге басып өтті.

Алда спортшыларды Жамбыл ауданының Қаншеңгел ауылына дейінгі 160 шақырым күтіп тұр. Мұнан кейін Ақсүйек, Үлкен, Сарышаған, Гүлшат, Балқаш, Ақшатау, Ақсу-Аюлы секілді елдімекендерден өткен марафоншыларымыз 9 шілде күні кешкі сағат 19.00-де Қарағанды қаласына жетіп тоқтайды. Әрі қарай Қарағанды мен Ақмола облыстарының шекарасында тұрған Вишневканы кесіп өткен соң, ҰҚК Туын желбіретіп, Нұр-Сұлтан қаласына жетеді. Мұнда арасында ҰҚК Шекара қызметінің офицері бар әскери қызметшілерді елорданың төрінде өтетін мерекелік рәсім күтіп тұр.   

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, 

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.  

Оқылды 5350 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Облыстық доп додасы Төккен тердің төлеуі бар »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет